Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хат жазып қалдырған: Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған

Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Факт суицид ретінде тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хат жазып қалдырған: Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған

Алматы облыстық полициясына суицид туралы хабарлама 30 сәуірде түскен. 
9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсапты. Полиция мәліметінше, ол өз үйінің ауласында асылып қалған. Оқушы өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырыпты. 

Факт суицид ретінде тіркелді. Оқиғаға қатысты ювеналдық полиция қызметкерлері тексеріс жүргізеді. 
 

Талқылау