Футболдан ПСЖ құрамасының жұлдызды ойыншысына зорлық жасады деген айып тағылды
Француздық "Пари Сен-Жермен" мен футболдан Марокко ұлттық құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакимиға сексуалдық зорлық жасады деген айып тағылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымының мәліметінше жексенбі күні 24 жастағы қыз футболшымен оның келісімінсіз жыныстық қатынасқа түскенін айтып, полицияға хабарласқан. Дегенмен ол арыз беруден бас тартқан. Бірақ полиция қызметкері құзырлы органдарға хабар беріп, нәтижесінде бұл іске прокуратура қызығушылық танытқан.
Айғақтарға сәйкес, бойжеткен Хакимимен Instagram желісінде сөйлескен. Кейін ол таксимен Париждің батыс шетіндегі Булон-Биланкурдағы футболшының үйіне келген. Жәбірленушінің айтуынша, Ашраф үйінде "жағдайды бақылаудан шығарған". Ойыншы қарсылыққа қарамастан қонақтың ернінен сүйіп, киімін шешіп, кеудесін сипалай бастаған.
Ақырында, қыз ПСЖ қорғаушысын итеріп жіберіп, содан кейін досына хабарлама жіберіп, алып кетуін өтінген.
Қазіргі уақытта Хакимиге қатысты ресми айып тағылған жоқ. Футболшының заңды әйелі және екі баласы бар.
Хакими осы маусымда ПСЖ сапында барлық жарыстарда 31 матч өткізді. Футболшы командасы жартылай финалға шыққан Катарда өткен әлем чемпионатында да өнер көрсетті.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

