Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Бокстан Германия құрамасы биыл әйелдер мен ерлер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Құраманың ойыннан бас тарту себебі Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуымен байланысты емес. Олар 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатындықтан әлем чемпионатына келе алмайтыны атап өтілді. 

Бұған дейін АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Польша, Ирландия, Украина және Канада құрамалары әйелдер арасындағы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь өкілдерінің кіруіне байланысты оған бойкот жариялауды жоспарлаған еді. 

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 15-31 наурыз аралығында Нью-Делиде (Үндістанда), ерлер чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстанда) өтеді.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 14:20