Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ Арыс қаласында 350 адамның із-түзсіз жолғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында 350-ге жуық тұрғынның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ІІМ Арыс қаласында 350 адамның із-түзсіз жолғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін желіде жарылыс салдарынан қалада 350-ден аса адам хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 

Бұл ақпарат жарылыстың бірінші күні жарияланған. Қаланың барлық тұрғындары  эвакуацияланды. Із-түзсіз жоғалғандар жоқ.

"Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан дүрбелеңге салынбауды және расталмаған ақпаратты пайдаланбауды сұрайды. Әсіресе WhatsApp messenger және әлеуметтік желілер арқылы таралған ақпаратқа сенбеуге шақырады", -деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Бұдан басқа, елдің заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша жауапқа тартылады.

Ресми ақпарат жедел штаб арқылы үнемі таратылады.

Еске салайық, Арыс қаласындағы оқиғаларға байланысты шұғыл желі бар. Тәулік бойына қажетті ақпаратты Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінде мына мекенжай бойынша алуға болады: 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66. Түркістан облысы ТЖМ: 8 (7253) 35-83-02; Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті: 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.

 

Талқылау