Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда некесіз жыныстық қатынасқа түсуге және діннен бас тартуға тыйым салынды

Индонезия парламенті жұптарға үйленбей тұрып жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Жаңа заң бұл – қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер. Заңды күшіне тек үш жылдан кейін енеді және бұдан бөлек президентті балағаттауға, діннен бас тартуға, мемлекеттік идеологияға қарсы шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

неке

Құқық қорғаушылардың сөзінше, аталған заң жобасы азаматтардың құқығын шектейді. Сондықтан оар Джакарта қаласындағы парламент ғимаратының алдында шағын митинг өткізген. 

"Үкімет адамдардың азаматтық құқығын, экономика мен мәдениетті дамытуға зейін қоюы керек, сондықтан осыған байланысты заң жобасын қабылдау керек. Мұның орнына олар демократияға жат, өмірімізді бақылайтын және қоғамдық қызығушылықты қорғамайтын заң жобасын енгізді", – деді наразылардың бірі. 

Кодексте "әдепке" қатысты бірнеше заң бар. Ал некесіз бірге тұру мен жыныстық қатынасқа түсуге қатысты тыйым ел азаматтары мен шетелдіктерге де қатысты. 

Некесіз жыныстық қатынас үшін 9 айға дейін түрмеге қамалады және бұл турады полицияға әйелі не күйеуі хабарлай алады. Ал үйленбей бірге тұрғандар жайлы ата-анасы мәлімдей алады. 

Сонымен қатар дінге қатысты жаңа 6 заң енгізілген. Оның ішінде діннен бас тартуға тыйым салынады. Бұдан бөлек президентті балағаттау, ұлттық идеологияға қайшы келетін пікір білдіру де заңсыз әрекеттер қатарына қосылды. 

Дегенмен депутаттар кодекске сөз бостандығын және ереуілдерді қорғау туралы баптарды қосқанын мәлімдеген.

Human Rights Watch ұйымы заң жобасын адам құқығы саласындағы ең қатерлі жағдай деп бағалады. Ұйымның Азия бойынша басшысы Элейн Пирсон мұндай заңды қабылдау мемлекет үшін үлкен қателік болғанын мәлімдеді. Ал Фил Робертсонның сөзінше, аталған кодекс елдегі турзим саласына айтарлықтай зиян келтіреді. 

"Қазір мен Балиде конференцияға қатысып жатырмын және қонақ үйдегі адамдар бұл мәселегі қатысты алаңдаулы. Меніңше, халықаралық бизнес қауымдастығында қорқыныш бар секілді және Индонезияға құйылатын халықаралық инвестицияларға әсер етеді", – деді ол.

Талқылау