Іле-Балқаш қорығындағы қамыс өрті 100 гектарға қысқартылып сөндірілді
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Іле-Балқаш қорығы аумағында қамыс өртеніп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Аралдар мен жетуге қиын батпақты, кіреберіс жолдары жоқ жерлерде өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен өрт аумағы 100 гектарға дейін қысқартылды", - делінген хабарламада.
Өрт Бақана орман шаруашылығына қарасты аумақтарға таралып кетпеу үшін шаралар қолданылуда. Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтты.
Табиғи өртті жеделдетіп сөндіруге "Қазавиаспа" тікұшағы жұмылдырылды. Ол қазірдің өзінде 20 тоннадан астам су шашып үлгерді. Өртті сөндіруге 70 адам 34 техника жұмылдырылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген