Илья Ильин Серік Сәпиевтің қатысуымен болған дауға қатысты пікір білдірді
Ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Зелимхан Мусихановтың арасындағы дауға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зелимхан Мусиханов чемпионмен болған даудан кейін жаттықтырушысымен бірге кешірім сұрап, видео жариялаған еді.
"Жігіттер қателікті мойындап, дер кезінде мұны түзетті", – деп жазды ауыр атлет желідегі парақшасында.
Еске салайық, Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында Серік Сәпиев Зелимхан Мусихановпен жанжалдасқан еді. Видеодан "Север-Юг" командасының мүшесі бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасағанын көруге болады. Бұл боксшыға ұнамай қалған сыңайлы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

