Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путинді қамауға алуға берген ордеріне байланысты Ресейдің жауабына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ХҚС Рим статутына қатысушы мемлекеттер ассамблеясының президиумы Путинді қамауға алу жөніндегі шешімге толық қолдайтынын мәлімдеді.

“Рим статутына қатысушы елдер Халықаралық қылмыстық соттың шешімін толық қолдайды. Еуропа мемлекеттері арасынан бірінші болып Германия қолдайтынын айтты. ГФР егер РФ президенті Германияға келетін болса, бірден тұтқындайтынын хабарлады. Бұдан кейін Орталық Африка Республикасы мен Бразилия осындай мәлімдеме жасады”, – делінген ХҚС-тың хабарламасында.

Гаага сотының судьялары Рим статутында жазылып, бекітілген халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды. Осыған байланысты ХҚС әлемнің барлық елдерін халықаралық құқық нормаларын сақтауға және заңсыздықпен күресуге үндеу жасады. 

Енді Армения Республикасы да Путинді қамауға алуға құқық беретін Рим жарғысын ратификациялауға дайындалып жатыр.

Талқылау