"Өнері естен тандырады": Майкл Джексонның биін билеген Димаш жұртты тамсандарды (видео)

Жаңа туындысының әуеніне Майкл Джексонның биін билеген Димаш Құдайберген жұртты таң-тамаша етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Give me your love" атта жаңа туындысын тыңдарман қауымға ұсынған өнер иесі youtube арнасына кәсіби бишілермен әуенге ілесе билегенін салды. Димаштың тағы бір қырына қанық болған жұрт, әншіні сегіз қырлы, бір сырлы деп мақтады. Пікір қалдырғандардың ішінде әншіге "Димаш Джексон" деп ат бергендер де болды.

"Өнері естен тандырады", "Қандай әдемі би. Саған жарасады. Бұл да үлкен еңбектің арқасы", "Тамаша. Димаш - сен өте таланттысың", Димаштың биге икемі бар екенін де көрдік", "Димаш Джексон", "Димаштың өнеріне қол соққаннан басқа, ештеңе істей алмайсың", - деп таңданыстарын жеткізді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр