Ғалымдар аққан ауруын емдеудің жолын тапты
Бостон университетінің ғалымдары балалар мен ересектерді зақымдайтын агрессивті Т-жасушалы аққан ауруының дамуына әсер ететін UFD1 ақуызын анықтады.
Сурет: Andrew Burton/Getty Images
Бұл туралы EurekAlert! басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
UFD1 ақуызы адам жасушаларында убиквитин-тәуелді сигнал жолдарында ақуыздардың азаюына қатысады. Убиквитин – өзге ақуыздарға қосылып, олардың белсенділігін өзгертіп, олардың жасушада шектелуін анықтайтын кішігірім ақуыз. Аталған жағдайда ол NPLOC4-UFD1-VCP тәрізді ақуыздардың күрделі кешенінің құрамында болатын UFD1–ді анықтайтын нысан рөлін атқарады. Нәтижесінде ақуыздар кешені зақымдалған ақуыздармен бірігіп, олармен бірге цитоплазмаға қарай беттейді. Цитоплазмадағы протеасома екі ақуызды да жойып жібереді.
Анықталғандай, аққан ауруының агрессивті түрінде өзгеріске ұшыраған тіндердегі UFD1 ақуызының деңгейі артады. Алайда қатерлі жасушалардағы UFD1 ақуыздарының бөлінуіне жауап беретін гендердің белсенділігін 50 пайызға төмендетсе, ақуыздың жалпы деңгейі төмендеп қоймай, ісіктің өсуі де тоқтайды. Өз кезегінде оның сау тіндерге жанама әсері болмайды.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар: Шоколад көздің көру қабілетін жақсартады
Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)
4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резинасы қолына бітіп өсіп кеткен
Ата-аналар бөксесі өте үлкен етіп жасалған қуыршақты көріп шошыды