Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты: Португалия кезекті жеңістен кейін плей-офф кезеңіне жолдама алды

Н тобынбағы Португалия құрамасы Уругвайға қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

португалия

Катардағы "Лусаил" стадионындағы ойын кезінде Бруно Фернандеш 54-минутта есепті ашты. Ал ойын соңындағы қосалқы минуттарда екінші голды соғып, дубль авторы атанды. 

Осылайша португалдықтар 6 ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды. Н тобында екінші орында Гана 3 ұпаймен тұр. Ал Оңтүстік Корея мен Уругвай құрамаларында тек 1 ұпайдан бар. 

Соңғы кезеңде португалдықтар Оңтүстік Корея құрамасымен, Уругвай Ганаға қарсы ойын өткізеді. 

Жеңіске қатысты пікір білдірген Криштиану Роналду команданың жақсы ойын өткізгенін атап өтті. 

"Керемет қарсыласқа қарсы ойында біз өз күшіміз бен ойын сапасын көрсеттік. Әрі қарай жүреміз! Біз күресеміз, сондықтан біздің арманымыз тірі. Алға, Португалия!", – деп жазды ол. 

Талқылау