Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран шахматшысы Қазақстандағы жарыста неге орамалсыз шыққанын түсіндірді

2022 жылдың желтоқсанында Алматыдағы жылдам шахмат пен блицтен әлем чемпионатында хиджабсыз шыққан 25 жастағы Сара Хадемнің әрекеті Иранда жанжал тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тhe New Indian Express басылымына сілтеме жасап.

иран шахматшысы

Әйелдерді орамал тағуға міндеттейтін Иран билігі спортшыдан бас тартты. Турнирге қатысқаннан кейін шахматшы не себепті орамалсыз шыққанын түсіндірді.

Хадем тек Иран атынан қатысса ғана хиджаб киетінін айтты.

"Бірақ хиджабпен өзімді нашар сезінемін, өз-өзіме келе алмаймын. Сол себепті оны енді кимеуді шештім", – деді ол.

Хадем оның Ирандағы туыстары ол қоныс аударғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырамайды деп үміттенеді.

Оның айтуынша, ол ұлы дүниеге келгеннен кейін шетелге көшу туралы ойлана бастаған.

"Сэм алаңсыз сыртқа шығып, біз туралы ойламай ойнай алатын қоғамда өмір сүргенін қалаймын. Сол үшін ең қолайлылысы Испания деп шештік", – деді ол.

Ирандық спортшылар дресс-кодты ұстануға міндетті, негізінен халықаралық жарыстарда өз елдерінің атынан шыққан кезде шаштарын көрсетпейді.

Естеріңізге салсақ, желтоқсанда Алматыда өткен шахмат жарысында хиджабсыз шыққан Сара Хадем сынның астына қалды. Кейін ол еліне қайтудан сескеніп, Испанияға қоныс аударатыны белгілі болды. Ол Алматыда жүрген кезде оған қоқан-лоқы көрсетілгені хабарланып, қазақстандық полицейлер күзеткен еді.

Талқылау