Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин: Бүгін ең сәтті күнімнің бірі болмағанын сеземін (видео)

IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен өткізген жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Өз кезегінде украиналық спортшы Головкинмен екінші рет айқасуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Головкин әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегінің алдына жанкүйерлеріне жүгінді

"Менің қарсыласыма рахмет, оның командасын құрметтеймін. Сергей — өте мықты қарсылас. Бірінші раундтан кейін мен қиын айқас болатынын түсіндім. Физикалық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін. Бүгін ең сәтті күнімнің бірі болмағанын сеземін. Бірақ үлкен тәжірибе алдым. Енді маған не керек екенін білемін. 

Нокдаун? Иә, соның кесірінен фокусты кішкене жоғалтып алдым. Жеңіл айқас болмады. Сергейге респект. Ол нағыз ерлік танытты. Үздік, таза жекпе-жек. Оған реванш беруге дайынмын ба? Әрине, егер ол DAZN және жанкүйерлерге арналған айқас болса, мен дайынмын", — деді Головкин жекпе-жектің соңында берген сұхбатында.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласы Саул Канело Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайын екенін айтты. 

"Барлығы дайын. Егер ол иә десе, жасайық. Мен бәріне ашықпын. Керемет чемпиондар көп", — деді ол. 

Өз кезегінде жеңіліс тапқан украиналық боксшы Сергей Деревянченко Головкинмен тағы бір мәрте жекпе-жекке шығуға үміттенетінін жеткізді. 

"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Менің командама, барлық украиналықтарға, айқасты тамашалауға келгендердің барлығына рахмет. Қолдау үшін рахмет. Кейде көрмей қалып жаттым. Көзім ісіп кеткенде, ол бүйірден соққыларды жаудыртты. Қимылдап, қозғалғанымда оған орын бердім. Ұзақ соққыларын бастады. Артқа қарай шегінгенімде, жақсы соққылар жасай алдым. (...)", — дейді украиналық спортшы. 

Деревянченконың сөзінше, ол бірінші раундта нокдаунға түсірген соққыны көрмеген. 

"Мен оны көрмедім. Желкемнің тұсына соққы жасады. Иә, мен төмен қарай бүркенгенде ол менің сол жерімді ұрды. Мен тұрып, айқасты жалғастырдым. Қатты есеңгіреп қалу болған жоқ. Мүмкін болса, реванш өткізгім келеді. Мен дайынмын", — деді Деревянченко сұхбат барысында.

Головкин Деревянченконы жеңіп, екі чемпиондық белбеу иеленді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты
Çàãðóçêà...