Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Кесір тілігі нәрестенің денсаулығы үшін қауіпті

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Джорджия университетінің ғалымдары кесір тілігінің нәрестенің денсаулығына қауіпті екенін анықтады.

Ғалымдар: Кесір тілігі нәрестенің денсаулығы үшін өте қауіпті

Бұл туралы PNAS журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдардың пікірінше, кесір тілігі нәресте дүниеге келген алғашқы айларда-ақ оның миының қалыптасуы мен өсуіне кері әсер етеді. Мұндағы басты қауіп – хирургиялық жолмен босандыру салдарынан нәрестенің миының бөліктерінде ұсақ зақымданулар пайда болып, өз кезегінде ол нейрондардың жаппай өлуіне себеп болады.

Зерттеушілердің сөзінше, аралық ми бөлігінің шектен тыс белсенділігі мен мидағы нейрондардың «өлуі» организмнің инфекциялармен күресуге үйрену қабілетінің «өшуіне» алып келеді. Сонымен қатар организмді нерв талшықтарының сигналын дұрыс қабылдау мүмкіндігінен айырады.

Сондай-ақ, жаңа туған тышқанарды бақылау барысында хирургиялық отадан 3 күннен кейін де мидың кей бөлігіндегі нейрондардың өлуі жалғаса беретіні анықталды.

Талқылау