Гондурас түрмесінде қарулы қақтығыс болған: 40-тан астам адам көз жұмды
Гондураста әйелдер түрмесінің 40-тан астам тұтқыны қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ел билігінің айтуынша, қаза тапқандардың 25-і түрме ғимаратында қамалып, өртеніп кеткен. 16 әйел оққа ұшып, көз жұмған.
Оқиға Гондурас астанасы Тегусигалпа маңындағы Тамара қаласының қылмыстық-атқару мекемесінде орын алды. Жергілікті БАҚ атап өткендей, Гондурастың солтүстік-батысындағы әйелдер түрмесінде Mara Salvatrucha және Barrio 18 атты екі ірі топтың қақтығысы болған.
15-тен астам адам пышақ пен оқтан жарақат алды. Жарақат алған бес әйел ауруханаға жатқызылды.
Президент қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Гондурас басшысы Қауіпсіздік министрі мен прокуратураның тексеру комиссиясының басшысын сынға алды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"