Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хан сарайындай: Қызылорда облысында әкімдер зәулім үйлерде тұрып жатыр

Еліміздегі қарапайым халық үшін ең түйінді мәселе баспана жайы болып тұрғанда, Қызылорда облысындағы әкімдер зәулім, көрсең көз тартарлық қызметтік үйлерде тұрып жатыр. Аудан әкімдерінің өздері жанға жайлы, кейбірі жан-жағы жасыл желек ғимараттарға қоныстанған. 

Хан сарайындай: Қызылорда облысында әкімдер зәулім үйлерде тұрып жатыр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Жан-жағындағы жұтаңдау келген қарапайым жандардың баспанасының жанында әкімдердің үйі хан сарайындай көрінеді. Сырттан келген қонақтарды күтіп алуға арналған зәулім резиденция мен әкімнің қызметтік үйі бір қоршаудың ішінде орналасқан. Тіпті, мұнда аула күтуі бірнеше қызметші де бар екен.

«Шетелдік делегация келгенде резиденция пайдаланылады. Ал қасындағы мемлекеттік қызметкерге арналған үй 2015 жылдан бері пайдаланылады», - дейді Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айбол Қозыбақов.

Хан сарайындай: Қызылорда облысында әкімдер зәулім үйлерде тұрып жатыр

Әкімдіктегілер мұндай әсем ғимараттардың салынуына бюджеттен қанша қаржы жұмсалғанын жасырып отыр. Ондағы қызметшілердің жалақысын кім төлейтінін, қонақтарға арналған резиденцияны айтпағанда, қызметтік үйдің коммуналдық қызметтерінің ақысын әкім өз қалтасынан төлей ме, оны да айтпады.

Хан сарайындай: Қызылорда облысында әкімдер зәулім үйлерде тұрып жатыр

Ал қоғам белсендісі кейбір тұрғындар баспанаға зәру болып отырғанда, әкімдердің мұндай баспанада тұруы дұрыс еместігін айтады.

«Әкімге қызметтік үй салды. Ол қызметтік үй әлі бар. Ол жерде тұруға болады, бәрі жақсы. Алайда ана үйге не үшін көшіп барды? Жұрт үй таба алмай жүр», - дейді қоғам белсендісі Ғани Әлиев.

Талқылау