Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хан Шатырда" 8 жасар қыз суға батып кетті: Мектеп директоры марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады

Білім және ғылым  министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназияның мектеп жанындағы лагерь қызметін жоспардан тыс тексерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлікке 3 маусымда «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығындағы жасанды жағажайда суға  батып кеткен №10 мектеп-гимназия оқушысының әкесінен өтініш түскен. Аталған жағдайға байланысты барлық мәселенің қарастырылуы білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында болып табылады. Осыған байланысты, 9-10 шілде аралығында министрліктің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті елордадағы №10 мектеп-гимназия жанындағы лагерь қызметін тексерді.

Министрліктегілердің сөзінше, аталған дерек бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған. Қалалық полиция мектеп жанындағы лагерьдің қызметіне қатысты материалдың бәрін тексеруге алды. 

Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша және мектеп-гимназия директорының БАҚ-қа дұрыс мәлімет бермеу дерегін есепке алғанда, аталған жауапты тұлға мен сынып жетекшіге қатысты сот арқылы әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінде мектеп директоры марқұм қыздың ата-анасының наразылығын тудырған сұхбаты үшін ресми түрде кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ойын-сауық орталығында қыз бала бассейнге батып кетті. Ол №10 мектепте 1-сыныпты тәмамдаған. Көпбалалы отбасының тұңғышы болған

Талқылау