Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халық қорының сыйы: Алматыда екі бірдей көпбалалы отбасы үйлі болды

Алматыда екі бірдей көпбалалы отбасы төрт бөлмелі үй алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Халық қорының сыйы: Алматыда екі бірдей көпбалалы отбасы үйлі болды

Халық банкі Халық қайырымдылық қорының қолдауымен Алматыда "Қазақстан балалар қалашығының" екі отбасы 130 шаршы метрден асатын баспанаға ие болды. Толықтай жөндеуден өтіп, жиһаз, техникамен қамтамассыз етілген дайын пәтер балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алып отырған мейірімді әулеттерге берілген. 

Осындай сыйлыққа ие болғандардың бірі Жанаргүл. Ол өзінің жалғыз ұлымен бірге 6 баланы қамқорлығына алып, мейірімге бөлеп отыр. 13 жыл бойы "Қазақстан балалар қалашығының" тәрбиешісі болып келе жатқан келіншек бұл қор үлкен мүмкіндік болғанын айтады.

"Құрлыс жұмыстары басталған кезде Халық банкінен хабарласып, бізді шақырды. Мен өзім келіп, балалармен бірге таңдап, түсқағаздарды, жиһаздарды көрдік", - дейді көпбалалы ана Жанаргүл Бектұрова. 

Өзгенің баласын бауырына басып, туғанында көретін ата-аналар өте көп. Халық қайырымдылық қоры Жанаргүл секілді тағы бір отбасын қуанышқа бөлеп, дәл осындай пәтерді сыйға тартқан. 

"Бұл үйлерді табу оңай болған жоқ. Өйткені, әр үйдің көлемі 130 шаршы метрден асып отыр. Балалар аз емес", - дейді Сағынбек Шункеев. 

Жоба Алматы әкімдігінің қолдауымен Халық қайырымдылық қоры, және бірінші балалар үйі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры мен, Қазақстан балалар қалашығының арасында жасалған мемарандум негізінде жүзеге асқан. 

Талқылау