Хоккейден АҚШ құрамасы әлем чемпионатында 92 жылдан кейін жеңімпаз атанды
Фото: Eurasia Sport Images / Getty Images Sport
АҚШ хоккей құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 92 жылдан кейін алғаш рет алтын медальға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
25 мамыр күні Стокгольмде өткен финалда америкалықтар Швейцария құрамасын овертаймда 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс шайбасын 63-минутта "Баффало Сейбрз" командасының ойыншысы Тейдж Томпсон соқты.
Ойын өте шиеленісті өтті. Екі команданың да белсенді әрекеттеріне қарамастан негізгі уақытта гол соғылмады. АҚШ қақпашысы Джереми Суэйман ("Бостон Брюинз") өз қақпасына бағытталған 25 соққының бәрін қайтарып, командасына "құрғақ" жеңіс сыйлады.
Бұл жеңіс АҚШ құрамасы үшін ерекше маңызға ие болды. Себебі олар 1960 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионатын жеңіп отыр. Команда бұл жеңісті былтыр қайғылы жағдайда қаза тапқан әйгілі америкалық хоккейші Джонни Годроның рухына арнады. Оның №13 жейдесі турнир бойы құраманың киіну бөлмесінде тұрды және жеңіс тойлау кезінде чемпиондық трофейді жапты.
Ал үшінші орын үшін матчта Швеция құрамасы Данияны 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

