Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram және Facebook қолданушыларын жыныстық бопсалаудан қорғау үшін жалаңаш фотосуреттерін жіберуді сұраған

Meta компаниясы іске қосқан жыныстық бопсалауға қарсы платформа британдық Revenge Porn Helpline сенім телефоны арқылы іске қосылған. StopNCII.org сайтына бүкіл әлем бойынша 50-ден астам үкіметтік емес ұйымдар қолдау көрсетті, делінген Марк Цукерберг компаниясының сайтында. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мета

NCII сөзінің мағынасы "ғаламторда интимдік суреттерді келімсіз бөлісу" дегенді береді. Meta өздерінің жалаңаш суреттерін жариялауы мүмкін ескі достары бар немесе кек сақтаған таныстары бар қолданушыларды фотосуреттер мен бейнелерін жіберуге шақырды.

Файлдар сандық саусақ ізіне (хэш) түрлендіріледі және егер олар Facebook немесе Instagram беттерінде пайда болса, жүйе оларды бірден қадағалап, көзін жояды.



Meta пайдаланушылардан алынған жалаңаш кадрлар еш жерде жүктелмейтініне сендірді. Хэштеу операциясы қайта қалпына келмейді – хэш арқылы файлдың бастапқы мазмұнын бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес.

Жыныстық бопсалаудан қорғану үшін өз фотоларын тек 18 жастан асқан тұлғалар ғана жібере алады.

Талқылау