Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Гонконгте мыңдаған адам жаппай наразылық білдіруге шықты

Гонконг тұрғындары экстрадиция туралы заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін көтеріліске шықты. Түстен кейінгі уақытта осы көтерілісшілер саны артып, көшелерде металл қоршаулар мен кірпіштер көбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post газетіне сілтеме жасап. 

Гонконгтегі көтеріліс

Аталған газет мәліметінше, тұрғындар сағат 15:00-ге дейін заңдағы түзету алынбаса, заң органы ғимаратын қоршап алатынын ескертті. Мұнымен қатар, қаладағы басты жолдар мен метроны бұғаттайтынын айтты. 

Протеске негізінен студенттер қатысып жатыр. Сәрсенбі күні көптеген банк пен дүкен жабық болды. Себебі, қызметкерлер өз пікірін білдіру үшін көшеге шыққан болатын. 

Көшелерде Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лэмнің отставкаға кетуін және экстрадиция туралы заңға өзгеріс енгізуді талап еткен сөздер жазылған плакаттар қатары да көбейді. 

 

Құқық қорғау органдары дереккөзінің хабарлауынша, полиция көтеріліске шыққандарды тарқату туралы ойы жоқ екенін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл соңғы бірнеше аптадағы екінші көтеріліс. 9 маусым күні миллионнан астам адам қала көшелеріне наразылық білдіру үшін шыққан болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр