"Ресей Қытайдың вассалдық мемлекетіне айналып барады": Макрон Ресейдің Украинамен соғыста неліктен жеңілетінін түсіндірді
Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің Украинамен қақтығыста "геосаяси жеңіліске" ұшырағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі L'Opinion басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Макрон әсіресе Мәскеудің ұтылуы оның Қытайға тәуелділігімен, сондай-ақ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруінен байқалатынын жеткізді. Айтуынша Ресей Қытайдың вассалдық мемлекетіне айналып барады.
Сонымен қатар Франция президенті Еуропаны Украинаға келіссөздерді дайындауға көмектесуге шақырды.
"Еуропалық қауіпсіздіктің архитектурасы толығымен Украинаға дейін созылуы керек. Ресей әскери жолмен жеңіске жетпеуі керек", - деді ол.
Бұл ретте Франция президенті Ресеймен текетіреске жол бермеу керектігін алға тартты.
Бұған дейін Елисей сарайы Макронның Украина президенті Владимир Зеленскийді 14 мамыр күні кешке жұмыс кешінде қабылдайтынын хабарлаған еді. Кеш барысында Киевтің "шұғыл әскери және гуманитарлық қажеттіліктері" мен Францияның Украинаға көрсетіп жатқан қолдауы туралы сөз қозғалды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты