Соңғы жаңалықтар

Француздар Қазақстанда АЭС салуды ұсынды

Германиядағы сапарында Deutsche Welle-ге сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев атом станциясын салу жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com

Президенттің айтуынша Қазақстанда АЭС салу мәселесі әлі қарастырылуда және Ресей тарапынан да ұсыныстар түсіп жатыр. 

"Бүгін алдыңғы қатарлы француз компанияларының басшыларымен кездесіп қайттым. Олар да француз технологиясының негізінде Қазақстанда АЭС салуды ұсынып отыр", - деді Тоқаев Deutsche Welle-ге берген сұхбатында.

Қазақстанда атом станциясы, жалпы атом жобасына қатысты мәселеге өте мұқият қарайды деп жалғады сөзін Президент. Тоқаевтың ойынша, халықты атом мәселесіне тіксіне қарауы 1949 жылдан бастап Н.Назарбаевтың үкімімен жабылғанға дейін Семей полигонында болған 466 атом қаруының сынағына тікелей байланысты. Олардың көпшілігі жер үсті жарылыстары болған. 

"Халқымыз денсаулық, экология, табиғи байлық жағынан қатты зардап шеккен. Сондықтан, біз адамдардың АЭС салуға неліктен қауіптене қарайтынын түсінеміз. Атом станциясын салу туралы шешім қабылдамас бұрын, мемлекет басшысы ретінде бұндай үлкен жобаға қатысты халықтың ойымен санасуым керек", - деп қорытындылады сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

2019 жылы сәуірдің 3-де Ресей президенті В. Путин Қазақстанда ресейлік технология бойынша АЭС салуды ұсынған болатын. Келесі күні ҚР Энергетика министрінің орынбасары атом стансасын салатын орын ретінде алдын-ала Алматы облысы Үлкен ауылын таңдаған болатын. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан 2030 жылға қарай электр энергиясытапшылығы болатынын мәлімдеген. Алайда АЭС құрылысы азаматтардың пікірі ескерілетіндігін де атап өтті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...