Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шәріпова WIBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылды

WIBA әйелдер боксының халықаралық қауымдастығы кәсіби бокстен әлем чемпионы Фируза Шәріпованы атағынан айырды. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фируза Шәріпова WIBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылды

Шәріпованың белбеуінен айырылуына оны белгіленген мерзім ішінде қорғамағаны себеп болған.

«Қаржылық себептерге байланысты чемпиондық белбеуді қорғау мүмкін болмады. Біз ақша керек болғандықтан және ақшаны тарта алмағандықтан, қорғай алмадық», - дейді Шәріпованың командасындағылар. 

Сонымен қатар Шәріпованың атағынан айырылғанына қарамастан, әлем чемпионы, франциялық Майва Хамадуш оны жекпе-жек өткізуге шақырыпты. Тіпті, жекпе-жек үшін Қазақстанға келуге дайын.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшының командасы мәдениет және спорт министрлігіне жүгініп, елімізде жекпе-жек өткізу үшін қаржылай қолдау сұраған. 

Ал Фируза Шәріпованың өзі спортқа қайтып келгісі келетінін айтады.

«Егер қаржыландыру болса, әлемдегі үздік боксшы атану үшін, боксқа қайтып келемін. ...Жекпе-жектер арасында айтарлықтай көп уақыт өтіп кетті. Шынымен де боксты сағындым. Спорттық карьерамды жалғастыруға ниетім де, мүмкіндігім де бар», - деп жазды Шәріпова Instagram желісінде. 

Оған қоса, спортшы егер 1 миллион доллар тарту мүмкін болса, екі жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Ал 2020 жылдың соңында әлем чемпионы атану үшін Майва Хамадушқа қарсы жекпе-жек өткізе аламын, дейді. 

«Бұл жекпе-жекте жеңетініме сенімдімін. Бізге жай ғана қаржыландыру керек. Онсыз әрі қарай жалғастырудың мағынасы жоқ. Ендігі жайдан-жай жаттығып, құрғақ уәдеге сенбеймін. Онсыз да біздің көбі алдап, қолдайтындарын айтқан еді», - дейді қазақстандық боксшы. 

Фируза Шәріпова WIBA нұсқасы бойынша чемпиондық атақты 2017 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында жеңіп алған еді. Ол төрешілердің бірауыз шешімімен болгариялық Милена Колеваны жеңді. Ал 2018 жылдың қыркүйек айында Шәріпова ресейлік Юлия Куценконы жеңіп, атағын қорғаған-ды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат зейнетақы жинағын қазақстандықтардың бәрі ала алмайтыны айтып қынжылды

Жамалов: Тұрғын үй немесе білім алу үшін жинақталған зейнетақы бәріне берілмейді

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

Квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетіледі

Сауыншылар азайып жатыр: Еңбек министрлігі жәрдемақының кері тұстарын айтты

Нұрымбетов: Адамдар жәрдемақы алу үшін жұмыс істеуден бас тартады

"Күтіп баптауға 50 миллион теңге кетеді": Қостанай облысының әкімі өзінің 14 таңдаулы жекежайда тұруы жайлы сөз қозғады

Айтуынша, ол жекежайда орналасқан бір үйде ғана тұрады екен

Ақтауда 1 жасар баланың көз жұмуы: Бүлдіршін қайғылы оқиға болған үйге сол күні бірінші рет келген

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мәлімдеді

«Әншілігінен гөрі актерлігі ұнайды»: Айқын Төлепберген фильмінің басты рөліне екінші әйелін түсіреді

"Оны режиссерлер де байқады"

Талдықорғанда балта ұстаған ер азамат автобусқа шабуыл жасады

Оқиға 6 желтоқсан күні орын алған

Есірткі қабылдауға мәжбүрлеген: Алматыда мүгедек қыз зорлық әрекетіне ұшырады

Оқиға 29 қараша күні орын алыпты

Алматылық тұрғын бір қорап кәмпит сыйлаймын деп жарты миллион теңгелік айыппұлға ілікті

Алғыс ретінде берген сыйлығының арты 500 мыңдық айыппұлмен аяқталды

"Әлем аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

Бұл атаққа ОАР-ның атынан өнер көрсеткен ару ие болыпты
Çàãðóçêà...