Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол ойынынан кейінгі қайғылы оқиға: Индонезиядағы тәртіпсіздікте қаза тапқандар саны 174-ке жетті

Индонезияның Маланг қаласындағы стадионда өткен матч қайғылы оқиғамен аяқталды, құрбандар саны 174-ке жетті, оның ішінде 17 бала болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жергілікті Kompas TV телеарнасы хабарлады.

Келген команданың пайдасына 2:3 есебімен аяқталған "Арема" мен "Персебая" футбол клубтары арасындағы матчтан кейін алаң қожайындарының жанкүйерлері тәртіпсіздік ұйымдастырып, алаңға қарай жүгірген.

Стадиондағы тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қашқындарды тыныштандыру үшін көзден жас ағызатын газ қолданған. Бірақ жұрт тынышталудың орнына дүрбелеңге ерік беріп, төбелес орнаған. Соңғы мәліметтер бойынша 174 адам қаза тапты.

Қаза тапқандардың кем дегенде 17-сі балалар екенін Нахар әйелдер істері және балаларды қорғау министрлігі директорының арнайы балаларды қорғау жөніндегі орынбасары.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің арасында 12 мен 17 жас аралығындағы кем дегенде 12 бала бар, және "бұл сан ары қарай да өсе береді".

Шығыс Ява губернаторының орынбасары Эмиль Дардактың айтуынша, зардап шеккендер Малангадағы сегіз ауруханаға жіберілген.

Индонезия футбол қауымдастығының (PSSI) бас хатшысы Юнус Нуси баспасөз мәслихатында Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қайғылы оқиға туралы есеп беруін талап еткенін айтты.

"ФИФА есеп беруді сұрады. Біз санкцияларға ұшырамас үшін ұйыммен байланысамыз", – деді Юнус Нуси.

Осы ретте Индонезия президенті Джоко Видодо қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Ол полиция басшысына және футбол қауымдастығының төрағасына жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекет басшысы тергеу аяқталғанша Индонезия футбол чемпионатын уақытша тоқтатуды тапсырды.

Еске салсақ, 1 қазанда Маланг қаласындағы "Канджурухан" стадионында футбол матчы біткеннен кейін қайғылы оқиға болған еді. Бастапқыда оқиға салдарынан 127 адам қаза болған деген ақпарат тараған еді.

 

Талқылау