Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Голливуд жұлдызы Головкиннің жекпе-жегінің алдында боксшы туралы фильм түсірді

Голливуд актері және продюсер Марк Уолберг қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйері болып табылады. Ол Головкин туралы жаңа бейнефильмнің қосалқы продюсері атанды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Boxingscene.com порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Головкиннің канадалық Стив Роллспен алдағы жекпе-жегіне арналған фильм «40 күн» атауымен жарық көреді. 

«Бокстың жанкүйері ретінде, Геннадийді және оның айрықша тәсілін көрсету үшін DAZN платформасымен серіктес болатыныма қуаныштымын», - дейді Марк Уолберг.

«Біз түсірілім тобымен 40 күн бойы жаттығу лагерінде бастан-аяқ болдық. Бокс жанкүйерлері Джонатан Бэнкс пен менің Мэдисон Сквер Гарден жекпе-жегіне дайындығымызды көре алады», - дейді Головкин. 

DAZN өкілі Джейми Горовицтің сөзінше, Головкин өзінің оқиғасын Марк Уолберг пен Питер Берг жақсы баяндап бере алатынын айтқан. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр