БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Илон Маск: Биыл Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған "қуаттандырғыштар" іске қосылады

Илон Маск биылғы жылы Қазақстанда электромобильдерге арналған қуаттау станциясын ашуға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде Tesla Motors компаниясының басшысынан біздің елде Supercharger қуаттау станцияларының қашан салынатыны сұраған.

Өз кезегінде Илон Маск Қазақстанда Tesla-ға арналған «қуаттандырғыштар» мен қызмет көрсету орталықтары 2019 жылы ашылатынын мәлімдеді. 

Биылғы жылдың наурыз айында компания басшысы Tesla Model Y электромобилінің таныстырылымы кезінде Лондоннан Пекинге дейін Supercharger қуаттау станцияларының желісін құратынын айтқан еді. Сол залда қазақстандықтар да болып, елімізде де станциялар салуды ұсынған тәрізді. Илон Маск: «Қазақстанда бізге деген қолдау жақсы. Ол жақта Supercharger тұрғызамыз деп ойлаймын», - деп жауап берді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр