Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке тренерің, дәрігерің әрі психологың болатын сағат – HUAWEI WATCH GT 5

Huawei компаниясы смартфон сияқты қолдануға болатын, адамның физикалық әрі эмоционал жағдайын бақылайтын HUAWEI WATCH GT 5 смарт сағатын шығарды. Тіпті, онымен бірге суға да түсуге болады. Stan.kz агенттігінің журналисі смарт сағатты бірнеше уақыт қолына тағып, қолданып, оның қызметімен танысып шықты. 

Фото: Stan.kz

Дизайнына қатысты алғашқы әсер 

HUAWEI WATCH GT 5 смарт сағаты қап-қара, жип-жинақы қорабына салынып келді. Бұл сағаттың үш түрлі нұсқада қолжетімді: бауы фторэламтомерден жасалған қара түрі, қоңыр былғарыдан жасалған түрі және өрілген көк баудан жасалған түрі. Менің қолыма қарасы түсті. Түсі қара сағат өте қымбат әрі әдемі көрінеді. Ер адамның да, әйелдің де қолына жараса кетеді. Қара түс классика болғандықтан оны кез келген киіммен үйлестіріп тағуға болады. Бір қарағанда, сағат үлкен әрі ауыр болып көрінеді, дегенмен қателескен екенмін. Себебі сағат жеңіл, жұқа, сол себепті қолға таққанда ыңғайсыз болмады. 

Фото: Stan.kz

Экраны 

Сағаттың экраны смартфондыкі сияқты үлкен болмаса да, сапалы болғаны жөн. Кішкентай құрылғының экраны саусағыңды сезбесе, ығырың шығады. Дегенмен HUAWEI WATCH GT 5 сағатының экраны сезімтал. Оңға, солға, астыға, үстіге тез қозғалады, лезде парақталады. Меніңше, бұған AMOLED экранының қойылғаны себеп болды. Бұл қазір пиксельдерді, әр детальді анық, қанық көрсете алатын, сапалы экран болып саналады. Сағаттың экраны – 1,43 дюйм. Диагоналі – 46 миллиметр. Экраннан смартфоныңа келген хаттарды, жазуларды емін-еркін оқуға болады.

Фото: Stan.kz

Смарт сағаттың негізгі мүмкіндіктері

Смартфоным iPhone болғандықтан, оны сағатқа қоса алмайтын шығармын деп уайымдадым. Дегенмен  HUAWEI WATCH GT 5-тің ұтымды тұсы –  Android және iOS жүйесі бойынша істейтін смартфондарға қосыла беретінінде. Сағаттың бетіне QR-код шықты. Оны смартфон арқылы сканерлеп, пайда болған қолданбаны жүктеп, бес минутта смартфон мен сағатты бір бүтін еттім. Бұл сағат арқылы смартфоныма келген хабарламаларды оқи аламын, қоңырауларды қабылдай аламын. Меніңше, бұл өте ыңғайлы. Мәселен, адам көп болатын автобуста, метрода смартфонға қарағанда қолыңдағы сағаттан хабарламаны оқыған, қоңырауға жауап берген қолайлы. 

Фото: Stan.kz

Айтпақшы, сағаттың смартфонмен байланысы өте жақсы. Смартфоныма келген қоңырау, хабарлама секунд өтпей сағаты ма да келіп тұрды. Оған қоса ол арқылы музыка тыңдай аласыз, ауа райын көре аласыз. Смарт сағаттың экранына түрлі фон қоюға болады. Мен өзіме ұнағанына ауыстырып алдым. 

Фото: Stan.kz

HUAWEI WATCH GT 5 – жеке дәрігерің 

HUAWEI WATCH GT 5 сағаты адамға денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді екен. Мәселен, сағат арқылы жүрегімнің минутына қанша рет соғатынын, терімнің температурасын, қанымдағы оттегі мөлшерін, яғни гемоглабинімді көруге болады. Оған қоса смартфонға Huawei Health қолданбасын көшіріп, ондағы Беде (клевер) бөліміне кіріп, денсаулыққа қатысты мақсаттар мен тапсырмаларды жазып қоюға, кейін соны бақылап отыра аласыз. Осылай, салауатты өмір салтын, пайдалы әрекеттерді әдетке айналдыруға көмектеседі. Сонымен қатар ұйқы режимін дұрыстауға жәрдемдеседі. 

Фото: Stan.kz

HUAWEI WATCH GT 5 – жеке психологың 

HUAWEI WATCH GT 5 сағаты адамның тек физикалық емес, эмоционал жағдайына да мән береді екен. Адам сағатты қолына тағып жүрсе, ол жақтан оның эмоционал күйін, яғни бір қалыпты екенін, көңілді болғанын, ашуланып не күйзеліп тұрғанын көрсетіп береді. Мәселен, менің эмоцинал күйімді бір қалыпты деп көрсетті. Ал күйзеліске қатысты деңгейім 37 болып шықты. Бұл қалыпты көрсеткіш екен, уайымдамауға болады. Ал күйзеліп тұрған адамға жағдайын жақсартуға көмектесетін жаттығуларды дұрыс орындауға жәрдемдеседі. Мәселен, жұмыста форс-мажор болып, қатты ұрыс естідіңіз де, күйзеліске түстіңіз. Сағатыңызға қарайсыз да, медитация жасайсыз. Сағаттан қашан тыныс алып, қай уақытта ауаны сыртқа шығару керегін көре аласыз. 

Фото: Stan.kz

HUAWEI WATCH GT 5 – жеке фитнес-тренерің 

Пандемиядан соң артық салмақ жинап алдым. Оның үстіне, жұмыста күні бойы компьютердің алдында отырамын. Сол себепті кейінгі уақытта денсаулығыма аса мән беріп жүрмін. Кейде фитнес-залға барамын, кейде Тереңқұрдың бойымен жүгіремін, жұмыстан жаяу қайтып, серуендеп, бір күнде қанша қадам жасағанымды бақылап отырамын. Мен сияқты адамдарға және жалпы салауатты өмір салтын құп көретіндерге, белсенді адамдардың қолында HUAWEI WATCH GT 5 сағатының қолында болғаны тиімді. 

HUAWEI WATCH GT 5 сағаты арқылы күніне қанша қадам жасағаныңызды, қанша шақырым жүргеніңізді, қандай биіктікке көтерілгеніңізді, қанша уақыт отырмай, тік тұрғаныңызды, неше калорий тастағаныңызды шығарып береді. Бір норманы белгілеп, сол норманың қаншалық орындағаныңызды да көрсетеді. Оған қоса сағаттың функциясында әртүрлі спорт түрі қарастырылған. Оның бірін белгілеп, жаттығу жасап, қарқыныңызды қадағалап отыруға болады. Мәселен, онда дала не ғимараттың ішінде жүру, жүгіру, велосипед айдау, велотренажердің үстінде жүру, жүзу, шаңғы тебу, тауға шығу, сноуборд және тағы бақса спорт түрімен айналысқанда сағатты тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. 

Фото: Stan.kz

HUAWEI WATCH GT 5 сағатының көмегімен дұрыс тамақтана аласыз. Сағатқа салмағыңыз қанша екенін және қанша салмақ тастағың келетініңізді жазсаңыз, күніне қанша калорий тамақ ішуіңіз керек екенін шығарып береді. Айта кетері, сағатты үш деңгейде қорғаған. Оны тағып алып, 40 метр терең жерге дейінгі суда, бассейнде жүзуге болады. 

 Фото: Stan.kz

HUAWEI WATCH GT 5 - сағат әрі карта

Бұл сағатқа “Маршрут эскизі” қызметі қосылған. Бұл жүгіріп не жүріп өткен жолыңыздың суретін салып, экраныңыздың бетіне бейнелейді. Ол үшін жай ғана картаны басып, қайда жол тартқаныңызды белгілейсіз. Әрі қарай карта өзі салып береді. Бұл күнделікті қайталанатын жаттығуларды, спортты қызығырақ ете түседі. Бұл маршрут картасын 80 елде қолдана аласыз. Жиһанкездерге таптырмас құрылғы дер едім. 

Фото: Stan.kz

Қуаты

Сағаттың қуаты 9-14 күнге жетеді. Сондықтан еш алаңсыз оны ұзақ уақыт қолдана аласыз. Бір аптаға ауылға не басқа елге кетіп қалсаңыз да, уайымсыз жүруге болады. 

Фото: Stan.kz

Қорытындыласақ, HUAWEI WATCH GT 5 бірнеше қызметті қатар орындай алатынымен ерекшелене түсті. Сол себепті оны тек спортшыларға емес, күнделікті өмір салтын бақылап отырғысы келетін барлық адамға қажет сағат дер едік. 

жарнама құқығында

Талқылау