Хот-догты ауыстырып беруін сұраған: Ақтауда дәмхана басшысы құқығын талап еткен тұрғынды шашынан сүйреп күш көрсеткен
Ақтауда дәмхана басшысы құқығын талап еткен тұрғынды шашынан сүйреп қуып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ақтаулық дәмханада “хот-догтың ішінен шаш табылды, басқасына ауыстырып бер” деген әйелге кәсіпкер анасымен бірге жабылып, күш көрсетіпті. Қазір полиция күдіктіні қамап, тергеуді бастады.
Бала-шағасымен 600 теңгелік хот-дог жеуге барған келіншек шыр-пыр болып, айналадағы адамдардан көмек сұраған. Барлық жайтты видеоға түсіріп алған әйел дәмхана басшылығы санитарлық талапты сақтаудың орнына өзін қорқытып, ұрып-соғып шығарып салғанын айтты. Сөзінше, кәсіпкер "біреудің тапсырмасымен келіп, күйе жағып отырсың" деп айыптаған.
Осы шудан кейін тамақтанатын орын уақытша жабылып, тергеу басталды. Соттың санкциясымен тұтынушысын балағаттап, зәбір көрсеткен азамат 2 айға қамауға алынды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі