Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Граната жарылып кетеді деп ешкім күтпеді": Бір қолынан айырылған әскери қызметкер не болғанын айтып берді

Оқу-жаттығу кезінде граната жарылып кетіп, салдарынан қолынан айырылған әскери қызметкер сол күні болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ер адамның сөзінше, ол гранатаның жауынгерлік екенін білмепті. Сондықтан өзін кінәлі деп санамайды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, оқиға 17 шілдеде Бейнеу аулындағы полигон аумағында орын алған еді. Сол күні оқу-жаттығудан өтіп жатқан Сергей Кошелев гранатамен жұмыс істеуі керек болыпты. Алайда ол гранатаның жауынгерлік екенін және жарылып кететінін білмегенін айтады. 

Ал қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу материалдары бойынша, әскери қызметкері қауіпсіздік техникасын бұзған болуы мүмкін. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлікті зақымдағаны үшін 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

Алайда Сергейдің өзі кінәсіз екенін айтып отыр. Себебі қолымдағы жауынгерлік граната екенін білмедім, дейді. Тіпті, снарядтардың жауынгерлік екенін өзге әріптестері де білмегенін айтады. Сонымен қатар ол жауынгерлік қарудың нұсқауы бойынша ескерту қағазына қол қоймағанын айтады. Зардап шегушінің сөзінше, құжатқа өзінің орнына басқа біреу қол қойған болуы мүмкін.

Әскери қызметкердің сөзінше, оқу-жаттығу кезінде әріптесі көмектесуін сұрапты. Сол кезде ол үстелде жатқан гранатаны байқаған. Айтуынша, ол гранатаның шынайы екенін білмепті. Себебі дәл сондай гранатаны мектепте көрген. Артынша Сергей снарядты алып, мұрындығын жұлып алып, қайтадан үстелге қойыпты.

«Мен бұрылып қалғанда жарылыс болды. Көз алдым қарауытып кетті. Бетімді сүртейін десем, сүрте алмаймын. Ештеңені ұқпай қалдым. Сол қолыммен сүртейін деп қарасам, қан саулап жатыр. Саусақтарым жоқ екен», - деп еске алды ол. 

Сергейге болған оқиғадан кейін 2,5 ай ем алуға тура келген. Ол ауруханада жатқан кезінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, өзінің негізгі күдікті ретінде көрсетілгенін біліпті. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегуші қауіпсіздік техникасын бұзып, салдары осылай аяқталған. 

Ер адамның сөзінше, жарылыс болған кезде ешкім граната жарылды деп ойламаған. Олар радиостанция жарылып кетті деп топшылапты. 

«Граната жарылып кетеді деп ешкім күтпеді. Олар да шок болды. Мен әулиемін демеймін. Әрине, менің де кінәм бар. Себебі оған тиіспеуім керек еді», - дейді Сергей Кошелев.

Ал оның қорғаушысы Намиг Велиев бұл жағдайда жауапкершіліктің бәрін Сергейге артқысы келіп отырғандарын айтады. Маман нұсқаулықтағы әскери қызметкердің қолы жалған деген пікірде. Сонымен қатар ол әскери дайындыққа машықтануға және әскери қызметкерлердің қауіпсіздігіне қорғаныс министрлігі жауап беретінін жеткізді. Велиев бұл жағдада салғырттық танытылды деп санайды. 

Ал қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тергеудің барлық нұсқаны қарастыратынын айтқан еді. Олардың қатарында зардап шегушінің кінәсі де бар.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол апатына ұшыраған ер адамның туыстары оның өліміне көз жеткізбестен жерлеп тастаған

Полицейлерге ер адамның денесін қазып алуға тура келді

Ақтөбеде ҰБТ алдында қолына табыстап кеткен оқушының телефонын комиссия мүшесі ұрлап кеткен

Оқушы: 205 мың теңге тұратын телефоным жоқ болып кетті

Банк терминалының істен шығуына байланысты қазақстандық жарты миллион теңгесінен айырылып қалған

Бес ай бойы ақшасын қайтара алмай жүр

Алтын туралы қызықты деректер

Алтынның органикалық қосылыстары медицинада көптеген ауыр дерттің емдеуге қолданылады

Баян Алагөзова: Мен соңғы рет қашан ұрысқанымды ұмытып қалдым

Продюсер: Ол қате сөйлеп тұрса да, кез келген жағдайды сабырлы күйде түсіндіруге тырысамын

"Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты

Көпбалалы ана: "Қазір балаларады ойлап жүрген жоқпын"

"Актриса болғым келген": Астаналық кран жүргізуші әйел кино мен театрды бағындыруды армандайды

Құралай Игілік: 15 жыл құрылыста жұмыс істеп жүрсем де әлі баспанам жоқ

Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

Ұшқан кезде қозғалтқыштарының бірі сыр берген

Алматыда оқушыға шабуылдаған ер адам ұсталды: Ол аула сыпырушы болып шықты

Күдікті: Қалтамнан телефонымы шығардым, ол пышақ екен деп қалды

Almaty Investment Forum-ды өткізуге бюджеттен 80 миллион теңге бөлінбекші

Форумға қонақтар әлемнің 20 елінен келеді екен
Çàãðóçêà...