Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жерге жақын алып ғаламшарды анықтады

Италияның Ұлттық астрофизика институтының зерттеушілері Проксима Центавр жұлдызының маңында, Күнге жақын орналасқан алып ғаламшарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ғаламшар

Бұл туралы Science Alert ғылыми журналы жариялады. 

Ғаламшар жұлдыздың сәулелі жылдамдығын бақылау кезінде анықталды. Оған Proxima b атауын беріліпті. Жұлдыздың сәулесі мен қалпы жиі өзгеріп тұрған екен. Бұл жағдайға оған жақын орналасқан Proxima b ғаламшары себеп болған.

Жаңа ғаламшардың салмағы Жердікінен көп, бірақ алып мұз ғаламшары Нептунның массасына жетпейді. Ғаламшар Күнге әлдеқайда алыс орналасқандықтан, онда тіршілік иесі мекендей алмайды. Ғалымдар Proxima b ғаламшары  қатып қалған, атмосферасында сутек және гелий газдары көп болуы мүмкін деп болжады.  

Дегенмен кейбір зерттеушілер мұның жаңа ғаламшар екендігіне күмән келтірді. Алдағы уақытта ғаламшарға жақын орналасқан басқа да жұлдыздар бақылауға алынады екен. 

 

Талқылау