Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Головкин мен Канелоның арасындағы сәтсіз келіссөздің себебі белгілі болды

Головкин мен Канелоның арасындағы сәтсіз келіссөздің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FightSports сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен Канело арасындағы өтетін үшінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін еді. Келіспеушіліктің басты себебі - кездесу өтетін орын таңдауда болған. 

Головкин Канелодан кегін қайтарғысы келеді. Бірақ, алдыңғы екі жекпе-жек өткен шаршы алаңға қайтып барғысы келмейді. Бұл жайлы алғашқылардың бірі болып Крис Мэнникс хабарлады. Головкин Лас-Вегаста кездесу өткізгісі келмейтінін жеткізген.

2018 жылдағы кездесудегідей Канелоның Оскар Де Ла Хойя есімді промоутері келіссөз жүзеге аспаса, басқа қарсылас іздейтінін хабарлаған. 

Осыдан біраз бұрын Головкин Конелодан үшінші жекпе-жек сұрағанда, Канело қазақстандық спортшының белбеуінің болғанын талап еткен. Алайда, DAZN- мен серіктестік жасайтын Головкин бұл жекпе-жектің міндетті түрде болатынын хабарлаған. Өйткені Канело DAZN-нан ақша алады. Сондықтан DAZN Конелоның кіммен жекпе-жек өтікізетінін өзі біледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр