Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram лүпілдерді көрсетпейтін болды

Instagram лүпілдерді көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TechCrunch басылымына сілтеме жасап. 

Алты мемлекетте желі қолданушылары Instagram парақшаларындағы лүпілдерді көре алмай қалған. Енді жеке парақшалар бір-бірінің қалдықтарын қолданбайтын болады. 

Жаңашылдық Австралия, Бразилия, Италия, Ирландия, Жаңа Зеландия және Японияға әсер еткен. Алғашқылардың бірі болып жаңа дизайнды Канада сынақтан өткізді. Лүпіл басу қызметі көктемнен бастап өшірілген. Алайда, канадалық қолданушылар шілденің ортасынан бастап лүпіл баса алатын болды. 

Лүпіл санын басқа адамдардан жасыру туралы жоспар ағымдағы жылдың сәуір айында белгілі болды. Instagram желісінің басты мақсаты юзерлердің назарын лайктарға емес, жазбаларға аударту. 

"Instagram қолданушыларына қысымның аз болуы - бізің үнемі ойлайтынымыз", - дейді өндірушілер. 

Соңғы деректер бойынша Instagram желісінде 1,1 миллиард адам тіркелген. Алайда, ол желі қолданушыларының арасында лүпіл санайтын жарыс алаңына айналып барады. 

Талқылау