Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Головкин жекпе-жекке лайық": Альварестің промоутері үшінші жекпе-жектің уақытын атады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтеді. Бұл туралы «Канелоның» промоутері Оскар Де Ла Хойя DAZN жүргізушісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты келіссөздер басталды

«Головкин келесі жылғы қарсыластардың бірі болады. Басқаша болуы мүмкін емес. Адамдардың бұл жекпе-жекті тамашалағысы келетіні сөзсіз. Олардың жекпе-жегін бүкіл әлем көргісі келеді. Головкин бұған лайық», - дейді Де Ла Хойя.

Бұған дейін қазақстандық және мексикалық боксшылардың үшінші жекпе-жегі биылғы жылдың қыркүйегінде өтеді деп күтілгенімен, бастапқыда Альварес Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты. Ал Ковалевпен келіссөздер тоқтатылып, IBF атағын жоғалтқаннан кейін, рингке оралуын жылдың соңына қалдырды. «Канело» рингке 2 қарашада оралады. Ол Лас-Вегасте WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевпен жекпе-жек өткізеді. 

Ал Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте IBF атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасатын болады. 

Талқылау