Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ митинг кезінде қолшатырмен жүрген адамдардың кім екенін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған митингіде қолшатыр ұстаған бөтен адамдар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митинг

Журналистер ішкі істер министріне митинг кезінде өздерінің жұмысына кедергі келтірген бәз біреулерге қатысты сұрақ қойды. 

«Олардың үстінен арыз жазыңыздар. Соған қатысты жұмыс жүргізетін боламыз. Сол күні әрі-бері жүрген бөтен адамдар көп болды. Осының алдында да айтқанмын және бас прокуратура да ескерткен болатын. Рұқсатсыз митинг ұйымдастырғандар әкімшілік жазаға тартылады. Біз қоғамда тыныштықты бұзбауға шақырған едік», – деп жауап берді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін. 

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында болған 6 шілдедегі митингіде 100-ге жуық адам ұсталды. Оның 44-і әкімшілік жазаға тартылса, 19 адам әкімшілік қамауға алынды. Сонымен бірге 23 адамға айыппұл салынып, ал қалғаны жүргізілген әңгімелесуден кейін үйлеріне жіберілді. 

Талқылау