Indigo-24 Evolution қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында Indigo-24 Evolution қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен 12 адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының полициясының мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 1,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Полицейлер азаматтардан қырағы болуды және күмәнді уәделерге сенбеуді сұрайды.

Іс бойынша өңірде 1,5 мыңнан астам жәбірленуші арыз жазған. Күдіктілерді ұстау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді.

"Күдіктілер анықталып, іздеріне түстік. Пирамида құрды деп күдікке ілінген Жетісай ауданының тұрғыны, директор Шымкенттен аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында құжаттар, компьютерлер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген полиция хабарламасында.

Кейін қалған күдіктілер ұсталды. Indigo-24 Evolution қаржы пирамидасы 2015 жылы Алматыда құрылған. 

Пирамиданың негізін қалаушылар мен ұйымдастырушылары ретінде ағайындылар ұсталды. Олар адамдардан миллион теңгеден жинап, пайдасымен қайтаруға уәде берген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр