ЖАҚСЫ СЫЙЛЫҚ
ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ
Көктеммен бірге күлімдеп келетін 8 наурыз – арулар мерекесі де жақындап қалды. Демек, аяулы ана, ардақты жар, қаракөз қыздарымызды құттықтау үшін жігіттер қауымының қызу қарбаласқа түсер кезеңі алыс емес. Осы орайда біз ұсынатын кеңестерге көз жүгіртіп, арасынан өзіңізге ұнаған сыйлықты тиімді бағада әрі тапсырыспен үйіңізге алдыртыңыз!
Сен өзің түрлі-түрлі, түрлі екенсің...

Қыздардың өздері де әртүрлі, талғамы да бір басқа. Бірақ бәріне қамқорлықты сезіну ұнайды, бәрі сый-құрметке лайықты. Көктемдей құбылған нәзік жандылардың көңілінен шығу оңай іс емес. Сондықтан ер азаматтарымызды түсінуге болады. Мерекелік қарбаласта анаңызға, әпке-қарындасыңызға, сүйіктіңіз бен құрбыларыңызға сыйлық алып үлгеру керек. Оның үстіне әріптестеріңіз де тағы бар. Бәрінің бірдей не ұнататынын білмей жүрген сізге дүкендердегі у-шу одан әрі кедергі болары анық.

Сол себепті уақытыңызды үнемдеп, сыйлық таңдауда әбігерге түспес үшін Jusan мобильді қосымшасындағы Jusan дүкенін пайдалануға кеңес береміз. Бұл жерде тиімді бағада қажетті сыйлық табарыңыз анық. Ал жалақыңыз кешігіп, қаражат жағынан қысылсаңыз, мұнда сіз тауарды бөліп төлеу арқылы немесе несиеге рәсімдей ала аласыз. Тапсырысыңызды қалаған жеріңізге апаратын жеткізу қызметі де қарастырылған.
Көктеммен бірге күлімдеп келетін 8 наурыз – арулар мерекесі де жақындап қалды. Демек, аяулы ана, ардақты жар, қаракөз қыздарымызды құттықтау үшін жігіттер қауымының қызу қарбаласқа түсер кезеңі алыс емес. Осы орайда біз ұсынатын кеңестерге көз жүгіртіп, арасынан өзіңізге ұнаған сыйлықты тиімді бағада әрі тапсырыспен үйіңізге алдыртыңыз!
Сен өзің түрлі-түрлі, түрлі екенсің...

Қыздардың өздері де әртүрлі, талғамы да басқа. Бірақ бәріне қамқорлықты сезіну ұнайды, бәрі сый-құрметке лайықты. Көктемдей құбылған нәзік жандылардың көңілінен шығу оңай іс емес. Сондықтан ер азаматтарымызды түсінуге болады. Мерекелік қарбаласта анаңызға, әпке-қарындасыңызға, сүйіктіңіз бен құрбыларыңызға сыйлық алып үлгеру керек. Оның үстіне әріптестеріңіз де тағы бар. Бәрінің бірдей не ұнататынын білмей жүрген сізге дүкендердегі у-шу одан әрі кедергі болары анық.

Сол себепті уақытыңызды үнемдеп, сыйлық таңдауда әбігерге түспес үшін Jusan мобильді қосымшасындағы Jusan дүкенін пайдалануға кеңес береміз. Бұл жерде тиімді бағада қажетті сыйлық табарыңыз анық. Ал жалақыңыз кешігіп, қаражат жағынан қысылсаңыз, мұнда сіз тауарды бөліп төлеу арқылы немесе несиеге рәсімдей ала аласыз. Тапсырысыңызды қалаған жеріңізге апаратын жеткізу қызметі де қарастырылған.
Сонымен, қыздардың арасында үлкен сұранысқа ие, әркімнің талғамына сай ең тиімді сыйлықтар тізімін құрастырдық. Арасынан өзіңізге қажеттісін табасыз деген ниеттеміз!

Әркез байланыстағы арулар үшін

Қызғылт түсті Apple iPhone 13, 128Gb смартфоны
Барша қыз-келіншектер бұл мерекеде көптен бері қызығып, армандап жүрген дүниелерін ең жақын жанынан күтеді. Әркез байланыста жүретін жақын жаныңыздың телефонын мерекеде жаңартып беріңіз. Суретке түсуді ұнататын арулар трендтегі iPhone смартфонының камерасына үлкен баға береді. Тіпті осы телефон арқылы табыс тауып жүргендер де жоқ емес. Соңғы үлгісін сыйласаңыз, сұлуыңыздың бақытқа бөленері анық.

Күлгін түсті Samsung Galaxy S21 128Gb смартфоны
Samsung брендін ұнататын арулар үшін мұндай сыйлықтың бағалы болары сөзсіз. Сапалы әрі сәнді жаңа смартфонмен оның жаңа белестерді бағындыратыны анық.

Жасыл түсті Redmi Note 10 4/64Gb
Ұялы телефонмен барлық жұмысын тындырып жүрген қыз-келіншектер үшін Redmi телефоны да жақсы нұсқа. Сапасы мен дизайны ерекше смартфон бүгінде көпшіліктің сұранысына ие. Бәлкім, сіздің сүйіктіңіз де бұл смартфонға қызығып жүрген болар. Оны мейрамда дәл осындай сыйлықпен неге қуантпасқа?!

Үй шаруасынан жалықпайтын нәзік жандар үшін

Әйел адам үшін әрқашан отбасы бірінші орында тұрады. Сондықтан үйге қажетті техникалық заттарға ерлерге қарағанда бірінші қызығушылық танытады. "Гүлді неге алдың, бәрібір солып қалады" дейтін жандар үшін мұндай сыйлық бір кәдесіне міндетті түрде жарайды.

Ас үйге арналған Thermomix TM6 комбайны
Анаңыздың немесе сүйіктіңіздің дәмді тағам дайындай алатын өнері бар болса, бұл сыйлық оны шабыттандырары анық. Түрлі тәтті-дәмділерді дайындауда өте ыңғайлы комбайн біраз істі жеңілдетеді. Ал мұндай таптырмас затқа ие болған ару сізді де алдағы уақытта түрлі тәттілермен қуантады.

Samsung VR10M7010UW шаңсорғышы
Әйелдер шаруасын жеңілдететін құрылғыларға үлкен қызығушылық танытады. Жұбайыңыздың жұмысқа да, үй шаруасына да, бала тәрбиесіне де қарауға уақыт табуы үлкен ерлік. Осындай техника арқылы үй шаруасын жеңілдетіп, оның өзін дамытуына уақыт тауып бере аласыз. Бұл оған ұнайтын керемет сыйлық болатыны сөзсіз.

Smeg тостері
Таңғы астың адам ағзасы үшін қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Ал тостердің көмегімен пайдалы да дәмді таңғы ас дайындап, кезекті жұмыс күнін сергек көңіл-күймен бастауға себепші болыңыз.

Сұлулыққа жаны құмар кербездер үшін

Шаш бұйралағыш Philips
Қыздардың табиғаты мың құбылады. Әсіресе шашқа келгенде аруларымыз эксперимент жасағанды жаны сүйеді. Сәнге құмар бұрымдыңызға бұл зат міндетті түрде керек болады.

Dyson фені
Бұл құрылғы трендке шыққалы бері көптеген бұрымдылардың арманына айналып үлгерді. Шаштың құрылымын сақтай отырып, мұқият кептіруге және сән салонындағыдай әрлендіруге мүмкіндік сыйлайтын Dyson жібектей шаштың серігі болары анық.

Бет тазалағыш құрылғылар жинағы
Әдемілікті жаны сүйетін арулар үшін бет күтімі қашанда маңызды. Пайдалы сый жасаймын десеңіз, бұл құрылғы жақсы нұсқа бола алады. Бет күтіміне қажетті жинақ арқылы сұлуыңыз ажарлана түседі.

Хош иісті жаны сүйетіндер үшін

Byredo Bal D’Afrique әтірі
Қыздарды гүлге бекер теңемесе керек. Олардың сұлулыққа жаны құмар, ал хош иісті ерекше бағалайды. Сондықтан жаңа иіссу мереке қарсаңында тамаша сыйлық болады.

CHANEL Chance әтірі
Бұл парфюм көпшіліктің көңілінен шыққан. Сондықтан Chanel өнімінен мұндай әтірді сыйлыққа алған арудың қуанбауы мүмкін емес.

MOLECULES ESCENTRIC әтірі
Арулардың әтірді жыл мезгілдеріне байланысты таңдайтынын ескеріңіз. Мәселен, дәл осы иіссу көктем мезгілінде келіп жеткен мейрамда сыйлауға тұрарлық.

Іскер ханымдарға

MacBook Air 13 ноутбугі
Іскер ханымдарды қуантатын бұдан асқан сыйлық болмас. Себебі трендтен шықпайтын Apple ноутбугінің функциялары олардың ісін жеңілдетіп, шаруасын тез арада ыңғайлауға мүмкіндік береді. Оның үстіне басқаларына қарағанда бұл құрылғыны өзімен бірге алып жүру де қолайлы.

Moleskine Daisy блокноты
Жаңа бастама әрқашан көптеген тәуекелдер мен шешімдерден тұрады. Бастысы – дұрыс жоспар құра білу. Іскер ханымдар қойын дәптерді бір ісіне жарататыны анық. Сондықтан арман-мақсаттарын қағаз бетіне түсіріп, жаңа бастамаға бағыт беретін жоспарлар жазуға арналған блокнот қажетті сыйлық бола алады.

Apple iPad Air планшеті
Мұндай ыңғайлы техника нәзік жандар үшін әрқашан қажет. Шығармашылықта да, даму бағытында да планшеттің көмегі көлдей. Пайдалы сый тарту еткіңіз келсе, осындай техникамен аруыңызды бір қуантыңыз.

Белсенді арулар үшін

Xiaomi MiJia Smart Electric Scooter Pro M365 самокаты
Күн жылынса, қала тұрғындары жұмысқа қоғамдық көліктен гөрі ыңғайлы әрі экологияға зияны жоқ электронды самокаттармен қатынауды жөн көреді. Ал әрқашан қозғалыста жүретін бикешке бұл таптырмас сыйлық екенін ұмытпаңыз.

Nike кросовкалары
Бұл кросовкалар жоғары қарқынды жаттығулар немесе жүгіру секілді жылдам спорт түрлеріне арналған. Жұмсақ әрі ыңғайлы табаны спорт сүйер жанға өзін жайлы сезінуге көмектеседі.

Йогаға арналған төсеніш
Көктемнен соң көп күттірмей жаз да келеді. Жан, ой мен денені бір арнаға біріктіріп, дене пішіміне ғана емес, қалыпты көңіл- күйі мен эмоционалды жағдайына да көбірек көңіл бөлетін аруларды бұл сыйлық қуантары сөзсіз.
Әлемді күн секілді нұрға бөлеген нәзік жандылар өмірдегі барлық жақсыға лайықты. Шын көңілмен қуантамын деген жан әрқашанда қателеспей ең керегін сыйлайды. Ал мерекеде сый-сыяпат іздеп, әуреге түспес үшін дайындыққа Jusan дүкенімен бірге бүгіннен бастап кірісіп, уақытыңызды үнемдеңіз, сыйлыққа тапсырыс беріңіз де, мереке күнін уайымсыз күтіңіз!
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.