Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фотоға не видеоға түсіріп жіберіңіз": Жаз басталысымен кассирлер пойыз билеттерін пұлдап, қолдан тапшылық жасайды

Жаз келсе болды шекесінде «Билет қымбаттап кетті», «Алыпсатарлар қаптап кетті»  деген «кеттілері» бар мақалалар көбейіп кетеді. Әрі бұл жылдағы жырғалаң. Осы жолы да әдеттен таңбай, билет тапшылығының мәселесі басталды.

Жақында ғана жемқорлықпен күресіп жүрген агенттік  екі бірдей пойыз басшысын пара беріп жатқан жерінен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Параны алған Маңғыстау бекеті желілік криминалды полиция бөлімінің басшысы. Оған 90 және 30 мың теңге көлемінде қаражат берілген. Есесіне ол билетсіз жолаушыларды байқамаған сыңай танытып, оларды тасымалдауға рұқсат берген. Сондай-ақ,  дәл осы өңірде 2 жолсерік ұсталды. Олар кассалардан пойыз билеттерін 8 мың теңгеден сатып алып, 25 мыңға саудалаған", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің иректоры Арман Бердалин. 

Агенттік өкілдері мұндай шараларды жиі атқарып тұрады. Алайда осыдан кейін теміржолдағы былық түбірімен жойылып кетсе қане?! 

Елде қазір пойыз билеттерін пұлдап отырған кассаның 233-ғана «жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына тиесілі болса, қалған 4500-дейі жекеменшік. 

Тәртіпсіздік орнатып, тапшылықты қолдан жасайтын сотқарлар осы соңғылары дейді білетіндер.

Бұл схеманы теміржолшыларда бүге-шүгесіне дейін біледі әлбетте. Біраз уақыт бас қатырып, жоятұғын жолдарын да қарастырыпты. Біріншіден бұдан-былай, қайтарылған билеттер қассаларға бірден түспейді. Яғни, кассирдің сыбайласы енді ғана өткізген билетін бірден қағып алатын мүмкіндігі азайды дей беріңіз. Екіншіден...

Бұл мезетте жаңа жүйе бойынша, егер кассир 30 секундтың ішінде бір типті яғни бірыңғай тапсырыс берсе,  мысалы бір бағыттағы бір пойызға онда оның кассасы 5 минутқа жабылады. 3 рет тапсырыс берген кезде оған хабарлама келіп түседі, «5 минут сіздің касаңыз жабылады»  деген. Демек бір бағытта бір уақытта бір тапсырысты бере беруге болмайды. Бұл жүйе бұрын солай істейтін еді. Жеке кассада отыратын кассирлер 1 тапсырысты жаңағы, компьютердің түймешегін баса береді, айналымға түскен бос билеттерді ұстап алады. Сосын оны алады да жанағы серіктерстеріне деп айтайын тырнақшаның ішінде «достарына» немесе әріптестеріне  сатып жібереді.

Десе де бұл, теміржолдағы жемқорлық енді түбегейлі жойылады деген сөз емес қой әрине. Өйткені, техника сізбен келісімге келмеуі мүмкін, ал адамның тілін адам табады емес пе?!

"Мұндайда суретке не видеоға түсіріп жіберуіңіз керек. Біз бәрін қадағалай алмаймыз ғой. Бізде 5000 қызметкер жұмыс істейді", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Алайда орынды әркім өзі үшін сатып алатынын ескерсек, ешкім өзінің артын өзі ашпайтыны анық қой.

Талқылау