Гүлзира Айдарбекова: "Халықтың ұлы етіп туған екенмін"
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының туған күнінде қуыршақтармен қойылым ұйымдастырып, ерекше құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/gulziraaidarbekova
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына жазба арнады.
“Тұла бойым тұңғышымды, 9 ай 9 күн көтеріп, ана атанған күнім. Сөйтсем, Алланың қалауымен халықтың ұлы етіп туған екенмін ғой. Құлыным, мен сенімен мақтанамын! Жолың ашық, жүзің жарық, тұғырың биік болсын”, – деп жазған ұлы сыйлаған бір құшақ 101 раушан гүлін де мақтана көрсетті.
“Ұлымның берген 101 гүлі. 101 жыл жаса, құлыным. Сені туғанда аналық махаббатыммен қалай иіскесем, гүліңді де солай құмарлана иескеп, мәз болдым”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген