Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ханшайым болып өмір сүресің деді": Сәдуақасова күйеуінің өзіне берген уәдесін айтты

Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шығар алдында өзіне қандай уәде бергенін көпшілікке жария етті. Айтуынша, жолдасы Олжас сүйіктісін бақытты ету үшін барын салған. 

Мәдина алғаш келін болып түскен күні түскен суретін жариялады. 

"Маған бәрібір, сенімен бірге бақытта болатынымды білемін. Болды. Бақытты қылу үшін бәрін жасаймын дегені мені сендірген еді. Шынында "Королева болып жүресің" деді. Айтқанындай сол тәжімді әлі шешпей жүрмін. Олжастың үйіндегі бірінші күн", - деді әнші. 

Желі қолданушылары ғашықтарға бақыт тілеп, ақ жарма тілегін арнады.

"Мадинаш, танымай қалдық қой. Әдемі келіншек болып отырсың.. Жарасып ақ тұр", "Жұптарың жазылмасын. Бақытты болың", "Келін болған жарасады", "Түу менің жерлесім қандай сұлу келін, Алла жар болсын", "Уәдесін орындаса болғаны, барлық жігіт олай серт бере бермейді"- деп жазды желідегілер. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр