Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Головкин жаңа тәлімгерімен жаттыққан алғашқы жаттығуын жариялады (видео)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің жаңа тәлімгері Джонатан Бэнкспен жаттыққан сәтін жариялады. GGG-ның жаңа жаттықтырушысымен жаттыққан сәті боксшының YouTube арнасында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы жаттығу кезіндегі жаңа кадрлармен ғана емес, сонымен қатар Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобстың Лас-Вегаста өткен жекпе-жегі туралы да пікірімен бөлісті. 

Головкин осындай үлкен шоу атмосферасын сағынып қалғанын мойындады. Ол бұны өзіне қосымша ынталандыру ретінде қарастыратынын айтты. Боксшы қазір көп нәрсені үйренуді және мақсатына жету үшін көп жұмыс істегісі келетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Головкин өзінің тәлімгерін ауыстыру себебін және бұның оған болашақта қалай көмектесетінін түсіндірді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр