“Хейтері жоқ жалғыз әнші”: Түнтеков арабша стильдегі әніне клип ұсынды (видео)

Қайрат Түнтеков тыңдармандарына берген уәдесін орындады. Әнші арабша стильдегі әнге бейнебаян түсіріп, халыққа ұсынды. Қайрат мұндай сыйды өзінің туған күні қарсаңында жасауды құп көрген, деп жазады Stan.kz.

Кезінде Super Star жобасы арқылы танылған Түнтековтің сахнада жүргеніне 15 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында түрлі жобаларда бой көрсеткен әнші 6 жылдай көрермен көзінен тасада болды. Атышулы жол апатынан кейін өнерден қол үзді. Әйткенмен, тыңдарманы Қайратты еш ұмытқан емес. Әрдайым оның аман-саулығы мен сахнаға қайта оралуын тілеген жұрттың дегені ақыры орындалды. Соңғы екі жылдан бері әнші бірнеше бейнебаян түсіріп, I am a Singer жобасына қатысып үлгерді.

Баяғы Түнтеков сол Түнтеков. “Супер стар” кезінде араб тілінде бірнеше ән орындап, көзге түскен Қайрат 2018 жылы қазақ тілінде алайда арабша стильде жазылған әнін ұсынды. Міне, бүгін дәл осы “Осы толқында” әніне түсірілген бейнебаянын елге ұсынып отыр. Айта кетейік, аталған тректе араб тіліндегі бір шумақты Қайратқа сириялық жігіт тегін жазып берген.

Тыңдармандар Қайраттың жаңа жұмысын оңды бағалап, оған “шоу-бизнестегі хейтері жоқ жалғыз әнші” деп баға берді. Естеріңізге сала кетсек, 14 ақпан күні Қайрат Түнтеков 33 жасқа толды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр