Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдардың болжамына сәйкес 2050 жылға қарай киборг-әскерлер пайда болады

Америка әскери қызметкерлері  алдағы 30 жылда ой күшімен басқаруға мүмкіндік беретін технология пайда болатындығын айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com

Ол туралы мәлімет АҚШ армиясының әскери мүмкіндіктерін дамыту бойынша Химия-биологиялық орталықтың хаттамасында жарияланды.

Хаттаманың атауы - "Киборг-әскерлер-2050: адамзат және машинаның бірігуі және оның Қорғаныс министрлігі болашағына әсері".

Биоинженерия саласының аға ғылыми қызметкері  Питер Эмануэлдің ойынша, 30 жылдан соң АҚШ әскерлері нейронды импланттардың көмегімен ми мен машинаны тікелей байланыстыра отырып дрондарды қолдана алатын болады. Импланттар әр дронның не бақылап тұрғанын нақты көруге мүмкіндік береді, содан соң қол жеткен ақпаратты цифрлық формада миға апарады және дерек көзі ретінде басқа машиналарға тасымалдайды. 

Ми және компьютер арасындағы байланыс нейронды импланттар негізінде жүзеге асады. Бұл хаттамада көрсетілген 4 түрлі өзгерістің тек біреуі ғана. Импланттар төменде көрсетілген төрт категорияға жатады:

- Екіжақты деректерді алмастыру үшін адам миындағы нейрон қызметінің тікелей күшеюі;

- Көру қабілеті, визуализацияны жақсарту мақсатында көздің қызметін жетілдіру;

- Есту қабілетін жетілдіру;

- Оптогенетикалық костюм арқылы дене бұлшық еттеріне бақылау орнату.

Авторлардың айтуынша, америкалық қоғам кибернетикалық әскерлерді мүлдем қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда этикалық және мәдени дәстүрлері өзгеше елдер жоғарыда аталған технологияларды қолдана отырып, әскери салада біраз жетістікке жетулеріне мүмкіндік бар. 

Пью зерттеу орталығының әлеуметтанушы ғалымы америкалық қоғамның кибер-әскерлерге қатысты көзқарасын анықтады. Нәтижесінде, адам қаншалықты дінге жақын болса, соншалықты бұл идеядан бас тартатыны белгілі болды. Зерттеу тобының мәлімдемесіне сәйкес,  алдағы уақытта басқа елдерде де тәжірибе жүргізуге ниетті.

"Бұл технология әскери қимылдарды басып озады. Тіпті асып түседі. Біздің әлем және адамға қатысты таным-түсінігімізді түбегейлі өзгертеді", - деді Питер Эмануель.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр