Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар душқа неліктен ұйқыға жатар алдында түсу керектігінің себебін айтты

Остиндегі Техас университетінің биомедициналық инженерлері ұйқыға жатпастан 1-2 сағат бұрын душқа түсу пайдалы екенін зерттеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

душ

Ғалымдар ұйқы сапасын жылы душ қабылдау мен дене жылуы қалыптастыратыны деген зерттеу бойынша 5322 жұмыстарын жүргізіп көрді.  Сондай-ақ, толық ұйқыға көшу уақыты, түнгі тынығудың жалпы уақыты, төсекке жұмсаған уақыт, сондай-ақ ұйқының субъективті сапасын қарастырды.

40-42 градус температурадағы суға түсу жақсы ұйықтауға септігін тигізеді екен. Бұл он минутқа ұйықтау уақытын қысқартады.

Жылы ванна қан айналымын ынталандырады, қол мен аяқтың қан айналымы арқылы жылуды тиімді жоюға және дене температурасының төмендеуіне ықпал етеді. Демек, ұйқыдан 1-2 сағат бұрын душ қабылдау циркад ырғақты қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Талқылау