Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ІІМ: Митингте жайдан-жай ұсталғандар болған жоқ

Митинг кезінде көшеде жайдан-жай кетіп бара жатқан адамдар ұсталған жоқ. Бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

ІІМ мәліметінше, тыйым салынған ҚДТ ұйымының үндеуі бойынша еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастырылған.

Хабарланғандай, 9 маусымда екі қалада 500 адам, 10 маусымда 200-ге жуық адам ұсталған. Олардың дені әкімшілік жауапқа тартылды. 

«Олар рұқсат етілмеген митинг өткізіп жатқан кезде ұсталды. Тәртіп сақшыларына белсенді түрде қарсыласқаны, Қазақстанның митинг өткізу туралы заңын бұзғаны үшін тұтқындалды», - дейді Қожаев.  

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ішкі істер министрлігі митинг кезінде 700-дей адамның ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр