Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлнәр Кәрімованың ұлы түрмеде анасына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ел президентінен көмек сұрады

Гүлнәр Кәрімованың ұлы Ислам Кәрімов анасына түрмеде қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Бүгінде Ислам Кәрімов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтен көмек сұрайды, деп жазады Stan.kz.

Гүлнәр Кәрімованың ұлы түрмеде анасына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ел президентінен көмек сұрады
«Белгісіз жағдайларға байланысты анама қысым көрсетіліп жатыр. Ол гипертонистік қысымға ұшырады. Оған дәрігерлер жібермей отыр. Тараптар арасында құжат бойынша жасалған келісім болды», – деді ол парақшасында.

Ислам Кәрімовтің айтуынша, атқарушылардың біріне «аталған сұрақтың жай ғана жабыла салғаны» ұнамай қалған. Қандай да бір күш жетекшілердің әрекетін жойып, анасы мен әпкесіне қарсы әрекет жасап отыр.

«Президенттен бала күнімізден таныс адам ретінде, өзін шогирд санайтын мәдениетті адам ретінде “менің және әпкемнің ісіне назар аударса екен” деп сұраймын. Қарындасым осы уақытқа дейін анаммен бірге болды, қазір жүрегі ауырады. Оған осы жағдайдың өзінде дәрігерлерді жібермей отыр. Анам мен әпкемнің денсаулығына алаңдаймын. Адамшылық әрекеттің болатынына үміттенемін», – дейді ол.

Жергілікті БАҚ-тың айтуынша, Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Кәрімоваға ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Оған дәрігерлер де еркін кіре алады


Тағы оқыңыз:

Гүлнара Кәрімова әкесіне ән арнады (видео)


Айта кетейік, Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнәр Кәрімова салық төлемегені және қоқан лоққымен ақша алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан шектелкен болатын. Оның екі қылмыстық іс бойынша келтірілген шығыны 2 млрд долларды құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр