БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ІІМ митингілерге қатысты: Тоқаевтың тапсырмасымен полицейлер ешкімге күш көрсетпей, ұстамдылық танытты

ІІМ Қасым-Жомарт Тоқаев пен министрдің тапсырмасымен  полиция қызметкерлерінің заңсыз митингіге шыққандарды ұстау барысында ұстамдылық танытқанын және рұқсат етілмеген наразылықтарды белсенді түрде тоқтатуға арнайы құралдарды пайдаланбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Zakon.kz

"Халықтың жекелеген бөлігі бұл жойғыш әрекеттерге (ҚДТ экстремистік ұйымы) қатысып, митингке барды. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ішкі істер органдарының күштері арқылы бұл әрекеттер тоқтатылды. Сонымен бірге ел басшылығы мен министрліктің өтініші бойынша, ішкі істер органдарының қызметкерлері осы рұқсат етілмеген жиналыстарға белсенді қатысушыларды ұстауда ұстамды болды. Қызметкерлер осы әрекеттерге қатысушылар тарапынан арандату әрекеттеріне қарсы тұрды", - деді үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Оның сөзінше, сайлау күні ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің шамамен 20 мың адамы елдегі тәртіпті қамтамасыз етті.

"9 903 сайлау учаскелері болды, олардың бірде-біреуінде қоғамдық тәртіпті бұзылған жоқ", - деді Қожаев.

Тыйым салынған ҚДТ экстремистік ұйымының нұсұауымен рұқсат етілмеген митингтер, наразылық акциялары ұйымдастырылды. Іс жүзінде бұл жиындарға қатысушылар тарапынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Адамдар ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың кейбірі әкімшілік жауапқа тартылды, бір бөлігі үйіне жіберілді.

Рұқсат етілмеген жиынға қатысқан 200-ге жуық адам Нұр-Сұлтаннан Ақмола мен Қарағанды ​​облыстарына жеткізілді. Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ішкі істер министрлігі митинг кезінде 700-дей адамның ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр