Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Имам екен ғой": Құран оқыған Бейбіт Құшқалиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Құран оқыған әнші Бейбіт Құшқалиев жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің құран оқыған бейнежазбасын Сәкен Майғазиев желідегі парақшасына жүктеген. Бейбіт Құшқалиевтің бұл өнері желідегілерді таңқалдырды. Осылайша ата-баба аруағына құран бағыштаған өнер иелері халықтың ықыласына бөленді.

"Қазақ халқының жолында құрбан болған жандардың жаны жәннатта болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын", - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Жұлдыздардың әрекетіне риза болған жұрт адал ниеттерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

"Қабыл болсын. Дауысы керемет", "Бейбіт балам, айналайын, қандай керемет дауыспен оқып отырсың. Алла разы болсын, қабыл болсын, жастар аман болыңдар", "Әжептәуір имам екен ғой", - деп жазды жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр