Грекия халықтың жаппай наразылығына қарамастан 13 сағаттық жұмыс режиміне көшті
Фото: news.tek.fm
Грекияда 13 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Наразылық акцияларына, ереуілдерге және парламенттегі қызу пікірталастарға қарамастан, елдің Еңбек министрлігі ұсынған 13 сағаттық жұмыс күнін қарастыратын заң жобасын депутаттар мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mesogeios телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасы жұмыс берушілерге 13 сағаттық жұмыс күнін шектеулі мерзімге — жылына 37 күннен аспайтын уақытқа енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда қызметкерлер сағаттық жалақысының 40% мөлшерінде қосымша ақы алады.
Мессения аймағының парламент депутаты Периклис Мантас жаңа құжаттың көптеген оң тұсы барын айтты. Ол қоғамда “13 сағаттық жұмыс күні міндетті түрде енгізіледі” деген жаңсақ пікір қалыптасқанын, оны түзету керегін жеткізді.
Депутаттың айтуынша, жаңа заң ешкімді 13 сағат жұмыс істеуге міндеттемейді. 8 сағаттық жұмыс күні бұрынғысынша сақталады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек бірнеше жерде қатар жұмыс істейтін адамдарға берілген еді. Енді ол бір жұмыс берушіге де рұқсат етіледі. Бірақ тек қызметкер өз еркімен келіскен жағдайда ғана.
Бұл жүйенің артықшылығы адам уақытын тиімді пайдаланып, табысын арттыра алады. Себебі енді 8 сағаттан артық істеген жұмысқа бұрын болмаған қосымша ақы төленеді. Бұл қызметкерлерге қосымша табыс табуға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі бұрын артық жұмыс уақытына мұндай үстеме ақы төленбейтін.
Мантастың сөзінше, жаңа заң жұмысшылардың құқығын шектеуге емес, керісінше еңбек қатынастарына көбірек икемділік пен айқындық енгізуге бағытталған.
Заң бойынша:
– Күн сайынғы 11 сағаттық демалыс уақыты сақталады;
– Төрт ай ішінде апталық жұмыс уақыты 48 сағаттан аспауы тиіс;
– 13 сағаттық жұмыс күні жылына 37,5 күннен артық қолданылмайды.
Сонымен қатар заңда көрсетілгендей, қызметкербұл ұсыныстан бас тарта алады. Ол үшін қызметкер жазаланбайды. Егер жұмыс беруші осы себеппен қызметкерді жұмыстан шығарса, мұндай қызметтен босату жарамсыз деп танылады. Кез келген түрдегі кемсіту немесе қысым көрсетуге қатаң тыйым салынады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік