Stan.kz - бүгінгі жаңалықтар, соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус апатқа ұшырады: Жүргізуші жалған куәлікпен жұмыс істеп келген болуы мүмкін (видео)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісінен ресми деректер базасында тіркелмеген жүргізуші куәлігі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаланың Алатау ауданында болған. Автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкерлері жүргізушінің құжаттарын тексерген.

Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінде қолдан жасалған құжатқа тән белгілер бары және құжаттың тиісті ақпараттық базада тіркелмегені анықталған.

Жүргізуші мен құжаттары одан әрі тексеру үшін полиция басқармасына жеткізілген.

Қазір полиция қызметкерлері жүргізушінің жалған болуы мүмкін куәлікті қандай жағдайда пайдаланғанын және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда шетелдіктерге жалған құжат дайындаумен айналысқан ер адам ұсталғаны туралы жазған едік. Полицияның мәліметінше, күдікті қазақстандықтардың жарамды ЖСН-і мен жеке куәлік нөмірлерін пайдаланып, құжаттардағы фотосуреттер мен жеке деректерді өзгертіп отырған.

Жалған құжаттар шетелдіктердің жеке басын жасырып, жеткізу және жолаушылар тасымалы қызметтеріне тіркелуіне мүмкіндік берген. Оларды көбіне курьер және жүргізуші болып жұмысқа орналасу үшін пайдаланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Астанада автобуста жолаушы қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам 10 тәулікке қамалды (видео)
Фото: Видеодан скрин

Астанада қоғамдық көлікте жолаушы қызға тиіскен 33 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Астана тұрғыны әлеуметтік желіде автобуста ер адамның тиісіп, денесіне қол жүгірткенін айтып, шағымданған еді.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысы бар 33 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, ер адам құқық бұзушылық жасаған сәтте мас күйде болған.
"Анықталғандай, автобус ішінде келе жатқан ер адам қыздың бөксесіне қол тигізген. Болған жағдайға наразылық білдірген жолаушы оған ескерту жасағаннан кейін ер адам автобустан түсіп кеткен", – делінген полиция хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Астана полициясы қоғамдық орындарда құқыққа қайшы кез келген әрекетке жол берілмейтінін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық әйел автобуста белгісіз ер адамның өзіне қол жүгірткенін айтып, шағымданғаны туралы жазған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Түркістан облысында жігітін өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген оқушы қызға қатысты сот үкімі шықты
Фото: Stan.kz

Түркістан облысында жігітін өлтіріп, кейін өртеп жіберген оқушы қыз сотталды. Небәрі 15 жастағы жеткіншек жантүршігерлік қылмысқа қыр-соңынан қалмаған жігіттен құтылу үшін барған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қанды оқиға биыл көктемде Леңгір қаласында болған еді. 25 мамыр күні Леңгір қаласындағы ескі зауыт маңынан 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты енді аяқтаған оқушы қыз ұсталды.

Тергеу мәліметінше қыз былтыр басталған қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Бірақ жігіт бұған көнбеген. Ақыры сотталушы қыз Шымкент қаласында тұратын жігітті алдап Леңгірге шақырып, арнайы сатып алған пышағымен 6 рет соққы жасаған. Жүрегі мен өкпесі ауыр жараланған жәбірленуші сол жерде көз жұмған.
"Әңгіме барысында 1 күн бұрын сатып алған пышақпен жәбірленушінің кеуде тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Айтуынша суық қаруды әуелі бір рет салып, жігіт құлаған соң қайтадан қылмысын жалғастырған. Марқұмның кеудесіне 6 рет кірген пышақтан жүрегі пен өкпесі ауыр жараланып бірден көз жұмыпты. Сөйтіп, қайтыс болғанына көзі жеткен соң жансыз денесі сол жерде қалдырып кеткен. Кейін құрылыс заттарын сататын дүкеннен барып жанатын сұйық заттар алып, қайтадан оқиға болған жерге барған. Қылмысын жасыру мақсатында , жәбірленушінің денесін өртеп жіберген", – деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.
Онсыз да сау-тамтығы қалмаған дененің 30%-ы өртеніп кеткені анықталды. Сөйтіп, қолы қанға боялған бойжеткен сыра алып ішкен. Кейін бар сұмдықты анасы мен достарына хабарлаған дейді судья.

Қылмысына сол күйі өкініш білдірмеген 15 жастағы 9-сынып оқушысы 8 жылға бас бостандығынан айрылды.
"Жәбірленуші тараптан қыздың ата-анасы өкінішпен кешірім сұрады. Олар кешірім берген. Бірақ қыз қолымен жасаған қылмысты сол күйі түсінбеген сияқты. Менің пікірімше ол әлі жағдайдың байбына әлі толық барған жоқ. Сот барысында заңды қорғаушылары қыздың  бұл қадамға қорғану үшін барғандарын айтып, сол пікірді алға тартты. Алайда, бұл жауапкершіліктен құтылуға алып келген жоқ. Өйткені сот медициналық сараптамасы қыздың денесінен ешқандай де жарақат, не көгеру, сырылу белгілері анықтамады. Яғни, марқұм қызға зорлық жасауға ұмтылмаған деген шешім шығарды", – дейді
Соттан кейін жәбірленуші тарап та, сотталушының жақындары да ешқандай пікір білдірмеген. 20 жастағы марқұмның анасы сот залынан көз жасын тыя алмай шығып кетті.

Еске салсақ, 2026 жылдың мамырында Түркістан облысының Леңгір қаласында қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Оны өлтірді деген күдікпен 9-сыныпта оқитын қыз ұсталды.

Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасын қабылдап, нақты тапсырма берді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, 12 қарашада ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" басшысы Елжас Отаншиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын растады. ҰҚК мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Тоқаев "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдіріп, жағдайды "ауқымды жемқорлықтың белгісі" деп атады.

Президент үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Осы оқиғалардан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Ермек Сағымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған. Президент Сағымбаевты қызметінен босатқан кезде "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" басшыларының жемқорлық күдігімен ұсталуын да назарға алған.

"Уақыт көрсетер": Олжас Абайдың бұрынғы әйелі балаларымен жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты
Фото: Instagram.com / aiora_singer / ochooou_o

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы әрі әнші Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына баспана алып беру туралы уәдесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әзірге бұл мәселе шешілмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймира Аман Qoslike бағдарламасына қатысып, ажырасқаннан кейінгі өмірі мен балаларының жағдайы туралы айтты.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко одан актердің балаларына жеке баспана алып берген-бермегенін сұрады. Аймира бұрынғы күйеуінің бұл уәдесі әзірге орындалмағанын жеткізді.

“Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде”, – деді Аймира Аман.

Ол бұрынғы жұбайынан өзі үшін емес, балаларының болашағы үшін қолдау күтетінін айтты. Дегенмен актердің қашан баспана алып беретінін нақты білмейтінін жеткізді.

Еске салайық, былтыр қарашада Аймира Аман “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында Олжас Абаймен жеті жыл бұрын ажырасқанын айтқан еді. Ол актердің балаларымен жиі араласпайтынын, ал кейінгі бір жарым-екі жылда әкесі мен ұлдарының қарым-қатынасы сирегенін жеткізген.

Сол кезде Аймира екі ұлымен және анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұратынын мәлімдеген. Оның айтуынша, пәтерақысын өзі төлейді, ал бұрынғы күйеуі ай сайын алимент аударып отырады.

“Әзірге жеке баспанамыз жоқ, пәтер жалдап тұрамын. Олжастың тарапынан биыл балаларына баспана алып беремін деген уәде болды, соны күтіп отырмын. Мен өзім мейлінше сабыр сақтағанды жақсы көремін, сондықтан мазасын алмаймын”, – деген еді Аймира.

Алайда көп ұзамай Олжас Абай бұрынғы жұбайының мәлімдемесіне әлеуметтік желі арқылы жауап берді. Актер балаларын қаржылай қамтамасыз етіп отырғанын айтып, оларға арналған екі бөлмелі пәтер дайын екенін жеткізген еді.

Қазақстанда бала туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты мектептер жаңа жұмыс режиміне көшуі мүмкін
Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов Қазақстанда туу көрсеткіші күрт төмендеген жағдайда жаңа мектептердің жағдайы не болатыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Қазақстандағы туу көрсеткішінің төмендеу қаупі мен урбанизация қарқынына қатысты мәселе көтерді. Олар вице-министрден қазір салынып жатқан мектептердің болашақта оқушысыз қалу ықтималдығы бар-жоғын және бұл бағытта ұзақ мерзімді болжам жасала ма деп сұрады.

Жайық Шарабасовтың айтуынша, министрлік халық санының өсуін және ішкі көші-қон үдерістерін ескере отырып, тұрақты түрде талдау жүргізеді. Оқушы саны артады деп болжанған өңірлерде жаңа мектептер салынып, қолданыстағы білім беру ұйымдары жаңғыртылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр.

Вице-министр туу көрсеткіші төмендеген күннің өзінде жаңадан салынған мектептер бос қалмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, қазір еліміздегі мектептердің басым бөлігі екі ауысыммен жұмыс істейді. Ал оқушы саны азайса, олар бір ауысымдық оқыту жүйесіне көшіп, кейін толық күндік мектеп форматына бейімделуі мүмкін.
"Қазір жалпы екі ауысыммен оқыту жүріп жатыр. Егер болашақта туу көрсеткіші төмендесе, бұл мектептер бос қалмайды. Олар бір ауысымдық оқыту режиміне көшеді", – деді Жайық Шарабасов.
Сонымен қатар вице-министр қазір Қазақстанда оқушы орындарының тапшылығы бар екенін жеткізді. Оның мәліметінше, ел мектептерінде 200 мың оқушы орны жетіспейді.

Осыған байланысты министрліктің алдағы жоспарында жаңа мектептер салу және білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мәселесі бар екені атап өтілді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бала туу көрсеткіші 2022 жылдан бері төмендеп келе жатқаны туралы жазған едік. Әсіресе отбасылардың екінші және үшінші баланы дүниеге әкелуге деген ықыласы азайған.

Көліктерінен де, ақшасынан да айырылған: Қазақстандықтарды 103 миллион теңгеге алдаған ер адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада автокөліктерді сату және сатып алумен айналысқан ер адамға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 103 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қалалық сотының мәліметінше, алаяқтық әрекеттердің құрбандары Астана мен Қарағанды қаласының тұрғындары болған.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, банк автонесие рәсімдеуге мақұлдау берген клиенттері бар екенін айтқан. Осыған сенген азаматтар өз көліктерін қашықтан аталған адамдардың атына қайта рәсімдеген.

Алайда ер адам көліктерді рәсімдегеннен кейін жәбірленушілермен есеп айырыспаған. Оның орнына алынған ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.

Жалпы 6 алаяқтық дерегі анықталған. Оның ішінде аса ірі мөлшерде жасалған қылмыс та бар. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 103 миллион теңгеден асқан.

Сотта айыпталушы Қарағанды тұрғындарына қатысты алаяқтық жасағанын мойындамай, бұл эпизодтар бойынша өзін ақтауды сұраған. Ал Астана тұрғындарына қатысты кінәсін ішінара мойындап, алаяқтық жасауға мәжбүр болғанын мәлімдеген.

Сот қылмыстардың сипаты мен ауырлығын, жәбірленушілерге келтірілген ірі көлемдегі шығынның өтелмегенін, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар оған алты жыл бойы автокөліктерді сатып алу-сату саласында қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Cот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жиһаз жасаймын деген алаяқ жұртты 21 миллион теңгеге алдап соққаны туралы жазған едік.

"Актерлер де, блогерлер де әнші болып кетті": Ақбота Керімбекова шоу-бизнестегі әділетсіздікке шағымданды
Фото: Instagram.com/botakerim

Танымал әнші Ақбота Керімбекова “Әңгіме бар” подкастында қазіргі шоу-бизнестегі жағдайға көңілі толмайтынын айтып, кәсіби әншілердің еңбегі ескерусіз қалып жатқанын жеткізді. Өнер иесі кейде басқа мамандық таңдамағанына өкінетінін де жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақбота Керімбекованың айтуынша, бүгінде актерлер мен блогерлердің әншілікке бет бұруы қалыпты жағдайға айналған. Алайда ол жылдар бойы арнайы білім алып, сахнаға дайындалған кәсіби өнерпаздардың еңбегі лайықты бағаланбайтынына қынжылады.

“Ер адам өз міндетін білсе, әйел өз міндетін білсе, актер өз театрындағы міндетін білсе, бәрі орынды болар еді деген ой менде. Қазір актерлердің бәрі әнші, блогерлердің бәрі әнші. Дұрыс, өнері бар шығар. Кімнің жұлдыз болғысы келмейді? Әу демейтін қазақ жоқ қой”, – деді әнші.

Өнер иесі сахнада ән айту үшін табиғи таланттың өзі жеткіліксіз екенін, кәсіби маман болу ұзақ жылдық дайындық пен еңбекті талап ететінін айтты.

“Қаншама жыл білім аласың, мұғалімдердің ұрысқанын естіп, таяғын жеп... Өнерде оқу оңай емес. Қаншама жылың еңбекпен, біліммен өтеді. Сөйтіп, әшейін біреу келеді де, сен сахнаға шыққан кезде... Түсінесің, бірақ әділдік болмай қалған кезде налып кетемін”, – деп ағынан жарылды Ақбота Керімбекова.

Сұхбат барысында әнші бала күнінде өнер адамы болуды армандамағанын да айтты. Оның сөзінше, әкесі спорт саласында еңбек еткендіктен, өзі де кішкентайынан спортқа жақын болып өскен.

Тіпті мектеп бітірген соң дене шынықтыру мамандығына оқуға түсуді жоспарлаған. Алайда анасының өтінішімен өнер жолын таңдаған.

“Мен негізі еркек болып туылатын адаммын ғой. Ана баланы дүниеге әкеледі, бірақ мінез бен болмысты Алла ғана береді. Кішкентайымнан еркекшора болып өстім. Әкем ұл болады деп тілеген екен. Өзі спорт саласында болғандықтан, мені кішкентайымнан спортқа баулыды. Дене шынықтыру факультетіне түсемін деп армандадым”, – деді ол.

Әншінің айтуынша, анасы қызының өнер саласында жетістікке жеткенін қалаған. Дегенмен кейде басқа мамандық таңдамағанына өкінетінін де жасырмады.

“Анам “Қыз баласың, мен жетпегенге сен жет” деді. Сөйтіп, өнер жолына келдім. Осындай әділетсіздіктерді көргенде, неге басқа салаға кетпедім деп ойлаймын”, – деді Ақбота Керімбекова.

Еске салайық, бұған дейін әнші Ақбота Керімбекова 30 жылда алғаш рет мемлекеттік наградамен марапатталғаны хабарланған еді. Өнер иесіне “Парасат” орденін Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Марапат “Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне” арналған салтанатты жиында Президенттің Жарлығымен берілді.

Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

20 қарашада Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа нысан ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайына тиісті ветеринариялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауылдық елді мекендер үшін ерекше маңызға ие. Себебі мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі әрі көптеген отбасының табыс көзі болып табылады.

2026 жылға арналған жоспар аясында Шығыс Қазақстан облысында 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Бүгінгі таңда жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған шараларды іске асыру ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Веселовка ауылында ветеринариялық пункттің ашылуы – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кезекті маңызды қадам.

ҰБТ-дағы өзгеріс түлектердің наразылығын тудырды: Екі жыл дайындалған пәндерін тапсыра алмауы мүмкін
Фото: magnific.com

2027 жылғы ҰБТ-да химиялық инженерия мамандығына түсу үшін бейіндік пәндер комбинациясы өзгеруі мүмкін. Бұған дейін талапкерлер "Химия – Физика" пәндерін таңдаса, енді олардың орнына "Химия – Биология" комбинациясын енгізу жоспарланып отыр. Алайда бұл жаңалықты оқу жылының ортасында естіген 11-сынып оқушылары дайындықтары зая кетеді деп алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Түлектер неге наразы?

Әлеуметтік желіде қазақстандық қыздың ҰБТ-дағы өзгерістерге қатысты жазбасы қызу талқыланды. Ол 10-сыныптан бері химия мен физиканы қатар оқып, жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген сіңлісінің жағдайына алаңдайтынын жеткізген.
"Сіңілім 10-сыныптан бастап осы екі пән бойынша арнайы курстарға қатысады. Екі жыл бойы күш-жігері мен уақытын осы пәндерді меңгеруге жұмсады. Енді ол не істейді?" – деп жазды ол.
Жазба авторы химиялық инженерия мамандығына түсу үшін физиканың орнына биологияны талап ету қаншалықты орынды екенін түсінбейтінін айтқан. Оның сөзінше, жаңа пәнді бірнеше айдың ішінде меңгеріп, емтиханға дайындалу оқушыларға оңай болмайды. Бұған қоса, қазақстандық қыз Ұлттық тестілеу орталығының сайтында бұрын "Химия – Физика" комбинациясы бойынша ақылы сынақ тестілері де болғанын еске салды.

11-сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығынан бұрынғы пәндер комбинациясын 2027 жылғы ҰБТ-да да қалдыруды сұрайды.

Олардың айтуынша, көптеген оқушы 10-сыныптан бастап физикаға дайындалып, ата-аналары репетиторлар мен оқу курстарына қомақты қаражат жұмсаған.
"Түлектер өзгеріс туралы оқу жылы басталғаннан кейін, 11-сыныптың алғашқы үш айы өтіп кеткенде ғана білді. Шешім алдын ала ескертусіз қабылданғандай әсер қалдырды. 2027 жылғы 10 қаңтарда басталатын қаңтар ҰБТ-сына бір жарым айдан сәл ғана көп уақыт қалды. Осы уақыт ішінде биологияны нөлден бастап меңгеру мүмкін емес", – делінген ата-аналар мен оқушылардың үндеуінде.
Мәселе B060 "Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламасына қатысты. Бұл бағытқа мұнай-химия, химиялық технологиялар, мұнай мен газды өңдеу салалары кіреді. Түлектер мұндай мамандықтар үшін биологиядан гөрі физика маңызды деп есептейді.

Ұлттық тестілеу орталығы өзгерісті қалай түсіндірді?

Ұлттық тестілеу орталығы пәндер комбинациясын өзгерту туралы ұсынысты Республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен жұмыс беруші кәсіпорындар енгізгенін хабарлады. Орталықтың түсіндіруінше, "Химия – Биология" комбинациясын енгізу талапкерлерге қосымша мамандықтарға түсуге мүмкіндік беріп, саладағы кадр тапшылығын азайтуға көмектеседі.

ҰТО дерегіне сәйкес, жаңа комбинациямен талапкерлер білім берудің төрт саласындағы 18 мамандық бойынша грантқа үміткер бола алады. Ал бұрын "Химия – Физика" пәндерін таңдағандар тек бір мамандыққа ғана түсе алған.

Оқушыларға өзгеріс қашан хабарланды?

Оқушылардың наразылығына жауап берген орталық өзгеріс бірден енгізілмегенін алға тартты. Олардың мәліметінше, жаңа талапқа көшу 2026 жылы басталған.

Сол жылы химиялық инженерия мамандығына түсу үшін талапкерлерге екі нұсқаның бірін таңдау мүмкіндігі берілген. Яғни олар "Химия – Физика" немесе "Химия – Биология" комбинациясын тапсыра алған.
"Өзгеріс кезең-кезеңімен енгізілді. 2026 жылы екі пәннің бірін таңдауға мүмкіндік беретін өтпелі нұсқа қолданылды. Ал 2027 жылдан бастап "Химия – Биология" комбинациясын түпкілікті бекіту жоспарланып отыр", – деп жауап берді ҰТО.
Орталық өкілдері талапкерлерге бұл туралы оқу жылының басында хабарланғанын да мәлімдеді. Олардың айтуынша, 2027 жылғы ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациялары алдын ала жарияланған.

Алайда редакция 2026 жылғы 30 қыркүйекте ҰТО сайтында шыққан ақпаратты зерделеген. Онда пәндер комбинацияларының тізімі болғанымен, "Химия – Физика" нұсқасының келесі жылдан бастап алынып тасталатыны нақты көрсетілмеген.

Баспасөз қызметінен бұл туралы арнайы ескерту жарияланған-жарияланбағаны сұралғанымен, орталық тағы да сол тізімге сілтеме жасаған.

Жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, өзгерістер нормативтік-құқықтық акт жобасына енгізілген. Қазір құжат келісу сатысында. Дегенмен редакцияға оның жобасы ұсынылмаған және ашық дереккөздерден де табылмаған. Бұл мәселеге қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігіне де сауал жолданған. Алайда материал жарияланғанға дейін ведомстводан жауап келмеген.

Әзірге ҰТО 2027 жылдан бастап "Химия – Биология" комбинациясын түпкілікті бекіту жоспарланып отырғанын ғана растады. Сондай-ақ орталық сайтта әлі тұрған "Химия – Физика" комбинациясы бойынша сынақ тестілері қолжетімділіктен алынатынын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ҰБТ форматын өзгерту жоспарланып отырғанын жазған едік. Жаңа жүйе бойынша талапкерлер 14 бейіндік пәннен тест тапсырып, сыни ойлау, академиялық жазу, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллектіні қолдану дағдылары бойынша да бағалануы мүмкін. Жаңа форматты Ұлттық тестілеу орталығы ETS ұйымымен бірлесіп әзірлеп жатыр. Жобаны 2027 жылдың көктемінде пилоттық режимде сынақтан өткізу жоспарланған.

"Немеремді әкесіне көрсетпейді": Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын түіндірді
Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында тұңғышының отбасылық өміріне тоқталып, ұлының келінімен не себепті ажырасып кеткенін түсіндірді. Өнер иесі бұрынғы келінімен бүгінде араласпайтынын да жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші үлкен ұлының шаңырағы шайқалуына отбасындағы келіспеушілік себеп болғанын жеткізді. Оның айтуынша, келіні бөлек үйге көшкісі келгенімен, ұлы әжесінен алыстағысы келмеген.

“Үлкен ұлымның ажырасуының себебі – келін бөлек шыққысы келді. Ал балам апасының бауырына басқан баласы. Мен жалғыз қыз болғандықтан, анам үлкен ұлымды бауырына басқан. Келін бөлек тұрғысы келді, балам бармаймын деді. Бәрі содан басталды”, – деді әнші.

Ақбота Керімбекова жас отбасының ажыраспауы үшін қолдан келгенше әрекет еткенін айтты. Тіпті бөлек тұруға да қарсы болмағанын жеткізді.

“Ұлымдікі де дұрыс па деп ойлаймын. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Өзіңнің өміріңдегі қателіктерді балаларың жасамаса екен деп тілейсің. Оны түсінетін де, түсінбейтін де бала бар. Өздерінің таңдауы солай болды. Біз біраз тырыстық. Ақыры екі жаққа кетті. Қазір әрқайсысы өз өмірін сүріп жатыр”, – деді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші ажырасқаннан кейін бұрынғы келінімен байланысы үзілгенін айтты.

Ол немересінің әкесімен және оның туыстарымен араласуына кедергі келтіретін жағдайларға қынжылатынын жеткізді.

“Үлкен ұлым ажырасып кетті. Қазір келініммен араласпаймын, өзі де араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса, баланы алып қашады? Ата-енесіне, әкесіне берсін, олар да көмектессін. Сол әулеттен туды, солардың ұрпағы. Баланы әкесіне, ата-әжесіне көрсетпейтін қыздарды түсінбеймін”, – деді ол.

Дегенмен әнші бұрынғы келінін кінәлағысы келмейтінін, уақыт өте келе арадағы түсініспеушілік шешілуі мүмкін екенін айтты.

“Түсінетін шығар, ренжімеймін, жас қой әлі. Мүмкін, өкпе-назы бар шығар. Уақыттың еншісіне қойдым. Ол бала ешқайда кетпейді. Менің де әке-шешем ажырасқанымен, әкемнің туыстарынан қол үзген жоқпын. Олармен араласамын, сағынамын. Баласы бар адам бәрібір сол әулетпен байланысты болып қалады”, – деді әнші.

Өнер иесі ажырасқан ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік балалардың туыстарымен қарым-қатынасына әсер етпеуі керек деп есептейді.

“Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді”, – деп түйіндеді ол.

Әңгіме барысында Ақбота Керімбекова өзге балаларының да жағдайына тоқталды. Айтуынша, екінші ұлы отбасын өзі қамтамасыз етіп отыр. Ал кенже ұлы әлі жас, енді ержетіп келеді.

Қазақстанда несие мен депозиттің пайызын есептеу тәртібі өзгереді
Фото: Pexels

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары несие, микрокредит және депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бірыңғай тәртіппен есептейді. Енді қаржы ұйымдары нақты пайыздық мөлшерлемені жарнамада ұсақ қаріппен көрсете алмайды. Сондай-ақ клиенттің өтініші бойынша несие бойынша тиімді мөлшерлемені қайта есептеуге міндетті болады. Жаңа талаптар 30 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін жаңартты. Жаңа қаулы қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды біріздендіріп, несие мен депозиттің нақты құнын есептеу жолын нақтылайды.

Құжат екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және басқа да қаржы ұйымдарына міндетті болады. Алайда ислам банктері, сондай-ақ банктер арасындағы қарыздар мен депозиттер бұл талапқа кірмейді.

Несие жарнамасында пайызды жасыруға болмайды

Жаңа ережедегі негізгі өзгерістердің бірі – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсету тәртібі. Бұған дейін жарнамада немесе несие шарттарында номиналды пайыздық мөлшерлеме көзге түсетіндей беріліп, ал несиенің нақты құнын көрсететін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсақ қаріппен жазылуы мүмкін еді.

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары нақты мөлшерлемені басқа пайыздармен бірдей көлемде және стильде көрсетуге міндетті. Бұл талап:

жарнамалық материалдарға;

несие шарттарына;

клиенттің жеке кабинетіне;

мобильді қосымшаларға қатысты.

Сонымен қатар қаржы ұйымдарының сайтында несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін барлық қосымша төлемді ескере отырып есептейтін онлайн-калькулятор болуы керек. Ломбардтар мен кредиттік серіктестіктер үшін сайт болған жағдайда бұл талап қолданылады.

Мұндағы маңызды айырмашылық – номиналды пайыз бен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бір көрсеткіш емес. Номиналды мөлшерлеме несие бойынша негізгі пайызды білдіреді. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушының нақты шығынын, яғни пайызбен бірге есепке алынатын комиссиялар мен қосымша төлемдерді де қамтиды.

Банк несиенің пайызын қандай жағдайда қайта есептейді?

Жаңа талап бойынша қаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төрт жағдайда есептеуге немесе қайта есептеуге міндетті.

Несие рәсімдеген кезде. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі келісімшартқа қол қойылған күнгі жағдай бойынша есептеледі.

Клиент сұраған кезде. Қарыз алушы банктен несиенің қалған мерзіміне арналған нақты тиімді мөлшерлемені есептеуді талап ете алады. Бұл ретте екі нұсқаның бірін таңдайды: несие берілгеннен бергі барлық төлемді есепке алу немесе тек қалған негізгі қарыз бен алдағы төлемдерге сүйену.

Несие шарты өзгергенде. Егер келісімшарттағы өзгерістер клиенттің міндеттемелеріне немесе төлем мерзіміне әсер етсе, мөлшерлеме қайта есептеледі.

Қосымша төлемдер пайда болғанда. Несие рәсімдеу кезінде есепке алынбаған шығындар кейін пайда болса, олар да жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есебіне енгізіледі.

Егер мөлшерлеме өзгерсе, банк немесе микроқаржы ұйымы бұл туралы клиентке келісімшартта көрсетілген тәсілмен хабарлауы керек. Мысалы, азамат несие рәсімдегеннен кейін оған қосымша комиссия немесе басқа төлем енгізілсе, қаржы ұйымы бұл шығынды ескеріп, несиенің нақты құнын қайта есептеуге тиіс.

Несиені қайта құрылымдағанда не өзгереді?

Егер клиент банкпен келісіп, несиені қайта құрылымдаса немесе төлем мерзімін кейінге шегерсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы тәртіппен емес, қалған міндеттемелер негізінде есептеледі.

Бұл жағдайда банк:

негізгі қарыздың қалған сомасын;

несиені өтеудің қалған мерзімін;

алдағы комиссиялар мен төлемдерді ескереді.

Ал клиенттің несие рәсімделгеннен бері төлеп қойған ақшасы жаңа есепке қосылмайды. Қайта есептелген мөлшерлеме жаңа шарт күшіне енген күні қосымша келісімде көрсетіледі.

Тағы бір ерекшелік бар. Егер несие басқа қаржы ұйымына берілсе, жаңа кредитор да клиенттің өтініші бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеуге міндетті.

Депозиттің табыстылығы қалай есептеледі?

Өзгерістер тек несиеге емес, банктегі депозиттерге де қатысты. Енді салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептегенде клиент пен банк арасындағы барлық ақша қозғалысы ескеріледі.

Оның ішінде:

депозитке салынған бастапқы ақша;

банк ұстайтын комиссиялар;

есептелген сыйақы;

салымшыға қайтарылған қаражат;

тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша берілетін мемлекеттік сыйлықақы бар.

Егер депозит келісімшартында салым мерзімі көрсетілмесе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін ол шарт жасалған күннен бастап 12 айға ашылған деп есептеледі.

Ал банк депозитке сыйақы төлемейтін болса да, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есептеледі. Бұл жағдайда мөлшерлеме банктің комиссияларын ескере отырып көрсетіледі.

Жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен қаулы 2026 жылғы 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы күннен бастап банктер, микроқаржы ұйымдары және басқа да қаржы ұйымдары несие мен депозиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жаңа тәртіппен есептеуге тиіс.

Жаңа талаптардың негізгі мақсаты – қаржы қызметтерінің нақты құнын ашық көрсету. Яғни азамат несие рәсімдемес бұрын қанша пайыз төлейтінін ғана емес, комиссиялар мен қосымша шығындарды қосқандағы жалпы қаржылық жүктемесін де түсіне алуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда несиесін қайта қаржыландырғысы келетіндерге қойылатын талап өзгеруі мүмкін екені айтылған.

Үйі жер сілкінісінен қираса, қазақстандықтарға қанша өтемақы беріледі
Фото: mirmaksa.ru

Қазақстанда пәтерлер мен жеке үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жоспарланып отыр. Жаңа жүйе бойынша тұрғындар жыл сайын 2 мыңнан 22 мың теңгеге дейін жарна төлеуі мүмкін. Ал жер сілкінісі, су тасқыны немесе орман өрті салдарынан баспанасы бүлінген азаматтарға сақтандыру қорынан өтемақы беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Міндетті сақтандыру жүйесіне қатысты қосымша мәліметтерді Krisha.kz редакциясы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресми сауал жолдап анықтаған. Ведомство жауабында қандай тұрғын үйлер сақтандырылатыны, жылдық жарна мөлшері, полис болмаған жағдайда не болатыны және кімдерге сақтандыру қажет болмайтыны түсіндірілген.

Жаңа талап барлық тұрғын үй иесіне бірдей енгізілмейді. Жоспар бойынша, сақтандыру жүйесі алдымен Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында іске қосылады. Кейін оны тағы 13 өңірге тарату көзделген.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген бастамаға сәйкес, жеке тұлғалардың меншігіндегі тұрғын үйлер міндетті сақтандыруға жатады. Оған пәтерлер мен жеке үйлер кіреді. Алайда сақтандыру тек ғимараттың өзіне қатысты болады. Яғни үй ішіндегі жиһаз, тұрмыстық техника, киім-кешек және басқа да жеке заттар өтемақы есебіне кірмейді.

Полис үш негізгі табиғи қауіптен қорғайды:

жер сілкінісі;

су тасқыны мен су басу;

табиғи сипаттағы орман өрттері.

Сақтандыруды арнайы құрылатын қор арқылы немесе сақтандыру компанияларының көмегімен рәсімдеу жоспарланған. Полисті жыл сайын жаңартып, тиісті жарнаны қайта төлеу қажет болады.

Жыл сайын қанша ақша төлеу керек?

Алдын ала есеп бойынша, тұрғын үйді міндетті сақтандырудың жылдық жарнасы 0,5-тен 5 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін болады. 2026 жылғы АЕК мөлшерімен есептегенде бұл шамамен 2 163-21 625 теңге аралығында.

Жарна көлемі адамның қай өңірде тұратынына және сол аумақтағы табиғи апат қаупіне байланысты белгіленеді. Яғни жер сілкінісі, су тасқыны немесе орман өрті қаупі жоғары аймақтарда сақтандыру қымбатырақ болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда жер сілкінісінің қаупі жоғары болғандықтан, тұрғындар үшін жарна мөлшері жоғарғы шекке жақын болуы ықтимал. Ал табиғи апат қаупі төмен өңірлерде төлем көлемі аз болады.

Үй қираса, қанша өтемақы беріледі?

Сақтандыру төлемі тұрғынның жыл сайын төлеген жарнасына байланысты есептеледі. Алдын ала ұсынылған тәртіп бойынша, баспана толық қираған жағдайда азаматқа жылдық жарнаның 500 еселенген мөлшері, ал жартылай бүлінген кезде 250 еселенген мөлшері төленуі мүмкін.

Мысалы, егер тұрғын жылына ең жоғары 21 625 теңге жарна төлесе:

Үй толық қираса – 10 миллион 812 мың 500 теңге;

Үй жартылай бүлінсе – 5 миллион 406 мың 250 теңге.

Ал ең төменгі жарна – 2 163 теңге болған жағдайда өтемақы шамамен 1 081 500 теңге және 540 750 теңгені құрайды.

Дегенмен бұл қаражат қираған үйдің толық нарықтық құнын өтеуге арналмаған. Қордан берілетін ақша ең алдымен баспананы қалпына келтіруге немесе зардап шеккен отбасының алғашқы қажеттіліктерін өтеуге бағытталады.

Егер азамат үйін толық қалпына келтіруге немесе жаңа баспана сатып алуға жеткілікті өтемақы алғысы келсе, қосымша ерікті сақтандыру рәсімдей алады. Бұл жағдайда сақтандыру сомасын тұрғын үйдің нарықтық құнына қарай арттыруға мүмкіндік бар.

Сақтандыру болмаса, айыппұл салына ма?

Алдын ала мәлімет бойынша, міндетті сақтандыру полисін рәсімдемегені үшін азаматтарға айыппұл салынбайды. Алайда сақтандыруы жоқ үй иесі табиғи апаттан кейін арнайы қордан өтемақы ала алмайды.

Бұл ретте мемлекет тарапынан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек тоқтамайды. Яғни міндетті сақтандыру мемлекеттік қолдауды алмастырмайды, керісінше, оған қосымша қаржылық қорғаныс тетігі ретінде енгізілмек.

Тағы бір маңызды жайт – табиғи апат болған жағдайда ақша автоматты түрде аударылмайды. Алдымен әкімдік жанындағы комиссия тұрғын үйдің шынымен сақтандыруға жататын апаттан зардап шеккенін анықтап, бүліну деңгейін бағалайды.

Одан кейін үй иесі арнайы қорға онлайн немесе жеке өтініш береді. Сақтандыру жағдайы расталған соң, өтемақы бес жұмыс күні ішінде банк шотына аударылады немесе қолма-қол беріледі.

Міндетті сақтандыру қашан енгізіледі?

Жүйені іске қосу екі кезеңге жоспарланған.

2027 жылғы 1 шілде: арнайы сақтандыру қорын жұмысқа дайындау басталады.

2030 жылғы 1 шілде: тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Алғашқы кезеңде жүйе Алматы, Шымкент және Жамбыл облысында іске қосылады. Кейін тағы 13 өңірге таратылады. Олардың нақты тізімін Үкімет бекітеді.

Қор алғашқы кезеңде қаражат жинақтап, сақтандыру жүйесінің қаржылық негізін қалыптастыруы керек. Сондықтан жүйенің іске қосылуы мен нақты өтемақы төлеудің басталу мерзімдерін ажыратқан жөн. Қаражат жинақтау кезеңіне байланысты сақтандыру төлемдерін толық көлемде жүргізу 2031 жылдан басталуы мүмкін.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасында осы бастаманы ұсынған болатын. Жүйені іске асыру үшін заңнамалық өзгерістер қажет.

Осылайша, Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілсе, азаматтар жыл сайын баспанасын табиғи апаттардан қорғау үшін жарна төлейді. Бірақ бұл төлем үй қираған жағдайда оның толық құнын қайтаруға кепілдік бермейді. Негізгі мақсат – төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы қаржылық көмек көрсету және апат салдарын жою кезінде мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайту.

Шағын бизнестен үлкен мүмкіндіктерге: Атырау кәсіпкерлері жаңа деңгейге қалай көтерілді
Фото: Shell LiveWIRE бағдарламасы

Шағын және орта бизнес үшін дамудың келесі кезеңіне өту көбіне ішкі процестерді қайта құруды, команданы күшейтуді және басқарудың жаңа құралдарын енгізуді талап етеді.

Мұндай өзгерістердің өңірлік компаниялардың өсуіне қалай ықпал ететінін Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) "Шелл Қазақстан" компаниясымен бірлесіп іске асыратын Shell LiveWIRE бағдарламасы аясында қолдау алған әртүрлі салалардағы үш атыраулық компанияның тәжірибесі көрсетеді.

Қытай тілі мектебі China Talk, автокөлік бөлшектерін жеткізуші VOLTIX және жергілікті киім бренді ACCEL ERLANOVNA әртүрлі салада жұмыс істесе де, олардың әрқайсысы өзіндік трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Оқыту мен сараптамалық қолдаудың арқасында кәсіпкерлер басқаруды жетілдіріп, цифрлық шешімдерді енгізіп, одан әрі өсуге негіз қалап отыр.

Shell LiveWIRE бағдарламасы Қазақстанда 2018 жылдан бері жұмыс істейді және кәсіпкерлікті дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және өңірлік экономиканы әртараптандыруға бағытталған. Қатысушылар оқуға, акселерацияға және сараптамалық қолдауға қол жеткізеді. Бағдарламаның әйел кәсіпкерлерге арналған Women Entrepreneurship Booster және жас кәсіпкерлерге арналған Youth Business Scale-Up бағыттары биыл қатысушылар үшін тегін өтті.
"Бизнес енді дамып келе жатқанда, кәсіпкер әдетте көп міндетті қатар атқарады. Алайда компания өскен сайын тұрақтылық пен одан әрі масштабтауға дайын болу мәселелері бірінші орынға шығады. Біз компанияларға өз әлеуетін іске асыруға және ұзақ мерзімді дамудың негізін қалауға көмектесеміз: нақты бизнес-міндеттерді шешу үшін практикалық құралдар мен сараптама ұсынамыз. Біз үшін бағдарламаға қатысушы компаниялардың жетістігі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіпкерлік экожүйесін нығайтуға ықпал етуі маңызды", – дейді ЕҚДБ-нің Қазақстандағы ШОБ қолдау бағдарламасының жетекшісі Азим Гайбулин.
China Talk: шағын тілдік топтардан толыққанды мектепке дейін

China Talk қытай тілі мектебі Атырауда 2026 жылдың басында ашылды. Бастапқы кезеңде негізін қалаушы Татьяна Лабашова басқарушылық міндеттердің көбін өзі атқарды, ал команда небәрі екі адамнан тұрды. Бизнес дамыған сайын клиенттермен жұмысты неғұрлым жүйелі ұйымдастыру және қызметкерлердің міндеттерін бөлу қажеттігі туындады.

Фото: Shell LiveWIRE бағдарламасы

Батыс Қазақстанның әйел кәсіпкерлеріне арналған Shell LiveWIRE бағдарламасының тегін акселерациялық бағыты – Women Entrepreneurship Booster-ге қатысу осы міндеттерді шешуге көмектесті. Компанияда команданы басқару тәсілдері қайта қаралып, жауапкершілік аясы бөлінді және клиенттермен жұмыстың цифрлық жүйесі енгізілді. Бағдарламаға қатысқан кезеңде команда екі адамнан тоғыз адамға дейін өсіп, пайда бес есе артты. Алынған басқару құралдары білім беру бизнесін одан әрі кеңейтуге негіз қалайды.

VOLTIX: Цифрландыру қойманы басқаруға және сауда бизнесін өсіруге көмектеседі

VOLTIX автосервистерге, көлік компанияларына және көтерме сатып алушыларға түпнұсқа автокөлік бөлшектерін сатумен айналысады. Бұл идея негізін қалаушы Ердос Кунтубек бір қоймада бірдей бөлшектер жатып қалғанда, екінші қоймада оларды сатып алуды жалғастырып жатқанын байқаған кезде туындады. Shell LiveWIRE бағдарламасының жас кәсіпкерлерге арналған акселерациялық бағыты – Youth Business Scale-Up-қа қатысу басымдықтарды анықтауға және цифрландыру жоспарын дайындауға көмектесті. Компанияда тауарды есепке алудың электрондық жүйесі енгізіліп, штрихкодтар мен клиенттерге автоматты хабарламалар қолданыла бастады. Сонымен қатар қызметкерлердің міндеттері бөлініп, тиімділік көрсеткіштері енгізілді және қаржылық жоспарлау жетілдірілді.

Бүгінде компанияның айлық түсімі шамамен 3 миллион теңге болады, жалпы маржасы – 40%, ал пилоттық учаскеде тапсырысты жинау уақыты 15 минуттан 5 минутқа дейін қысқарды. Командада төрт адам бар: меншік иесі, B2B-менеджер, қоймашы және аутсорсингтегі бухгалтер. Кәсіпкер цифрлық құралдарды қалған қойма алаңдарына таратып, алдағы 6-12 айда айлық түсімді 10 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. VOLTIX тәжірибесі жекелеген бизнес-процестерді цифрландырудың өзі шағын компаниялардың операциялық тиімділігін арттырып, масштабтауға алғышарт жасай алатынын көрсетеді.

ACCEL ERLANOVNA: үйдегі хоббиден меншікті өндіріске дейін

2018 жылдан бастап Асель Ерлановна ACCEL ERLANOVNA премиум киім брендін дамытып келеді: машинамен тоқумен үйде айналысу хоббиі Атыраудағы өндіріске ұласты, мұнда табиғи итальяндық иірілген жіптен шектеулі коллекциялар жасалады. 2026 жылы Асель Women Entrepreneurship Booster бағдарламасының алты айлық курсынан өтіп, тегін тәлімгерлік қолдау алды. Оқу стратегиялық жоспарлау құралдарын берді, міндеттерді бөлуге және лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге көмектесті.

Фото: Shell LiveWIRE бағдарламасы

Өндіріс пен сатылым көлемі екі есе өсіп, жеті жаңа жұмыс орны құрылды. Өкілеттіктерді делегациялау негізін қалаушыға дизайнға және жаңа коллекцияларға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік берді. Visa Fashion Week Almaty аясындағы көрсетілімнен кейін бренд туралы Harper’s Bazaar, ELLE Kazakhstan және Vogue Ukraine жазды. Қазақстан нарығына арналған интернет-дүкен іске қосылды, ал Еуропа нарығында онлайн-сатылымды бастауға дайындық жүріп жатыр.
"Біз кәсіпкерліктің дамуы адамдар мен олардың дағдыларының дамуынан басталады деп сенеміз. Shell LiveWIRE арқылы біз кәсіпкерлерге өсу үшін білім мен практикалық құралдар алуға көмектесеміз. Оралдан шыққан оқиғалар жергілікті бизнестің жетістігі – бұл жаңа жұмыс орындары мен өңір отбасыларына арналған жаңа қызметтер де екенін көрсетеді", – дейді "Шелл Қазақстан" компаниясының қаржы және корпоративтік қатынастар жөніндегі жетекшісі Айгуль Барменкулова.
Салалары мен қызмет ауқымы әртүрлі болғанына қарамастан, үш компания да ортақ үрдісті көрсетіп отыр: күнделікті операциялық міндеттерді шешуден жүйелі басқаруға және ұзақ мерзімді жоспарлауды қалыптастыруға көшу. China Talk үшін бұл білім беру желісін кеңейту, VOLTIX үшін – сауда операцияларының тиімділігін арттыру, ал ACCEL ERLANOVNA үшін өндірісті дамыту және халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерін ашады. Осындай өзгерістерді қолдай отырып, Shell LiveWIRE Қазақстан өңірлерінде неғұрлым тұрақты әрі бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнестің қалыптасуына ықпал етеді.

"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Фото: pravmir.ru

Алматыда балалар арасында вирустық инфекциялардың таралуына байланысты ата-аналардың шағымы көбейді. Әлеуметтік желіде олар балаларының дене қызуы 39–40°C-қа дейін көтеріліп, бірнеше күн бойы түспейтінін, кейбірінің құсу, іш өту және әлсіздік белгілерімен ауруханаға түскенін жазып жатыр. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне де науқастар көптеп жүгінген. Stan.kz тілшісі жағдайдың мән-жайын анықтап көрді.

"Қызуы 39,5°C-қа дейін көтеріліп, дәріден кейін де түспеді": ата-аналар не дейді?

Әлеуметтік желіде балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналар түрлі жазба жариялап жатыр. Олардың сөзінше, балалардың дене қызуы күрт көтеріліп, оны түсіру қиынға соғып отыр.

Ата-аналардың бірі баласының алдымен дене қызуы 38,5°C-қа дейін көтерілгенін, бастапқыда оны тіс шығуымен байланыстырғанын айтады. Кейін ақылы педиатрға қаралған. Дәрігер баланың тамағы қызарғанын айтып, тапсырылған талдау нәтижесінде вирустық инфекция анықталған.

"Баламның қызуы сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні көтерілді. Сәрсенбі күні дәрігерге бардық. Сол күннің кешінен бастап бейсенбі, жұма күндері қызуы әрең түсті. Бірақ кешке дене қызуы 39,5°C-қа жетіп, дәрі бергеннен кейін де түспеді. Жедел жәрдем шақырдық. Бізді қабылдау бөліміне жеткізіп, укол салды. Дәрігерлер мұндай қызу тағы 2–3 күн сақталуы мүмкін екенін айтты. Алайда уколдан кейін екі сағат өтпей жатып, қызуы қайтадан 39,5°C-қа көтерілді", – деп жазды ата-аналардың бірі.

Тағы бір ата-ана баласының жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін жеткізген. Оның айтуынша, компьютерлік томография кезінде пневмония анықталған. Бала бірнеше сағат бойы қабылдау бөлімінде отырған. Кейін басқа ауруханаға жіберілгенімен, онда да медициналық көмек алу үшін ұзақ күтуге тура келгенін айтады.

"Өкінішке қарай, иә, вирус өте ауыр екен! Кеше қызымды ауруханаға алып бардық, бірақ бастапқыда жатқызғылары келмеді. КТ нәтижесінде пневмония анықталды. Қабылдау бөлімінде үш сағаттай отырдық, баланың жағдайы өте ауыр, қатты интоксикация бар деді. Басқа ауруханаға жатқызуы мүмкін екенін айтып, жолдың арғы бетіне өтуімізді сұрады. Қызым әрең жүріп жетті. Ол жақта да екі сағаттай әуре-сарсаңға салды. Ақыры балам есінен танып қалды. Дене қызуы түспей жатыр, тамызғыш та көмектеспей жатыр. Бүгін дәрігерлер менингококк инфекциясы болуы мүмкін екенін айтты", – деп жазды ол.

Әлеуметтік желіде энтеровирус жұқтырған балалар туралы да жазбалар жарияланып жатыр. Тағы бір ата-ана құсу мен іш өту кезінде баланың ағзасы сусыздануы мүмкін екенін айтып, өзгелерді сақ болуға шақырған.

“Егер баланың іші өтіп, құсса, дереу қанның биохимиялық талдауын тапсыру қажет. Ағза сусызданған кезде су жоғалтады. Соның салдарынан бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі айтарлықтай артады. Дәрігерлер бұл туралы үнемі ескерте бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайлар тәжірибеде жиі кездеседі. Біз де 1 апта бұрын энтеровируспен бетпе-бет келдік. Дәрігерлер тағы жарты тәулік кешіккенімізде, бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауымыз мүмкін екенін айтты”, – деді ол.

Дәрігер: "Жедел жәрдемге энтеровирус диагнозымен көптеп түсіп жатыр"

Stan.kz тілшісі Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасы маманынан да пікір алды. Дәрігердің айтуынша, соңғы уақытта медициналық көмекке жүгінген балалар саны әдеттегіден артқан. Олардың арасында энтеровирустық инфекция жұқтырғандар баршылық.

"Қазір жедел жәрдемге ауырып келіп жатқан балалар саны өте көп. Олардың арасында энтеровирус диагнозымен түсіп жатқандар біршама. Кішкентай балалар ғана емес, жасөспірім балалар да жедел жәрдем шақырып жатыр. Көпшілігінде дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, іш өту, құсу, лоқсу, мұрынның бітелуі сияқты белгілер байқалады. Энтеровирус көбіне лас қол арқылы жұғады. Бала қолын жумай, аузына салса немесе кір қолмен тамақтанса, инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ науқас адаммен байланыс кезінде де беріледі. Егер баланың дене қызуы 3–4 сағат аралығында бірнеше рет 39–40°C-қа дейін көтерілсе, оған іштің ауыруы, іш өту, құсу қосылса, мұндай жағдайға алаңдау керек. Міндетті түрде дәрігерге қаралып, аурудың нақты себебін анықтау қажет", – деді ол.

Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті. Оның сөзінше, балалардың ағзасы ересектердікінен өзгеше болғандықтан, аурудың алғашқы белгілеріне немқұрайлы қарауға болмайды.

"Кейде ата-аналар баласының мұрнынан су ақса, жай ғана сүртіп қоя салады. Бұл дұрыс емес. Баланың жалпы жағдайына, дене қызуына және басқа да белгілеріне назар аудару керек. Егер баланың дене қызуы 39–40°C-қа дейін көтерілсе немесе жағдайы нашарласа, үйде өз бетінше емдей бермей, медициналық көмекке жүгіну қажет. Инфекция кезінде баланың жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір балаларда ауру асқынып, бронхит немесе пневмония сияқты асқынуларға ұласуы ықтимал. Сонымен қатар баланың созылмалы аурулары болса, ем тағайындау кезінде оның ерекшеліктері міндетті түрде ескерілуі керек. Мәселен, дәрігер дәріні әр 8 сағат сайын беруді тапсырса, белгіленген уақыт аралығын қатаң сақтау керек. Егер дәріні уақытылы бермей, қабылдау тәртібі бұзылса, оның емдік әсері төмендеуі мүмкін", – деді дәрігер.

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да хабарластық. Ведомство мәліметінше, қалада ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты балаларға арналған аурухана төсектерінің саны арттырылып жатыр.

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша 67 резервтік төсек-орын ашу көзделген. Осылайша, төсек-орын саны 360-тан 427-ге дейін көбейеді.

Басқарманың мәліметінше, 1–20 қараша аралығында аурухананың қабылдау бөліміне 14 166 өтініш түскен. Оның ішінде 2 773 бала, яғни 19,6%-ы стационарға жатқызылған. Ал қалған 11 393 науқасқа (80,4%) ауруханаға жатқызбай, қабылдау бөлімінде медициналық көмек көрсетілген.

Ведомство өкілдері ата-аналардың бір бөлігі емханаға бармай, бірден стационарлардың қабылдау бөлімдеріне жүгінетінін атап өтті. Әсіресе түнгі уақытта амбулаториялық ұйымдар қабылдау жүргізбеген кезде ауруханаларға түсетін жүктеме артады. Бұл дәрігердің қарауын күту уақытын ұзартуы мүмкін.

Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауруханада инфекционист дәрігерлердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған. Науқастар медициналық сұрыптау, яғни триаж қағидаты бойынша қабылданады. Бірінші кезекте жағдайы ауыр балаларға көмек көрсетіледі.

Қандай инфекциялар бойынша ауруханаға жатқызу көбейген?

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың қазан-қараша айларында ауруханада 6 482 баланы стационарға жатқызу жағдайы тіркелген.

Оның ішінде:

ЖРВИ – 3 422 жағдай (52,8%);

энтеровирустық инфекция – 1 208 жағдай (18,6%);

пневмония – 968 жағдай (14,9%);

жедел ішек инфекциялары – 341 жағдай (5,3%);

қызылша – 227 жағдай (3,5%);

менингит – 62 жағдай (0,9%);

инфекциялық мононуклеоз – 62 жағдай (0,9%).

Осылайша, стационарға жатқызылған балалар арасында ЖРВИ мен пневмонияның үлесі басым. Екі диагноз бойынша тіркелген жағдайлардың үлесі 67,7%-ды құрайды.

Басқарма өкілдері 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда балалар арасындағы сырқаттанушылық құрылымында елеулі өзгеріс байқалмағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, респираторлық және басқа да инфекциялардың маусымдық өршуі жыл сайын қайталанады.

"Дүрбелеңге негіз жоқ. Аурухана жұмысы тұрақты бақылауда. Қабылдау бөлімшелеріне түсетін жүктемеге күн сайын мониторинг жүргізіліп, кезекші дәрігерлермен қамтылуы бақыланады", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар басқарма ата-аналарға ЖРВИ-дің алғашқы белгілері байқалған кезде тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуді ұсынды. Ал баланың жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем шақыру қажет екенін еске салды.

Ауруханаға жатқызу тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

"Өкпем тарқады": Ақын Мөлдір Айтбай Өмірқұл Айниязовпен татуласты
Фото: Видеодан скриншот / Instagram.com/omirkul_ainiyazov

Ақын Мөлдір Айтбай мен әнші Өмірқұл Айниязовтың арасындағы реніш шешілді. Бұған дейін өнер иесіне сыйлаған алтын сақинасын қайтарып берген ақын енді онымен татуласқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мөлдір Айтбай Threads парақшасында қысқа жазба жариялап, Өмірқұл Айниязовпен өзара түсіністікке келгенін жеткізді.

“Өкпем тарқады. Ағаммен татуластым. Бір-бірімізді түсіндік. Нөсер басылды, бұлт ашылды, күн шықты”, – деп жазды ақын.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Айтбай “Мөлдір өлең” подкастында әншімен арадағы түсініспеушілік туралы ашық айтқан еді. Ақынның сөзінше, Өмірқұл Айниязовқа арнап ән жазғаннан кейін өнер иесінің жұбайы оған сахнада алтын сақина сыйлаған. Алайда Мөлдір Айтбай бағалырақ сыйлық күткенін жасырмады.

Кейін ақын әншіден ет сұрағанда, оның келісі 3300 теңгеден сатылатынын естіген. Осы жағдайға көңілі қалған Мөлдір Айтбай алтын сақинаны әншінің баласы арқылы қайтарып бергенін мәлімдеген. Ақын мәселе сыйлықтың құнында емес, өзіне көрсетілген қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.
Смотреть в Threads
Енді Мөлдір Айтбай реніштің артта қалғанын айтып, әншімен татуласқанын жеткізді. Ал Өмірқұл Айниязов бұл жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеді.

Қарыз жүктемесі жоғары қазақстандықтарға несие рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін
Фото: Pexels

Қазақстанда несиесін уақытында төлеп жүргенімен, қарыз жүктемесі жоғары болғандықтан оны қайта қаржыландыра алмай жүрген азаматтарға жеңілдік жасалуы мүмкін. Ұлттық банк банктерге мұндай клиенттердің несиесін қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін өзгеріс ұсынды. Алайда бұл барлық қарыз алушының несиесі мақұлданады немесе ай сайынғы төлемі автоматты түрде азаяды дегенді білдірмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк қарыз алушылардың борыштық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Жаңа бастама ең алдымен бұрын несие алған банктің өзінде қарызын қайта қаржыландырғысы келетін азаматтарға қатысты.

Қазір банктер жаңа несие беру кезінде клиенттің табысы мен ай сайынғы қарыз төлемдерінің арақатынасын есептейді. Бұл көрсеткіш борыштық жүктеме коэффициенті деп аталады. Жалпы тәртіп бойынша адамның барлық несие бойынша ай сайынғы төлемі табысының 50%-ынан аспауы керек.

Мысалы, азаматтың айлық жалақысы 300 мың теңге болса, оның барлық несие бойынша ай сайынғы төлемі 150 мың теңгеден жоғары болмауы тиіс. Егер ол ай сайын 180 мың теңге несие төлемін жасаса, борыштық жүктемесі 60%-ға жетеді. Мұндай жағдайда банк оған жаңа несие беруден бас тартуы мүмкін.

Бірақ кейде азамат жаңа қарыз алуды емес, керісінше, қолданыстағы несиесінің шарттарын өзгертуді қалайды. Мәселен, ай сайынғы төлемді азайтып, қарызды өтеу мерзімін ұзартқысы келеді. Қазіргі талаптар мұндай жағдайда да кедергі болуы мүмкін.

Қайта қаржыландыруға кімдер үміткер бола алады?

Ұлттық банк ішкі қайта қаржыландыру кезінде борыштық жүктеменің шекті деңгейін сақтау талабынан босатуды ұсынып отыр. Бірақ оның бір маңызды шарты бар: несиені қайта рәсімдегеннен кейін қарыз алушының мерзімді төлем мөлшері бұрынғыдан көбеймеуі керек.

Мысалы, азамат ай сайын банкіне 120 мың теңге төлейді делік. Оның табысына шаққандағы борыштық жүктемесі 50%-дан асып кеткендіктен, қолданыстағы талап бойынша несиені қайта рәсімдеу қиын болуы мүмкін.

Жаңа ұсыныс қабылданса, банк осы азаматтың несиесін қайта қаржыландыру кезінде борыштық жүктеменің шекті көрсеткішін міндетті түрде сақтауды талап етпейді. Егер жаңа шарт бойынша ай сайынғы төлем 120 мың теңгеден аспаса, қайта рәсімдеуге мүмкіндік берілуі мүмкін.

Бұл өзгеріс әсіресе табысының көп бөлігін несие төлеуге жұмсайтын, бірақ қолданыстағы қарызының шарттарын жеңілдеткісі келетін адамдарға қатысты.

Ипотека бойынша да өзгерістер ұсынылды

Ұлттық банк ипотекалық несие алушыларға қатысты тағы екі түзету енгізуді көздеп отыр.

Біріншісі – ипотеканы бірнеше адам бірге рәсімдеген жағдайда олардың табысы мен қарыз міндеттемелерін бірге есептеу. Яғни банк борыштық жүктемені бағалаған кезде негізгі қарыз алушымен қатар қосалқы қарыз алушылардың да қаржылық жағдайын ескереді. Мысалы, ерлі-зайыпты ипотеканы бірге рәсімдесе, банктің есебінде екеуінің де табысы мен қолданыстағы несиелері ескерілуі мүмкін. Бұл банкке отбасының жалпы төлем қабілетін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Екіншісі – ипотеканы тұрғын үй төлемдері есебінен өтейтін азаматтардың осы кірісін де төлем қабілетін есептеу кезінде ескеру. Бұл ретте аталған қаражаттың шынымен ипотеканы өтеуге жұмсалуы маңызды.

Ипотека мен автонесиеге қатысты жеңілдіктер ұзартылмақ

Ұлттық банк кейбір ипотекалық және автокредит түрлері бойынша борыштық жүктемеге қойылатын талаптардан босатуды да ұзартуды ұсынды.

Атап айтқанда:

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы берілетін несиелер бойынша жеңілдік 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

Белгілі бір санаттағы автокредиттер бойынша жеңілдік 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылмақ.

Автокредитке қатысты жеңілдік барлық көлікке берілмейді. Ол Қазақстанда алғаш тіркелетін жаңа автомобильдерге, сондай-ақ белгілі бір бастапқы жарна талаптары орындалған қолданыста болған көліктерге қатысты.

Мысалы, пайдаланылған көлікке берілетін несие бойынша бастапқы жарна оның құнының кемінде 50%-ын құрауы керек. Ал үш жылдан аспайтын көліктер үшін бұл көрсеткіш кемінде 30% болуы тиіс.

Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?

Әзірге бұл өзгерістер күшіне енген жоқ. Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарған. Талқылау 2026 жылғы 4 желтоқсанға дейін жалғасады. Демек, ұсыныстар әлі қаралу үстінде.

Ұлттық банк 2027 жылы несие нарығындағы жағдайды бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді. Егер жекелеген несие сегменттерінде жүйелі тәуекелдер көбейсе, реттеуші қосымша шаралар қабылдай алады.

“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
Фото: Stan.kz / ЖИ

“ҚазМұнайГазға” қарасты Oil Services Company 34 көлікті жүргізушілерімен бірге бес жылға жалға алу үшін 4,2 миллиард теңгеден астам қаржы жоспарлаған. Stan.kz бұл шығынның себебін анықтау үшін серіктестікке сауал жолдады. Компания жалға алудың тиімді екенін түсіндіргенімен, тендердің құнына қатысты бірқатар сұрақ жауапсыз қалды.

Тендер туралы не белгілі?

Фото: goszakup.gov.kz

Тендер картасында тапсырыс беруші ретінде “Oil Services Company” ЖШС көрсетілген, ал бөліктер кестесінде тапсырыс беруші - “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ. Сатып алу тәсілі - ашық тендер. Порталда ол “Жүргізушісі бар жеңіл автокөлік жалдау қызметі” деген атпен жарияланған. Алайда техникалық ерекшелік бойынша бұл жай жеңіл көлік емес, толық жетекті пикаптар. Жоспарлы сома - 4 192 930 967,95 теңге (ҚҚС-сыз). Шарт 2027 жылғы қаңтардан 2031 жылғы желтоқсанға дейін, яғни бес жылға жасалады. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 9 қарашада басталып, 16 қарашада аяқталды.

Тендер үш бөлікке бөлінген, ал техникалық ерекшелік бойынша көліктің жалпы саны — 34:

Фото: goszakup.gov.kz

Жетібай кен орны: 8 көлік, жоспарлы сомасы — шамамен 1,55 млрд теңге;

Қаламқас кен орны: 14 көлік, жоспарлы сомасы — шамамен 1,95 млрд теңге;

OSC-тің өзге нысандары (Маңғыстау облысы): 12 көлік, жоспарлы сомасы — 693,1 млн теңге.

Көлікке қойылатын талаптар: қызмет көрсету жылынан бастап бес жылдан ескі болмауы, қозғалтқыш көлемі кемінде 2 600 текше сантиметр, қуаты кемінде 160 ат күші болуы, толық жетекті (4×4) болуы, Қазақстанда тіркелген және маусымдық шинамен жабдықталған болуы керек. Ерекшелікте 12 көлікке қатысты түс тапсырыс берушімен келісіледі (көбіне ақ, сұр не қара), ал бір көлік - белгілі бір инженерге арналған - міндетті түрде сары болуы тиіс.

Фото: goszakup.gov.kz

Жалпы соманы шартты түрде 34 көлікке және 5 жылға бөлсек, бір көлікке орта есеппен жылына шамамен 24,7 млн теңге, ал айына шамамен 2,06 млн теңге келеді. Бірақ бұл тек көлік жалдау ақысы емес: сомаға жүргізушінің еңбекақысы мен басқа да міндеттемелер кіреді.

Тендердің қаржылық және өндірістік негіздемесін анықтау үшін Stan.kz “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ баспасөз қызметіне және “Oil Services Company” ЖШС-ге ресми сауал жолдады. Біз 34 көліктің бөліктер мен кен орындары бойынша қалай бөлінгенін, техникалық талапта нақты марка мен модель неге көрсетілмегенін және көліктердің жұмыс сағатының есебін сұрадық. Сонымен қатар жүргізушілердің жалақысы, жанар-жағармай, жөндеу, сақтандыру және әкімшілік шығындар бойынша жеке есепті, бағаны белгілеу кезіндегі нарықты зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ бес жыл бойы бағаны жыл сайын қайта қарау көзделген-көзделмегенін нақтылауды өтіндік.

Серіктестік миллиардтаған шығынды қалай түсіндірді?

OSC ресми жауабында шешімді экономикалық есеппен және кен орындарындағы өндірістік жағдаймен түсіндірді. Серіктестіктің айтуынша, олардың негізгі қызметі мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету жұмыстарына бағытталған. Яғни ұңғыма салу, ұңғыманы күрделі және ағымдағы жөндеу, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан өз көліктерін ұстау "Компанияның жарғылық қызметінің бағытына жатпайды", делінген жауапта.

Өкілдер кен орындарындағы қатал табиғи жағдай көліктің тез тозуына әкелетінін алға тартты. Олардың айтуынша, ол жақта ауа райы ыстық, құм дауылы жиі соғады, жол желісі жеткілікті дамымаған, ал тұзды топырақ көліктің бөлшектерін тез тоттандырады.

“Осындай факторлар техниканың тозуын күшейтіп, оның қызмет ету мерзімін қысқартады”, - деп түсіндірді серіктестік.

OSC есебінше, мұндай жағдайда жұмыс істеген көлік бес жылдан кейін нарықтағы бағасын түгелдей дерлік жоғалтады.

“Бес жылдық мерзім аяқталғаннан кейін олардың нарықтағы қалдық құны ең төмен деңгейде немесе экономикалық тұрғыдан елеусіз болады”, - делінген хабарламада.

Егер көліктерді өз меншігіне сатып алса, серіктестік бағаның түсуімен, есептен шығарумен, сатумен немесе кәдеге жаратумен, жаңа көлік сатып алумен және көліктерді үнемі жаңартумен байланысты қосымша шығын көтеруге мәжбүр болар еді.

Серіктестік “кілт тапсыру” үлгісіндегі кешенді қызметті таңдау арқылы қосымша штат пен жабдық ұстау шығынынан құтылатынын атап өтті. Сатып алу бес жылға арналған кешенді көлік қызметін қамтиды: көлік пен жүргізуші беру, техникалық қызмет көрсету, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, жөндеу, жарамсыз көлікті ауыстыру, салықтар мен өзге міндетті төлемдерді төлеу, қызметкерлерді және көлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, сондай-ақ шарт пен заңда көзделген басқа міндеттемелерді орындау. OSC-тің айтуынша, өз көліктерін ұстау үшін негізгі қызметке жатпайтын арнайы жүйе құрып, оны үнемі күтіп ұстау керек. Ол үшін жүргізушілердің, көлік жөндеушілердің, қозғалысты үйлестіруші мамандардың тұрақты штатын жасақтау, жөндеу орнын ұйымдастыру, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарына арналған қойма ұстау, сондай-ақ жанар-жағармай мен өндірістік қалдықты жинап, өңдеп, кәдеге жарату жүйесін қамтамасыз ету қажет.

Тендер құжаттары нені көрсетеді?

Құжаттамаға сәйкес көліктер аптасына 7 күн, тәулігіне 11 сағат немесе аптасына 5 күн, тәулігіне 8 сағат жұмыс істейді. Қызмет қала мен кен орындары арасында қызметкерлерді тасуды, кеніш ішіндегі қатынасты және қажет болса қалааралық, қалаішілік жолды қамтиды. Көліктердің жұмыс сағатының көлемі де үлкен: Қаламқаста — 281 050 сағат, үшінші бөлікте — 240 900 сағат, ал Жетібайда 11 сағаттық кестедегі үш көлікке — 60 225 сағат, 8 сағаттық кестедегі бес көлікке 49 400 сағат жоспарланған. Бұл біржолғы сапарлар емес, өндірістік жұмысты тоқтаусыз көлікпен қамтамасыз ету екенін аңғартады.

Жоба құжаттарындағы бақылау мен есеп талаптарының ішінде мыналар назар аудартады:

GPS арқылы бақылау: әр көлікке GPS орнатылып, деректер тапсырыс берушінің бақылау орталығына онлайн жіберілуі, ай сайын жол парақтары мен көліктің жұмыс сағатының есебі тапсырылуы тиіс;

Қауіпсіздік: жүргізушілер қауіпсіз жүргізу курсынан өтуі, әр жолаушы орнында “Қорғау” QR-коды болуы керек;

Төлем және жалақыны бақылау: төлемнің 80%-ы төлем шоты қойылғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде, қалған 20%-ы еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер туралы есеп тапсырылған соң (30 жұмыс күнінен кешіктірмей) төленеді. Мердігер жалақыға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалғанын құжатпен дәлелдей алмаса, сол соманы қайтаруға міндетті.

Дегенмен құжаттарда көліктің нақты маркасы мен моделі көрсетілмеген, ал жалдау ақысы, жалақы, жанармай, жөндеу және сақтандыру бойынша бөлек шығын есебі жарияланбаған.

Бұл “ҚазМұнайГаз” құрылымындағы ірі көлік сатып алудың алғашқы жағдайы емес. Бір айдың ішінде “ҚазМұнайГаз” құрылымындағы екі серіктестік көлікке байланысты ірі тендер жариялады. Алдымен “Ойл Транспорт Корпорейшэн” Ақтаудағы өз нысанына 15 қала маңы автобусын шамамен 950,5 миллион теңгеге (ҚҚС-пен) сатып алуды көздеді. Енді OSC 34 көлікті жүргізушілерімен бірге бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңгеден астам қаржы жоспарлап отыр. Екі тендерде де талаптар егжей-тегжейлі жазылған, ал баға негіздемесі сұрақ күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, “ҚазМұнайГаз” – Қазақстандағы нарықтық құны ең жоғары компания. 2026 жылғы қазандағы бағалау бойынша ұлттық компанияның құны 21,94 триллион теңгеге жеткен. 2025 жылдың қорытындысында компанияның түсімі 9,37 триллион теңгені, ал таза пайдасы 1,07 триллион теңгені құрады.

Алматылық әйел үшемді дүниеге келетінін туған анасынан да жасырған
Фото: №1 перинаталдық орталық

Алматыда 30 жастағы Ләззат Жарас бірден үш қызды дүниеге әкелді. Бір қызығы, келіншек үшем күтіп жүргенін босанғанға дейін тіпті туған анасынан да жасырған. Енді оның отбасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Хабарды қалалық №1 перинаталдық орталық мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үшем қыз  бір минут аралықпен дүниеге келген

6 қарашада Алматы қаласындағы №1 қалалық перинаталдық орталықта Ләззат Жарас үш қызды дүниеге әкелді. Сәбилер жүктіліктің 34-аптасында мерзімінен бұрын туған. Көпұрықты жүктілік пен медициналық көрсеткіштерге байланысты дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған. Ота сәтті өткен.

Үш қыз бір-бірінен бір минут айырмашылықпен дүниеге келген:

03:03-те салмағы 2073 грамм алғашқы қыз;

03:04-те салмағы 1723 грамм екінші сәби;

03:05-те салмағы 2431 грамм үшінші қыз туған.

Ата-анасы қыздарына Әлсия, Аюми және Айла деген есім берген. Бір қызығы, отбасындағы алты баланың есімі де "А" әрпінен басталады.

Сәбилер мерзімінен бұрын туғандықтан, неонатологтардың көмегіне мұқтаж болған. Алғашқы күндерін жаңа туған нәрестелердің жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде өткізген. 12 қарашадан бастап дәрігерлердің бақылауымен жағдайы жақсарып, арнайы бөлімге ауыстырылған.

Үшем күтіп жүргенін туған анасынан да жасырған

Оқиғаның тағы бір қызық тұсы бар. Ләззат үшем күтіп жүргенін босанғанға дейін ешкімге айтпаған. Тіпті туған анасы да қызының бірден үш сәбиді дүниеге әкелетінінен бейхабар болған.

Үйде келіншекті тағы үш баласы, яғни бір ұлы мен екі қызы күтіп отыр. Үлкені небәрі жеті жаста. Үшем дүниеге келгенге дейін Ләззат балаларын өзі мектеп пен балабақшаға апарып, үй шаруасымен де айналысқан. Енді отбасының күнделікті тіршілігі түбегейлі өзгереді. Үш баланың орнына алты баланы тәрбиелеуге тура келеді.

Фото: №1 перинаталдық орталық

Жас ана қыздарының дүниеге келгеніне шексіз қуанышты екенін айтады. Дегенмен алты кішкентай баланы күйеуі екеуі қалай бағып-қағатынына алаңдайды.

Ләззат бала күтімі мен тәрбиесіне қатысты қосымша көмекке, соның ішінде мемлекет тарапынан қолдауға үміттенеді. Өйткені бір мезетте үш нәресте мен үш үлкен баланы күту оңай емес. Әзірге ананың ең басты тілегі қыздарының тезірек ширап, үйлеріне шығуы.

Еске салайық, бұған дейін екі рет егіз босанған шымкенттік ана үшем дүниеге әкеліп, он баланың анасы атанған еді.  Үшемнің дүниеге келуімен олардың анасы Ажар Ташқараеваның отбасындағы бала саны онға жетті. Үшем Шымкенттегі перинаталдық орталықта дүниеге келген. Әлсия, Сафия және Аймұхаммед 17 қыркүйекте жүктілік мерзімінен ерте туған. Сол кезде олардың салмағы 1 740, 1 482 және 1 730 грамм болғандықтан, дәрігерлер балаларды бірден нәрестелер реанимациясына жатқызған.

Freedom Банкі мен "Дарын" РҒПО жас таланттарды қолдау туралы келісімге қол қойды
Фото: Freedom Банкі

Freedom Банкі мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың қабілеттерін қолдауға бағытталған серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа Freedom Банкінің Астана қаласындағы филиалының директоры, басқарушы директор Ардақ Елеусізов пен "Дарын"республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет қол қойды.

Фото: Freedom Банкі

Серіктестік аясында банк республикалық деңгейдегі алты ірі олимпиадаға қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға, сондай-ақ жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге ақшалай сыйақы беріледі. Бірлескен алғашқы жоба ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада болды. Марапаттау рәсімі 20 қарашада Астана қаласында өтті.

Фото: Freedom Банкі

Олимпиада қорытындысы бойынша 200-ге жуық жүлдегер Freedom Банкінен ақшалай сыйақы алды. Сыйақы мөлшері иеленген орынға байланысты белгіленді:

I орын алған оқушыға 150 мың теңге, ал оны дайындаған ұстазға 100 мың теңге;

II орын үшін тиісінше 100 мың және 50 мың теңге;

III орын үшін 50 мың және 25 мың теңге беріледі.

"Қазақстанда талантты жастар көп. Олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндігі болғаны маңызды. Біз оқушылардың дамуына жол ашатын бастамаларды қолдауға қуаныштымыз. Әр шәкірттің жетістігінің артында ұстазының еңбегі тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан мұғалімдердің еңбегіне лайықты баға беру де біз үшін маңызды", – деп атап өтті Freedom Банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Фото: Freedom Банкі

Биыл ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға 135 мың оқушы тіркелді. Байқау жалпы білім беретін 13 пән бойынша өткізіледі. Алтауы жаратылыстану-математикалық, жетеуі қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтиды. Олимпиаданың мақсаты — Қазақстанның барлық өңіріндегі қабілетті оқушыларды анықтап, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

2024 жылы Freedom Банкі Freedom Grants жобасын жүзеге асырып, Қазақстанның 15 қаласында 340 білім беру грантын тағайындауға 1 миллиард теңге бөлді. Бағдарлама 22 жоғары оқу орнын және IT-ден бастап педагогика мен ауыл шаруашылығына дейінгі сұранысқа ие мамандықтарды қамтыды.

Мектеп олимпиадаларын қолдау — осы бағыттағы тағы бір қадам. Бұл бастама білім берудің әр кезеңінде жастарға қолдау көрсетуге және олардың болашақта табысқа жетуіне мүмкіндік беруге бағытталған.

2026 ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы

Қазақстанда доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттады
Фото: Pexels

Қазақстанда доллардың бағамы күрт өсіп, қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша 455 теңгеге жетті. Бір күнде америкалық валюта 5,87 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. Оның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455 теңгені құрады. Алдыңғы сауда күніндегі көрсеткішпен салыстырғанда валюта 5,87 теңгеге өскен.

Басқа шетел валюталары да қымбаттады. Сауда қорытындысы бойынша:

Ресей рублі 5,56 теңгеге жетіп, 0,09 теңгеге өсті;

Қытай юані 68,09 теңгені құрап, 0,92 теңгеге қымбаттады.

Ал Ұлттық банк 20 қарашаға белгілеген ресми бағам бойынша бір доллар 448,72 теңгеге тең болды. Еуро 493,86 теңге, Ресей рублі 5,49 теңге деңгейінде белгіленді.

Осылайша, биржадағы доллар бағамы Ұлттық банктің ресми бағамынан 6,28 теңгеге жоғары қалыптасты. Алайда бұл екі көрсеткіштің есептелу уақыты мен тәртібі әртүрлі екенін ескерген жөн.

Айырбастау пункттерінде доллар қанша тұрады?

Биржадағы бағамның өсуі айырбастау пункттеріндегі бағаға да әсер етті. 20 қарашадағы мәлімет бойынша Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 453,59 теңге, сату бағамы 455,87 теңге болды.

Астанада америкалық валютаны сатып алу орта есеппен 449,72 теңгеден, сату 456,85 теңгеден жүргізілді.

Ал басқа валюталардың айырбастау пункттеріндегі бағамы мынадай болды:

Доллар – 453,6-455,9 теңге;

Еуро – 498,2-503 теңге;

Ресей рублі – 5,26-5,38 теңге.

Теңге неге әлсіреп жатыр?

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бұған дейінгі түсіндірмесінде доллардың қымбаттауына биржадағы сұраныстың артуы себеп болғаны айтылған. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, компаниялар шетел валютасын бірнеше мақсатта сатып алуы мүмкін:

бағамның одан әрі өсуін күтіп, доллар қорын жинау;

сыртқы қарыздар бойынша міндеттемелерді өтеу;

маусымдық импорт көлемінің артуына байланысты төлем жасау.

Бұған дейін теңге неге нығайған еді?

Бұған дейін теңге әлемдік нарықтағы қолайлы жағдайдың арқасында біршама нығайған болатын. Ұлттық банк өкілдері Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары – мұнай, металдар, уран және астық нарығындағы жағдай ұлттық валютаға қолдау көрсеткенін айтқан.

Сонымен қатар алтын бағасының жоғары болуы да теңгеге қосымша қолдау берген. Ұлттық банктің түсіндіруінше, алтын операцияларына байланысты валюталық түсімдер ішкі нарықтағы валюта ұсынысына әсер етеді.

Ал қазақстандық ірі компаниялардың шетел валютасымен қарыз алуы импорт төлемдеріне қажетті долларды сатып алу сұранысын азайтып, нарықтағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал еткен.

Алайда Ұлттық банк валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығына байланысты қалыптасатынын атап өткен. Олардың қатарында әлемдік нарықтағы ахуал, геосаяси жағдай және саудаға қатысушылардың күтулері бар.

Айта кетсек, бұған дейін экономистер Қазақстанда доллар бағамы 400 теңге болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген еді.

Тоқаев ауылға бармай, жерден пайда көретін кәсіпкерлерді сынға алды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланып, табыс тапқанымен, шаруашылығына бармай, қалада немесе шетелде тұратын кәсіпкерлерді сынға алды. Мемлекет басшысы мұндай жер иелеріне заң аясында шара қолдану керек екенін айтты. Сондай-ақ фермерлердің несие төлеу үшін өнімін арзан бағаға сатуға мәжбүр болуын сынға алып, агросекторды қаржыландыру жүйесін өзгертуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бізге жерден де, халықтан да алыс аграрийлер керек емес"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ауылдағы жерді пайдаланып, одан пайда тапқанымен, шаруашылығына жылдар бойы ат ізін салмайтын кәсіпкерлер бар екенін айтты.

Президенттің сөзінше, мемлекет туған ауылының инфрақұрылымына инвестиция салып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатына үлес қосып жүрген адал фермерлерді қолдауды жалғастырады. Алайда ауыл шаруашылығын тек табыс көзіне айналдырып, өзі ірі қалаларда немесе шетелде тұратын кәсіпкерлер де бар.
"Алайда ауыл шаруашылығы жерлерінен пайда тауып, өздері ірі қалаларда, тіпті шетелде тұратын бизнесмендер бар. Олар тіпті өз шаруашылықтарына да бармайды. Көбіне мұндай адамдар әлеуметтік жауапкершілік, отандастарына жанашырлық таныту деген ұғымдардан алыс, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы мен қажеттілігінен бейхабар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұндай кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығындағы қызметінің қаншалықты қажет екенін сұрап, оларға заң аясында шара қолдану керегін айтты.
"Жерден де, халықтан да алыс мұндай аграрийлер бізге керек пе? Меніңше, жауабы түсінікті, керек емес. Сондықтан тиісті шаралар қабылдау қажет. Әрине, заң аясында. Бізге жерден де, халықтан да алыс аграрийлер керек емес", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев агроөнеркәсіп кешені Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды салалардың бірі екенін еске салды.

Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер тек пайда табумен шектелмей, ауылдағы өмір сапасын жақсартуға да үлес қосуы керек.

Фермерлер өнімін арзан бағаға сатуға мәжбүр

Форумда Президент ауыл шаруашылығын қаржыландыру жүйесіндегі мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, фермерлер несие бойынша алғашқы төлемді өтеу үшін жиналған өнімін бірден, нарықтағы төмен бағамен сатуға мәжбүр.
"Фермерлер егін жинағаннан кейін несие бойынша алғашқы төлемді жасау үшін өнімін көбіне өте арзан, төмен бағамен сатуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік пен Үкімет жұмысқа кірісуі керек", – деді Президент.
Мемлекет басшысы аграрлық секторды қаржыландыру тетіктерінің күрделі екенін де сынға алды. Атап айтқанда, Аграрлық несие корпорациясы мен "ҚазАгроҚаржы" өтінімдерді ұзақ қарайтынын және цифрландыру деңгейі жеткіліксіз екенін айтты.

Президент банктердің несие беру шарттары ауыл шаруашылығының маусымдық ерекшеліктеріне сай болуы керегін атап өтті. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде фермерлерге негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін беруді ұсынды.

Үкіметке "Бәйтерек" холдингімен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аграрлық секторға арналған бірыңғай инвестициялық құралдар желісін әзірлеуді тапсырды.

Бұған қоса, президент ауыл шаруашылығын несиелендіруге коммерциялық банктерді белсендірек тарту қажет екенін айтты. Тағы бір мәселе – өтінім беруден бастап қаражат алғанға дейінгі уақыттың ұзақтығы. Осы процесті жеделдетіп, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін фермерлердің несие қабілетін цифрлық бағалау жүйесін енгізуді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жоқ малды бар деп көрсетіп, 50 миллион теңгеден астам субсидия алғандар тергеліп жатқанын жазған едік. Тергеу нұсқасы бойынша, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияны қолды еткен.

Суармалы жердің жартысына да су үнемдеу технологиясы жетпеген: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 1,3 миллион гектарға жеткізуді тапсырды. Қазір су үнемдеу технологиялары егіс алқаптарының жартысына да жетпейтін бөлігінде ғана қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент 2030 жылға дейін суармалы егіс алқаптарының көлемін 1 миллион 300 мың гектарға жеткізуді міндеттеді.
"Тағы бір міндет – суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру. Бұл аса маңызды мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. Осы тақырып төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Қазір 700 мың гектар суармалы алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылады. Бұл жалпы ауданның жартысына да жетпейді. 2030 жылға дейін кемінде 1 миллион 300 мың гектар жерді қамту міндеті тұр. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Үкіметке аталған шаруаны тұрақты күн тәртібіне енгізуді, яғни, күнделікті жұмыс ретінде қарауды тапсырамын", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бүгінде 4,6 мың шақырым суару арнасына реконструкциялау мен жөндеу жұмыстары басталғанын айтты.

"Мың шақырымға жуығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Осылайша, 200 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарады. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, суармалы жерлерді кеңейту жоспарын су жеткізу мүмкіндіктерімен, арналардың жағдайымен және энергия желілерінің қуатымен ұштастырғаны абзал. Өздеріңізге мәлім, жер қателікті көтермейді. Бірақ аялап, ұқыпты қараса, көл-көсір пайдаға кенелтеді. Мұны сіздер жақсы білесіздер", – деді ел президенті.

Бұдан бөлек, Тоқаев егін шаруашылығының әлеуетін толық пайдалану үшін озық ғылыми тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізуге күш салу керек екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Stan.kz Түркістан облысындағы су тапшылығы мәселесін зерттеп, оңтүстік өңірлерде диқандардың қандай қиындықтарға тап болып отырғанын анықтаған еді. Материалда Келес ауданы шаруаларының суармалы суға қол жеткізе алмай, егістіктен шығынға батып жатқаны, кейбір алқаптардың сусыздықтан сортаңданып, игерілмей қалғаны айтылды. Диқандардың сөзінше, мәселенің бір себебі шекара маңындағы су сорғыларына уақытылы жете алмау, екіншісі – суару арналарының тазаланбауы мен ескірген инфрақұрылым.

Сонымен қатар тәуелсіз сарапшы Кирилл Павлов суару каналдарындағы судың едәуір бөлігі жолай ысырап болып жатқанын айтып, оны нақты есепке алу қажеттігін көтерді. Оның пікірінше, су тапшылығын тек жаңа технологиялар енгізу немесе жасанды жауын-шашын арқылы шешу мүмкін емес. Ол үшін ең алдымен қолда бар су ресурстарын тиімді басқару, каналдарды жөндеу және су бөлудің ашық жүйесін қалыптастыру қажет. Ал Су ресурстары және ирригация министрлігі су тапшылығын азайту үшін су пайдалану лимиттерін бекітіп, электронды есеп жүйесін енгізу, ирригациялық каналдарды жаңғырту және су үнемдеу технологияларын субсидиялау шараларын қолға алғанын мәлімдеген еді.

"Зорлық-зомбылықты әзілге айналдырды": Павлодар тұрғыны "Прожарка" жобасына шағымданды
Фото: Әлеуметтік желіден

Рахима есімді Павлодар тұрғыны “Прожарка” жобасында оған жасалған зорлық-зомбылықты әзілге айналдырғаны үшін полицияға барып шағымданды. Оның айтуынша, жүргізуші оның рұқсатынсыз оның атынан хат жазып, жұртқа оқып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар қаласындағы Melange ресторанында өткен “Прожарка” жобасында оның бұрынғы күйеуі арнайы қонақ болып қатысқан. Жобаны ұйымдастырушылар оны да жасырын қонақ етіп шақырған, алайда Рахима одан бас тартқан.

“Мен бас тарттым және мен туралы тақырыпты қозғамауды өтіндім. Бұрынғы күйеуіме мені талқыламауды сұрадым”, – деп жазды Рахима өзінің парақшасында.

Оның айтуынша, ол сол күні сағат 23:00 шамасында өтініш берген. Ол ұйымдастырушыларды оған жала жауып, оның тарапына болған тұрмыстық зорлық-зомбылықты талқылады деп айыптады.

“Ол зорлық-зомбылықтан мен өліп кете жаздағанмын, ұлыммен бірге бастан кешкендеріміз талқыланбауы және ешқандай көңілді эмоция тудырмауы керек”, – деп жазды Рахима.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Luv🤍 (@rakhimasssss)

Ол өзінің не үшін күйеуімен ажырасқанын да тілге тиек етті. Сөзінше, ол 2023 жылы күйеуі оған ылғи да күш көрсете бергеннен ажырасып кеткен. Алғашқы рет оның жүктілігінің 26-аптасында қол көтергенін айтты. Ол кезде Рахима күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін білгеннен кейін екеуінің арасында дау туындаған.

Екіншісі баласын босанғаннан кейін бір аптадан кейін болды. Осыдан кейін ол арыз жазып, сот күйеуіне ескерту жасаған. Кейін ерлі-зайыптылар татуласты. Оның айтуынша, 2023 жылдың тамызында күйеуі оны басынан ұрған. Дәрігерлер жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуын, бет пен бастың көгеруі мен гематомасын анықтады. Өз жазбасында Рахима Салтанат Нүкенованың жабық бас-ми жарақатынан қайтыс болғанын жазды.

“Бізге сусабын лақтырды, сол кезде ұлымның көзі химиялық күйікке ұшырайды. Көзін жуу үшін баламен жуынатын бөлмеге жүгіріп бара жатырмын, ал ол мені артымнан ұрып жатыр, сол уақытта бала маңдайын соғып алды. Таңертеңгі сағат төртте ауруханаға апаруды сұрап, жыладым”, – деп жазды Рахима.

Рахиманың айтуынша, баланың әкесі онымен кездеспейді және оның тәрбиесіне қатыспайды. Оның айтуынша, ол алиментті нақты табысынан төлемейді, өйткені тойдан түскен табыс ресми түрде еш жерде тіркелмеген.

Павлодар облысының полиция департаменті шоуды ұйымдастырушылар полицияға шақырылғанын хабарлады.

“Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұйымдастырушыларды шақырдық. Бұл қашан болғанын және іс-шарада не болғанын, оның жеке деректері айтылды ма және мұның бәрі қандай мақсатпен жүргізілгенін анықтау керек. Осыдан кейін құқықтық баға беріледі. Тексеруге біраз уақыт кетеді”, – деді Павлодар облысы ПД өкілдері.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда ер адам екі түннің ортасында өзінің әйелін суық қарумен қуып, оны бірнеше рет соққыға жыққан. Әйелдің сөзінше, күйеуі оған 2 жыл бойы қорлық көрсетіп келген.

Эль-Ниньо әсерінен әлемдегі азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін: Тоқаев мұны Қазақстан үшін мүмкіндік деп бағалады
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Эль-Ниньо табиғи құбылысына байланысты әлемде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты болжамдар көңіл көншітпейді. Алайда Тоқаев бұл жағдай Қазақстанға экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізу арқылы еліміз алға шығып, әлемдік деңгейдегі азық-түлік базасына айнала алады. Бұл туралы ол Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында мәлімдеді.

Әлемдегі өнім тапшылығы жағдайында Қазақстан жасанды интеллектіге басымдық береді

Мемлекет басшысының айтуынша, жақында жетекші әлемдік жасанды интеллект компанияларының басшыларымен кездесулер барысында Қазақстанға аграрлық секторды цифрландыруға басымдық беру ұсынылған. Бұған климаттың өзгеруі мен Эль-Ниньо құбылысының әсерінен әлемдегі азық-түлік балансына қатысты алаңдатарлық болжамдар себеп болған.

"Қазір Эль-Ниньо сияқты табиғи құбылыстың салдарын кешенді талдау жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, болжамдар көңіл көншітпейді. Бірақ Қазақстанның осы жағдайды пайдаланып, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізу арқылы алға шығып, әлемдік деңгейдегі азық-түлік базасына айналуына үлкен мүмкіндік бар", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент отандық агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі өнімділігі көңіл көншітпейтінін айтты. Сондықтан үкіметке жасанды интеллект ауыл шаруашылығының тиімділігін бірнеше есе арттыру үшін қандай мүмкіндіктер беретінін жүйелі түрде зерттеу тапсырылды.

Эль-Ниньо деген не?

Эль-Ниньо – Тынық мұхитының беткі суларының мерзімді түрде қалыптан тыс жылынуымен сипатталатын табиғи құбылыс. Ол әлемнің әртүрлі аймақтарында ауа райының өзгеруіне әсер етеді. Кейбір елдерде жойқын құрғақшылық туғызса, басқа өңірлерде су тасқынына әкелуі мүмкін. Соның салдарынан әлемдік егін өнімділігі төмендеп, азық-түлік бағасы қымбаттауы ықтимал.

Фермерлерге бюрократиясыз жылдам несие беріледі

Аграрлық кәсіпкерлер шаруашылықтарын жаңа талаптарға сай жаңғыртуы үшін мемлекет басшысы өтініш беруден бастап қаражат алуға дейінгі процесті қысқартуды тапсырды. Осы мақсатта елімізде фермерлердің несие қабілетін бағалаудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр. Биліктің жоспарына сәйкес, жаңа цифрлық құрал несие беру туралы шешімдердің объективті әрі ашық қабылдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар өтінімдерді қарау мерзімін едәуір қысқартып, ауылдағы кәсіпкерлер үшін артық әкімшілік кедергілерді жоюға көмектеседі.

Бұған қоса, үкіметке халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, әлемдік тәжірибеге сүйенген саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Бағдарлама фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландырумен, сараптамалық қолдаумен және озық ғылыми әзірлемелерге қолжетімділікпен қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстандық фермерлердің бірқатары несиесін уақытында өтеу үшін жиналған өнімін арзан бағаға сатуға мәжбүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағдайды қолайсыз деп атап, ауыл шаруашылығын қаржыландыру жүйесін қайта қарау қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, аграршыларды қаржыландырудың қазіргі тетіктері күрделі. Атап айтқанда, өтінімдерді қарау мерзімінің ұзақтығы мен "Аграрлық несие корпорациясы" және "ҚазАгроҚаржы" жұмысындағы цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігі сынға алынды.

Президент банктер ұсынатын несие шарттарына да назар аударды. Оның айтуынша, қарызды өтеу мерзімі ауыл шаруашылығындағы маусымдық ерекшеліктерге сәйкес белгіленуі керек. Ал инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде фермерлерге негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыру қажет.

“Фермерлер алғашқы несие төлемін жасау үшін егін жинай салысымен өнімін көбіне өте арзан бағаға сатуға мәжбүр. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Министрлік пен Үкімет бұл мәселені шешуге кірісуі керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент үкіметке "Бәйтерек" холдингімен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аграрлық секторға арналған инвестициялық қаржыландыру құралдарының бірыңғай желісін әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын несиелендіруге коммерциялық банктерді белсендірек тартуға шақырды.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы фермерлердің несие алуға өтінім беруінен бастап, қаражатты қолына алғанға дейінгі процестің ұзақтығын мәселе ретінде көтерді. Осы мерзімді қысқартып, несие беру шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін фермерлердің несие қабілетін цифрлық бағалау жүйесін енгізуді ұсынды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ауылды дамытуға бағытталған бағдарламалардың нәтижесіне күмән келтірді.

"Мінсіз сурет салып көрсетті": Тоқаев Қазақстан ауылдарының дамуы туралы есептерге күмән келтірді
Фото: Pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ауылды дамытуға бағытталған бағдарламалардың нәтижесіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы ауыл мен аграрлық секторды қолдауға арналған бағдарламалардың тиімділігін тексеруді тапсырды.
"Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін оларға тиісті жағдай жасау қажет. Бұл – дұрыс. Алайда соңғы жылдары ауыл шаруашылығына қатысты "аттары бөлек, бірақ заттары бірдей" бағдарламалар тым көп болып кеткен сияқты. Мәселен, қазірдің өзінде "Ауыл аманаты", "Ауыл – ел бесігі", "Кең дала", "Береке", "Жайлау", "Игілік", "Сыбаға" және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Әрине, әр жоба осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін жазылады. Бірақ сол жұмыстың бәрі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр? Меніңше, бұл – заңды сұрақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бағдарламаның саны емес, ауыл шаруашылығының сапалы дамығаны керек.
"Сондықтан Үкімет ауыл мен аграрлық секторды қолдау үшін дайындалған осындай құжаттарға жан-жақты талдау жүргізуге тиіс. Әр бағдарламаның өз мақсаты мен міндеті болуы қажет. Ең бастысы, бұл жұмыс шаруаларға түсінікті болып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуі керек. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеу қажеттілігіне тікелей байланысты мәселе", – деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

Тиісті министрліктің мәліметі бойынша тек былтырдың өзінде "Ауыл – ел бесігі" бастамасымен 500-ге жуық ауылда 921 жоба жүзеге асырылғанын да еске салды.
"Олардың жалпы құны – 173 миллиард теңге. Тағы 277 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылды. Енді осы жұмыстың нәтижесін тексеру керек сияқты. Неге мен бұл мәселені арнайы қозғап, қазбалап айтып тұрмын? Себебі бұрын бәріміз адамдарды қуантатын "керемет, тіпті мінсіз" ақпаратты көп тыңдадық. Соның бәріне қуандық. Сосын дұрыс статистикалық мәлімет берілмеді деп сылтау тауып, мәселені "алыс сөреге" ысырып қоя салатын едік. Біз мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек", – деп тоқталды Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жоқ малды бар деп көрсетіп, 50 миллион теңгеден астам субсидия алғандар тергеліп жатқанын жазған едік. Тергеу нұсқасы бойынша, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияны қолды еткен.

"Қазақтелекомның" пайдасы бір жылда 89%-ға жуық азайды
Фото: Қазақтелеком сайтынан

“Қазақтелеком” компаниясы 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы таза пайдасының айтарлықтай қысқарғанын хабарлады. Телеком-оператордың AIX биржасында жарияланған шоғырландырылған қаржылық есебіне сәйкес,қаңтар–қыркүйек айларындағы таза пайда 88,7%-ға азайып, 17,4 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржылық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың күрт төмендеуіне бірқатар фактор әсер еткен:

Бұрынғы активтерден түскен табыстың ықпалы: Алдыңғы кезеңдердің есептілігінде шығып қалған активтерден түскен пайда көрсетілген болатын, ал биылғы нәтижеге бұл біржолғы табыс әсер етпеген.

Қаржылық шығындар мен бағам айырмасы: Компанияның қаржылық шығындары 32,1%-ға өсіп, 47,6 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар есептілікте 7,7 миллиард теңге көлеміндегі таза бағамдық шығын көрініс тапқан.

Активтер мен қарыздар: Тоғыз айда компания активтері 5,6%-ға артып, 1 триллион 483 миллиард теңгеге жетсе, меншікті капитал 1,4%-ға өсіп, 741,4 миллиард теңгені құраған. Бөлінбеген пайда қыркүйек соңында 625,4 миллиард теңге деңгейінде қалыптасқан. Сонымен бірге қазан айына қарай компания қарыздарының көлемі 22,1%-ға көбейіп, 407,9 миллиард теңгеге жеткен.

Дивиденд пен акционерлер құрылымы қандай?

Есепті кезеңде “Қазақтелеком” акционерлерге 3,45 миллиард теңге дивиденд төлеген. Компания басшылығы топтың қызметін әрі қарай жалғастыруға ресурстары жеткілікті деп санайды.

2026 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша “Қазақтелеком” акцияларының 89,5%-ы “Самұрық-Қазына” қорына тиесілі болса, қалған 10,5%-ы өзге акционерлердің қолында. Сондай-ақ есепті күннен кейін компания Firebird құрылымымен Екібастұзда “Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын” салу жобасын іске асыру жөнінде келісімге қол қойған.

Айта кетейік, “Қазақтелеком” нарықтық құны жөнінен Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның қатарына кіреді.Дегенмен биржадағы акция бағасының өсімі жағынан компания айтарлықтай нәтиже көрсете қойған жоқ.

"Түнімен жұмыс істетіп, ұйықтатпайтын": Қазақстандық студенттер ЖОО жатақханаларында көрген әлімжеттігін айтты
Фото: ibls.one

ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студентінің қаза табуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның туыстары оның жоғары курс студенттері тарапынан әлімжеттік көргенін айтқан. Әлеуметтік желіде де университет жатақханаларындағы күш көрсету туралы бұрынғы студенттер жазып, өздері куә болған оқиғаларды бөлісті. Ал оқу орындарында әлімжеттіктің алдын алуға кім жауапты? Неліктен кейбір жоғары курс студенттері бірінші курсқа келген жастарға үстемдік жүргізуді қалыпты санайды? Мұндай әрекеттердің түп-тамыры қайда жатыр? Stan.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді.

16 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиғадан кейін марқұмның туыстары оның жатақханада жоғары курс студенттері тарапынан қысым көргенін мәлімдеді.

Қайғылы оқиғадан кейін университеттің әлеуметтік-тұрақты даму жөніндегі проректоры мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылды. Оқиға болған күні кезекшілік атқарған қызметкерлер де жұмыстан шеттетілді.

"Амандаспасаң, кеудеден ұратын": жоғары курс студенттері қандай талаптар қойған?

Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Айбек (есімі өзгертілген) Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсіп, жатақханаға орналасқаннан кейін бірнеше күн өткен соң жоғары курс студенттері оны шақырып алып, өздері қалыптастырған ережелерді түсіндіргенін айтты.

"Таңдау береді: не жүйеге қосылып, өз адамдарына айналасың, не жүйеден тыс қалып, ешкіммен араласпай, өз бетіңше жүресің. Жүйенің ішінде болсаң, бәрін танисың, бәрі сені біледі, жатақханадағы орта сені қабылдайды. Ал жүйеден тыс қалсаң, көлеңкеде жүрген адам сияқтысың. Өз бетіңше өмір сүресің, жүйедегілер сенімен араласпайды", – деді ол.

Сондай-ақ Айбек бұл оқиғалардан күзетшілерден бастап оқытушыларға дейін хабардар болғанын айтты.

"Қыздар да, күзетшілер де, оқытушылар да кімнің жүйеде бар, кімнің жүйеден тыс екенін жақсы біледі. Оқытушылардың арасында кезінде өзі де осы жүйеде болған адамдар бар. Қарым-қатынастың басым бөлігі екінші курс студенттерімен ғана орнайды. Үшінші-төртінші курс студенттеріне аса қызығушылық танытпайсың. Олар тек бізді жұмсайтын", – деді Айбек.

Сонымен қатар Айбек жүйедегі адамдардың барлығын тану міндетті болғанын жеткізді.

"Жүйедегі адамдардың бәрін тануың керек. Екінші, үшінші және төртінші курс студенттерінің есімдерін жаттап, олардың қай бөлмеде тұратынын білуің қажет. Тіпті телефон нөмірлерін де сақтап қоюың міндетті. Екінші курс студенттерінің кез келген қателігі үшін барлығын бір бөлмеге жинап, жиналыс өткізетіні есімде. Сол жерде кезек-кезек кеудеден ұратын. Айтпақшы, жиналыстарда емтихан да алатын. Жүйедегі студенттерді қаншалықты білетініңді тексеріп, кімнің қай бөлмеде тұратынын сұрайтын. Қате жауап берсең, бәрі кеудеден соққы алатын. Жүйедегі адамдардың барлығымен үнемі амандасып жүруің керек. Бір күнде екінші курс студентін бірнеше рет көрсең де, жүгіріп барып сәлемдесуге міндеттісің. Жай ғана жанынан өтіп кетсең, кешке жиналыс күтіп тұрады", – деді ол.

Ал Айман (есімі өзгертілген) Қазақстандағы жатақханалардың бірінде әлімжеттік 2019 жылы да болғанын айтты. Оның сөзінше, сол жылы университетке оқуға түскен інісін жатақханаға орналастырған. Алайда жас жігіт екі аптаға да шыдамай, жатақханадан кетуге мәжбүр болған.

“Денесінің суретін көрсетті, тұла бойы түгел көгерген. Басқа ештеңе сұрамадым, не үшін кеткенін де қазбаламадым. Факультетке ашумен жаздым. Жарты жылдан кейін жоғары курс студенттерін оқудан шығарыпты. Сол жылы үлкен шу болған еді. "Қанша шыдайтыныңды байқап көрейік" деп, бірінші курс студенттерін ұрады екен надан адамдар! Өзім де сол университетте оқыдым. Осыдан кейін ол жаққа барғым келмейді”, – деді Айман.

Сондай-ақ Айман қыздар арасында да әлімжеттік бар екенін айтты.

"Жоғары курс студенттері қыздарды бөлмелерін жинауға, тамақ әзірлеуге мәжбүрлейді. Бірде денелі келген қыз телефонымды тартып алып қойған жағдай болды. Сол кезде бір ай бойы телефонсыз жүргенім есімде. Қатты қиналған едім. Бұл оқиғаның інімнің де басынан өткеніне жаным ауырады. Негізі, әлімжеттік балабақшадан бастап бар. Әскерде де кездеседі. Тұрмысқа шықсаң да, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болуың мүмкін. Бұл қоғамда өмір сүру қиындап барады", – деп налыды Айман.

“Жатақханада студенттерді өңіріне қарай бөлген”

Ал Азаматтың айтуынша, 2022 жылы жатақханада жер-жерге бөліну белең алған. Сол кезеңде белсенді студенттердің ықпалы күшейіп, олар жатақханаларды бөлу ісіне араласқан.

"Оқу орнымыздағы белсенділер студенттерді бөледі. 2022 жылы болу керек, студенттік деканаттың студенттік кеңес төрағасы бізде жер-жерге қарай бөлетін. Белсенділер қолдарына сәл билік тисе, көтере алмай қалатын. Бірінші жатақхананы студенттік кеңес төрағасы өз жерлестеріне алып берді. Яғни үшінші курс басында сол белсенді сымақтар қабылдау комиссиясында отырады. Екінші курс студенттеріне жатақханадан орын беру керек болғанда, тек өздері алды, қалғандары жатақханасыз қалды", – деді Азамат.

Студенттік жылдарын еске алған Бекнұр да (есімі өзгертілген) жатақханада жоғары курс студенттері тарапынан бірінші курс студенттеріне қысым көрсетілгенін айтты.

Оқып жүрген кезімдегі әлімжеттік есіме түсіп жатыр. Біз оқып жүргенде жоғары курс студенттері жатақхана жабылып қалғанын біле тұра, дүкенге жұмсайтын. Тіпті ұйықтап жатсаң оятып алып жұмсайтын еді. Курстастарым талай рет жерге жамылғы мен шүберекті байлап түсетін. Мұны университет қызметкерлері іштей білетін, бірақ көз жұма қарайтын", – деді ол.

Оның айтуынша, бірінші курста жатақханаға 15-тен аса жігіт орналасқанымен, бір-екі аптадан кейін қысымға шыдамай, көбі шығып кеткен.

"Түнімен жұмыс істетіп, ұйықтатпайтын. Сол қысымға шыдамай, оқуға түскен 15 студенттің басым бөлігі оқудан шығып кетті. Сонда факультеттен де, университеттен де бірде-бір адам “Неге бәрің бір уақытта шығып кеттіңдер?” деп сұрамады, тексермеді де. Қазір ойласам, сол кездегі бейқамдыққа таңғаламын", – деді Бекнұр.

Әлімжеттіктің түп-тамыры қайда жатыр?

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың пікірінше, әлімжеттіктің артында күш көрсету мен үстемдікке ұмтылу түсінігі жатыр. Әсіресе өзінен әлсіз адамды бағындыру, оған қысым көрсету арқылы бедел жинауға тырысу осының бір көрінісі.

"Біздегі бір мәселе – студенттер арасындағы әлімжеттікке қатысты әлеуметтану саласында әлі күнге дейін арнайы зерттеулердің жүргізілмеуі. Негізінен зорлық-зомбылыққа негізделген мәдениет әуелі мектептен, көшеден басталып, университеттегі, әскердегі әлімжеттікке жалғасуы, кейін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін. Мұның түп-тамырында түрмелік мәдениеттің ықпалы жатыр. Яғни күш көрсету, әлсізді басыну, өзінен төмен тұрған адамға үстемдік жүргізу қалыпты әрекет ретінде қабылданады", – дейді әлеуметтанушы.

Сондай-ақ әлеуметтанушының айтуынша, бала кезінде отбасында зорлық-зомбылық көрген адамдар кейін университетте өзгелерге әлімжеттік көрсетуі мүмкін. Олар өздері бастан өткерген күш көрсету әрекеттерін қалыпты жағдай ретінде қабылдап, оны өзгелерге де қолдануға бейім болады.

"Бұл – үзілмейтін тізбек секілді. Отбасынан немесе айналасынан зорлық-зомбылық көріп өскен баланың кейін өзгелерге күш көрсетуі жиі кездесетін құбылыс. Бала күнінде көрген қысым мен қорлық оның психологиялық дамуына кері әсер етпей қоймайды. Мұндай адамдар бойындағы ашу-ызаны, ішкі агрессияны қайда бағыттарын білмей, өзінен әлсіздерге шығарады. Психология ғылымында бұл құбылыс зорлық-зомбылықтың ұрпақтан ұрпаққа берілу циклі немесе зорлық-зомбылықтың қайталану циклі деп қарастырылады. Яғни адам бала кезінде өзі көрген қарым-қатынас үлгісін кейін өзгелермен араласқанда қайталауы мүмкін", – дейді әлеуметтанушы.

Тарихи жады мен зорлық-зомбылық мәдениетінің байланысы

Тарихшы-құқықтанушы Ермек Сағыновтың айтуынша, әлімжеттіктің қалыптасуына тарихи оқиғалардың да ықпалы болуы мүмкін.

"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік кезеңнен мұра болып қалған қоғамдық қатынастар мен билік жүргізу тәсілдері толықтай жойылған жоқ. Тоталитарлық жүйе тұсында қалыптасқан күшке бағыну, жоғары тұрған адамның бұйрығын талқылаусыз орындау, әлсіздің пікірін елемеу сияқты түсініктер қоғамның белгілі бір бөлігінде сақталып қалды.  Мәселен, студенттер арасындағы әлімжеттік кезінде жоғары курс студенттерінің төменгі курс студенттеріне үстемдік жүргізуі, оларды өз айтқанына көндіруі, жеке шаруаларына жұмсауы немесе күш көрсетуі байқалады”, деді тарихшы.

Оның сөзінше, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік кезеңнен мұра болып қалған қоғамдық қатынастар мен билік жүргізу тәсілдері толықтай жойылған жоқ.

“Мұның астарында күшті адамның сөзі өтімді, ал төменгі сатыдағы адамның оған бағынуы тиіс деген түсінік жатыр. Егер зорлық-зомбылыққа дер кезінде тосқауыл қойылмаса, ал жәбірленушінің үнсіз қалуы қалыпты жағдай ретінде қабылданса, әлімжеттік жалғаса беруі мүмкін. Сондықтан бұл мәселені тарихи сана, қоғамдық тәрбие және институционалдық жауапкершілік тұрғысынан кешенді қарастыру қажет", – деді Ермек Сағынов.

Әлімжеттік үшін заң алдында кім жауап береді?

Заңгер Айтжан Апеновтің айтуынша, студенттер арасындағы әлімжеттік кейде "тәртіпке бағындыру", "үлкенді сыйлауды үйрету" немесе "дәстүр" деген желеумен ақталады. Алайда адамның ар-намысына тиіп, қорқыту, ұрып-соғу, ақша талап ету немесе күш көрсету заң бұзушылық болып саналады.

“Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде студенттер арасындағы әлімжеттік кезінде жасалуы мүмкін күш көрсету әрекеттеріне қатысты нақты құқықтық нормалар қарастырылған. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы – "Ұрып-соғу" деп аталады. Бұл бапта денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік көзделген. Ал 108-1-бап – "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы адамға тән немесе психикалық зардап келтіріліп, заңда көзделген белгілер анықталса, Қылмыстық кодекстің 110-бабы – "Қинау" бойынша саралануы мүмкін”, – деді заңгер.

Заңгердің айтуынша, студенттерден ақша талап ету, күш қолданумен қорқыту немесе олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау заң алдында жауапкершілікке әкеледі.

“Сонымен қатар студенттен қорқытып, ақша немесе өзге де мүлік талап ету Қылмыстық кодекстің 194-бабы – "Қорқытып алу" бойынша саралануы ықтимал. Егер жәбірленушіге өлтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен қорқытса, 115-бап – "Қорқыту" бойынша жауапкершілік қарастырылған. Ал адамның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту Қылмыстық кодекстің 131-бабы – "Қорлау" бабына сәйкес сараланады", – деді заңгер.

Сондай-ақ заңгер Айтжан Апенов студенттер арасындағы әлімжеттіктің кейде "тәртіп орнату", "үлкенді сыйлауға үйрету" немесе "дәстүрді сақтау" деген сылтаумен жасырылатынын айтады. Алайда ешкімнің басқа адамды қорқытуға, қорлауға, ұрып-соғуға немесе одан ақша талап етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер дәстүрге де, тәрбиеге де жатпайды және заң алдында жауап беруге негіз болады.

Студенттер арасындағы әлімжеттікке қатысты ресми деректер

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 111 байланыс орталығына буллинг, зорлық-зомбылық және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша колледж және ЖОО студенттерінен 2 600-ге жуық өтініш түскен. Қазақстанның медициналық университеті мен Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің зерттеушілері 134 оқушы арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 61,5%-ы буллингті бастан өткергенін айтқан. Ал қатысушылардың 47,3%-ы әлімжеттіктің оқу үлгеріміне кері әсер еткенін жеткізген. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 2025 жылы Алматы облысының Талғар ауданындағы жүргізілген зерттеу барысында колледж студенттері арасындағы әлеуметтік-эмоционалдық тұрақсыздық деңгейі 8,69%-ды құраған.

2026 жылғы 19 наурызда Оқу-ағарту министрлігі барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация қызметтері құрылатынын хабарлады. Бұл тетік студенттер арасындағы араздықты шешуге, қорлық көрсету жағдайларының алдын алуға және қақтығыстарды азайтуға бағытталған.

Еске салайық, 2020 жылы ҚазҰУ-дың әлімжеттік көрсетті деген айыппен 10 студентті оқудан шығарғаны туралы жазған едік. Курстастарына араша түсіп, олардың оқудан шығарылмауын сұраған мыңға жуық студент қол жинағанымен, оқу орны шешімін өзгертпеген. Ал шығарылған студенттердің гранттары ақылы бөлімде оқитын басқа студенттерге берілген.

"Бір қағаз диплом ешнәрсені шешпейді": Дина Төреәлінің "Хабар" арнасына шақырылуы жұрттың наразылығын тудырды
Фото: Instagram.com/tattti_kyz/

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлінің “Хабар” телеарнасына жүргізушілікке шақырылуы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары кәсіби журналистердің мүмкіндігін сөз етіп, телеарнаның шешімін сынға алды. Бұған жауап ретінде блогер дипломы жоқ екенін жасырмайтынын айтып, өз ұстанымын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Даудың шығуына Дина Төреәлінің Instagram парақшасында “Хабар” телеарнасынан ұсыныс алғанын хабарлауы себеп болды.

“Хабар телеарнасынан маған жүргізушілікке ұсыныс түсті. Бір күн бойы ойланып, өзіме де қызық болғандықтан, келістім. Ол кезде мен Стамбұлда қыдырып жүрдім. Сөйтіп, Астанаға келе салысымен Қазмедиаға барып, редактор-продюсерлермен кездесіп, бір келісімге келдік”, – деді ол.

Блогер телеарнада тікелей эфирге шығуға дайындалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, эфир алдында үш күндік арнайы дайындық қарастырылған.

“Маған эфирдің алдында үш күн бұрын тракт болады деді. Мен де сіздер секілді тракттың не екенін білмедім. Сөйтсем, ол эфир алдындағы арнайы дайындық күндері екен. Енді тікелей эфирде қалай болар екен деп өзім де күтіп жүрмін”, – деп жазды Дина.

“Онда журналистер төрт жыл не үшін оқиды?”

Алайда бұл жаңалық әлеуметтік желіде бірқатар қолданушының наразылығын тудырды. Әсіресе журналистика мамандығын оқып жүрген студенттер мен жас мамандардың еңбек жолына қатысты мәселе көтерілді.

“Онда болашақ журналистер не үшін қиналып, кемі төрт жыл жоғары оқу орнында оқып жүр? Егер осындай ұлттық телеарналар сол саладан базалық білімі жоқ біреуді алатын болса, шымшық сойса да қасапшы сойсын”, – деп жазды Threads қолданушыларының бірі.

Кейбірі телеарнада тәжірибеден өтіп жүрген жастардың еңбегі ескерусіз қалатынын айтып, наразылық білдірді.

“Жұмысқа кіру үшін қаншама ай тегін жұмыс істейсің. Жұмсамайтын жері, бермейтін тапсырмасы жоқ. Ал соңында сені жай ғана ысырып қойып, жұлдыздар мен блогерлерді еш практикасыз алады”, – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

“Бір қағаз диплом ештеңені шешпейді”

Желіде айтылған сыннан кейін Дина Төреәлі Instagram желісіндегі сторисінде жауап берді. Блогер 23 жаста екенін, үш баласы барын айтып, кезінде жоғары білім алудың орнына отбасын құруды таңдағанын жеткізді.

“Менің жасым 23-те! Аллаға шүкір, үш балам бар. Оқуды емес, отбасы болуды таңдадым сол сәтте. Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын. Бірақ сендер ойлаған бір қағаз диплом ештеңені шешпейді. Потенциалың жоқ болса, 10 дипломың болса да көмектеспейді”, – деді ол.

Дина жоғары білім туралы дипломы болмаса да, өз кәсібі мен табысы бар екенін алға тартты.

“Дипломым жоқ – бизнесім бар. Дипломым жоқ – табысым бар. Көзім ашық, көкірегім ояу, шүкір! Күнделікті даму үстіндемін”, – деп жазды блогер.

Блогер келесі жазбасында диплом алуды өмірдегі басты мақсат санамайтынын айтып, өзін сынағандарға тағы жауап берді.

“Диплом мен үшін өмірдің мәні болатын болса, жұрттың (байдың) балалары сияқты баяғыда дипломды сатып алып, шіреніп жатар едім. Маған бірақ ондай көрсетушілік керек емес. Барымды бар, жоғымды жоқ деп айтамын”, – деді ол.

Сондай-ақ Дина өз өмірін өзгелердің талабына сай құруға міндетті емес екенін мәлімдеді.

“Мен өзіме ұнайтын өмірді сүремін. Кей адамдардың атам заманда қалып кеткен ұстанымдарымен өмір сүруге міндетті емеспін”, – деп жазды блогер.

Бұдан бөлек, Дина Төреәлі өзін сынаған желі қолданушыларының біріне қатысты да пікір білдірді. Ол сол адамның аккаунтының скриншотын жариялап, оның Қазақстанның ұлттық арнасында жұмыс істеуіне күмән келтірді.

“Қит етсе, блогерлерді жау көріп, соларға тиісуге әуес. Телевидение менің орным болмаса, мұндай сауаты төмен адам қалай Қазақстан ұлттық арнасында жұмыс істейді? Кім болып істейді? Осы сұрағыма жауап берсінші біреу! Әлеуметтік желіде шектен тыс сауатсыз әңгіме айтатын адам телевидениеде не жоғалтып жүр?” – деп жазды Дина.

Фото: Instagram.com/tattti_kyz/

Еске салайық, бұған дейін Фариза Төреәлінің су жаңа кітабының бағасы сынға ұшырағаны хабарланған еді.

Алматы 2027 жылы саяхаттауға қолайлы әлемдегі үздік 20 жердің қатарына кірді
Фото: Алматы | Stan.kz

BBC Travel редакторлары 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық әлемдегі 20 үздік бағыттың тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстанның Алматы қаласы да бар. Басылым қаланың дамып келе жатқан өнері, гастрономиясы мен дизайн мәдениетін, сондай-ақ Тянь-Шань тауларының әсем табиғатын ерекше атап өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тізімдегі алғашқы бағыт – Мадагаскар. Арал әлемнің басқа жерінде кездеспейтін жануарларымен және ерекше табиғатымен танымал. Мұндағы сүтқоректілердің 92%-ы эндемик саналады. Саяхатшыларға елдің табиғи байлығын RN7 бағытымен аралап көру ұсынылады. Келесі Канаданың Квебек қаласы. Ол табиғи ландшафтымен және ЮНЕСКО биосфералық қорығы аумағымен ерекшеленеді. Туристерге табиғат пен жарық инсталляцияларын біріктіретін 1,2 шақырымдық Onhwa’ Lumina бағытына бару ұсынылады.

Тағы бір бағыт Жапониядағы Исе-Сима түбегі. Бұл өңір 1300 жылдан астам тарихы бар дәстүрлі Окихики рәсімімен танымал. Ол әр 20 жыл сайын өткізіледі, ал 2027 жылы оның кезекті кезеңін тамашалауға мүмкіндік туады. Бұдан кейінгі орын Атлант мұхитындағы Әулие Елена аралы. Аумағы небәрі 122 шаршы шақырым болатын аралға Йоханнесбургтен аптасына бір рет ұшақ қатынайды. 2027 жылғы 28 ақпанда мұнда "Әлемдегі ең шалғай марафон" өтеді.

Тізімге Бразилияның Салвадор қаласы да енген. Ол 2027 жылғы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын қалалардың бірі ретінде аталады. Саяхатшыларға тарихи Пелуринью ауданымен және афро-бразилиялық мәдениетке арналған MUNCAB музейімен танысу ұсынылады.

Келесі орын АҚШ-тағы Окефеноки батпағы. Солтүстік Америкадағы ең ірі қарасулы батпақтың аумағы шамамен 1771 шаршы шақырым. 2026 жылы ЮНЕСКО мәртебесін алған бұл табиғи аймақ сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге бай. Францияның Бургундия өңірі де саяхатшылар назарын аударуы мүмкін. 2027 жылы фотографияның пайда болғанына 200 жыл толады. Осыған орай Шалон-сюр-Сон қаласына сақталған ең көне фотосуреттердің бірі қайтарылады.

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Мегхалая штаты тірі ағаш тамырларынан жасалған көпірлерімен, қасиетті ормандарымен және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс-тіршілігімен ерекшеленеді. Туристер Нонгриадағы екі қабатты тамыр көпірін, Нокрек биосфералық қорығын және Мауфланг ормандарын көре алады.

Тағы бір бағыт Гана. Ел тарихи мұрасымен және мәдени шараларымен қызықтырады. Олардың қатарында африкалық диаспора тарихына арналған PANAFEST фестивалі мен Какум ұлттық саябағындағы ағаштар үстімен өтетін аспалы жолдар бар.

Аустралиядағы Дейнтри өңірі әлемдегі ең көне тропикалық ормандардың бірімен танымал. Мұнда туристер жергілікті Куку-Яланджи халқының мәдениетімен танысып, орман ішіндегі арнайы серуендерге қатыса алады. Сондай-ақ Daintree Food Trail бағыты өңірдің жергілікті тағамдарын зерттеуге мүмкіндік береді. Саяхаттауға ұсынылған келесі орын Словениядағы Бохинь. Альпі тауларында орналасқан өңір көлдері мен табиғи көріністерімен ерекшеленеді. Туристерге Блед пен Бохинь көлдерін жалғайтын 28 шақырымдық велосипед бағыты және Жеті көл аңғары ұсынылады.

Шотландиядағы Унст аралы да тізімге енген. Шетланд аралдарының солтүстігінде орналасқан бұл мекен табиғи ландшафтымен және ғарыш саласындағы жобаларымен назар аудартады. Мұнда SaxaVord ғарыш айлағынан зымыран ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясы да туристерге ұсынылған бағыттардың бірі. Өңір Сораксан ұлттық паркімен және Бэкдамса будда ғибадатханасымен танымал.

Канададағы Альберта провинциясы Жартасты тауларымен және Джаспер ұлттық саябағымен ерекшеленеді. Мұнда туристер табиғатты тамашалап қана қоймай, жергілікті байырғы халықтардың, соның ішінде Treaty 7 қауымдастықтарының мәдениетімен таныса алады. Италияның Сардиния аралы ежелгі нураг құрылыстарымен, табиғи көріністерімен және дәстүрлі тағамдарымен танымал. Саяхатшыларға Су-Гологоне бұлағы мен аралдың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу ұсынылады.

Келесі бағыт Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласы. Ол табиғатқа жақын орналасуымен және жаңарып жатқан қалалық кеңістігімен ерекшеленеді. Қала елдің оңтүстік аралын зерттеуге шығатын туристер үшін қолайлы орындардың бірі саналады.

Румыниядағы Харгита округі де тізімнен орын алған. 2027 жылы өңір Еуропаның гастрономиялық аймағы мәртебесіне ие болады. Осыған орай жергілікті асхананың 50 таңдаулы тағамы таныстырылады. Ал Перудегі Кордильера-Бланка таулы аймағы 500-ден астам мұздығымен ерекшеленеді. Туристер арасында Лагуна-69 көліне апаратын 14 шақырымдық жаяу бағыт танымал.

Тізімдегі Қазақстаннан енген жалғыз қала – Алматы. BBC Travel қаланы Тянь-Шань тауларының етегінде орналасқан, өнері, гастрономиясы мен дизайн мәдениеті дамып келе жатқан орталық ретінде сипаттайды. Басылымның жазуынша, 2027 жылы Алматыны Нью-Йорк, Әбу-Даби және Гонконгпен байланыстыратын тікелей әуе рейстері ашылмақ. Бұл қаланың халықаралық туристер үшін қолжетімділігін арттыруы мүмкін.

Алматының мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтардың бірі Алматы өнер музейі мен Целинный заманауи мәдениет орталығы. Басылым Алматы өнер музейін Орталық Азиядағы алғашқы ірі заманауи өнер музейі ретінде атап өткен. Екі мекеме де көшпелі өркениеттің мұрасы мен исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымға негізделген табиғатқа деген көзқарасты заманауи өнер арқылы таныстырады. Қаладағы галереяларда қазақстандық қолөнершілер дәстүрлі бұйымдарды жаңа үлгіде ұсынып жүр. Сонымен қатар келесі жазда өтетін "Тәңір рухы" фестивалінде әлемдік, өңірлік және қазақстандық жүздеген әртіс ашық аспан астындағы сахналарда өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Алматының гастрономиялық бағыты да шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып келеді. BBC Travel әсіресе Auyl мейрамханасын атап өткен. Мұнда Орталық Азияның дәстүрлі тағамдары заманауи тәсілмен ұсынылады. Мәзірде жылқы етінен жасалған тартар мен нанмен берілетін сүйек майы секілді тағамдар бар. Ал киіз үйдің пішінінен шабыт алған заманауи ғимарат Тянь-Шань тауларына қарайтын көрінісімен ерекшеленеді.

Ал тізімдегі соңғы бағыт Жапониядағы Нагато-Юмото Онсэн. Бұл өңір дәстүрлі ыстық бұлақтарымен танымал. Саяхатшылар мұнда жапондық онсэн мәдениетімен танысып, табиғат аясында демала алады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда соңғы жеті жылда туристік инфрақұрылым айтарлықтай кеңейді. 2019-2025 жылдары елдегі қонақүйлер, демалыс базалары мен басқа да орналастыру орындарының саны 3 592-ден 4 482-ге дейін көбейген. Ал туристерді бір мезетте қабылдау мүмкіндігі 181 мыңнан 233 мың төсек-орынға дейін артты. Осы кезеңде туризм саласына салынған инвестиция көлемі де 502 миллиард теңгеден 1,26 триллион теңгеге жетіп, 2,5 есе өсті. 2025 жылы салада жалпы құны 345 миллиард теңге болатын 95 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

"Таза Қазақстан" аясында Қарағандыда туған өлкенің тазалығына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан – жарқын болашақ" жастар экологиялық форумы Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан келген студенттерді, курсанттарды, экоеріктілер мен белсенді тұрғындарды бір ортаға жинады. Достық үйіне қоршаған ортаны қорғауды күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған азаматтар жиналды.

Форум республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында өтті.

Жиын бастаманы қолдауға арналған жалаушалармен өткен флешмобтан басталып, экологиялық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және туған өлкені аялау мәселелеріне арналды.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Форумға қатысушыларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей үн қатты. Ол өңірді абаттандыруға үлес қосып жүрген тұрғындарға алғыс айтып, тазалық біреудің ескертуі мен бақылауынан емес, әр адамның қоршаған ортаға деген жеке көзқарасынан басталатынын атап өтті.

“Қазақ тілінде "ар" деген ұғым бар. Ол – адамның ұяты, намысы, ішкі төрешісі. Бұл қасиет ешкім бақылап тұрмаған кезде де адамды дұрыс әрекет етуге жетелейді. Айналамыздағы тазалық – әр адамның ішкі дүниесінің сыртқы көрінісі. "Таза Қазақстан" бастамасының негізінде де осы құндылық жатыр”, – деді Әлібек Әлденей.

Оның айтуынша, адам бойындағы осындай асыл қасиеттер тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, аулаларды ретке келтіруге, кіреберістерді абаттандыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлесін қосуға ынталандырады.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Форумның негізгі шараларының бірі экологиялық қозғалыс белсенділерін марапаттау рәсімі болды. Жеңімпаздар төрт аталым бойынша анықталды. Олар – "Үздік эковолонтер", "Үздік экокоманда", "Үздік кіреберіс" және "Үздік аула".

Жиын қонақтарына жүлделі орындарға ие болған аулалар мен кіреберістер туралы бейнероликтер көрсетілді. Экраннан тұрғындардың өз күшімен айналасын көркейтіп, ортақ кеңістікті өзгертуге бағытталған нақты бастамалары мен еңбегі көрініс тапты.

"Үздік экобелсенді" номинациясы бойынша екі жеңімпаз анықталды. Олардың бірі – "Қазақстан темір жолы" компаниясы магистральдық желісінің Қарағанды бөлімшесінің жетекші инженер-технологі Жұлдызай Байдүйсен. Ол 18 экологиялық акцияның бастамашысы болған.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Сондай-ақ бірінші орынды Теміртау қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектептің химия және биология пәндерінің мұғалімі Вусал Мамедов иеленді. Ол 80 экологиялық іс-шараның үйлестірушісі болған.

"Үздік экокоманда" номинациясында Қарағанды қаласындағы "Бізбен бірге бол" интеграциялық орталығының инклюзивті жасағы, Шахтинск қаласының

"Экодесант" және Приозерск қаласының "Асар" командалары жеңімпаз атанды.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

"Үздік кіреберіс" номинациясы бойынша Қарағанды қаласы Құрылысшылар даңғылы, 13-үйдің 4-кіреберісінде тұратын тұрғындар үздік деп танылды.

Ал "Үздік аула" номинациясында Шет ауданы Ағадыр кентінің №9 шағынауданындағы №19, 20, 21, 22 және 23 үйлердің тұрғындары жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Форум экологиялық қозғалыс белсенділерін ұлықтаумен ғана шектелмей, қоршаған ортаға жанашырлық қарапайым әрекеттерден басталатынын да көрсетті. Таза аула, жинақы кіреберіс, сенбілікке қатысу, жасыл желекке күтім жасау – мұның бәрі ортақ тазалыққа қосылған үлес.

ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы жасанды интеллектіні экстремизмге қолдануға қарсы заң қабылдады
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі / Ж. Жұмабеков

20 қарашада Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Құрылтай делегациясы Түрікменстанның "Аваза" ұлттық туристік аймағында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің жиыны мен 61-пленарлық отырысына қатысты.

Құрылтай төрағасы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы декларациясына қол қойылуы ТМД елдерінің тарихындағы маңызды оқиға болғанын атап өтті. Қазір Достастық халықаралық деңгейде кеңінен танылған беделді өңірлік ұйымдардың біріне айналды.
"Бүгінде ТМД біздің мемлекеттеріміздің арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жан-жақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету үшін тұрақты әрі біріктіруші платформа ретінде қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар парламенттік бірлік ТМД ішіндегі интеграциялық процестерге ерекше құқықтық тұрақтылық беріп, Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Құрылтайы ұйым шеңберінде серіктестерімен одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдіреді", – деді Айбек Дәдебай.

Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі / Ж. Жұмабеков

Бұдан кейін Құрылтай төрағасы әріптестеріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы айтып берді. Қоғам Әділетті, Қуатты, Таза және Прогрессивті Қазақстан құру идеясын қолдап, "Заң мен Тәртіп" қағидаты, ел бірлігі мен қоғамдық келісім төңірегінде топтасты. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданып, вице-президент лауазымы енгізіліп, Қазақстанның Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Бес саяси партияның өкілдері енген бір палаталы Құрылтай жасақталды.

Осылайша, "Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының жуырдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен соңғы жеті жылдағы жетістіктерге тоқталған Айбек Дәдебай Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, Қазақстанның ІЖӨ 2026 жылы 400 миллиард долларға жуықтап, ал оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллар болатынын атап өтті.  2027 жыл елді түбегейлі өзгертетін Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды.

Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі / Ж. Жұмабеков

Барлық өңірде жолдар, әуежайлар, теміржол вокзалдары, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік нысандар салынады. Сондай-ақ Құрылтай төрағасы 2019-2025 жылдары Қазақстанға 155,8 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 625 өндіріс орны іске қосылғанын жеткізді. Бұның бәрі еліміздің алдағы дамуына берік негіз қалайды.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары туралы сөз қозғаған Құрылтай Төрағасы 9 қазанда Авазада өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын  әзірлеу туралы бастама көтергенін еске салды. Айбек Дәдебайдың пікірінше, құжатта елдердің ұлттық заңнамаларын өзара үйлестіру және парламенттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту ісінде Парламентаралық Ассамблеяның рөлін нақты айқындау қажет.

Қазақстан делегациясы көлік саласындағы бірлескен жұмысқа қатысты да өз ұсыныстарын білдірді. Биыл мамырда ТМД үкімет басшылары Қазақстан президентінің бастамасымен әзірленген негізгі көлік бағыттарын өзара байланыстыру Тұжырымдамасын қабылдаған еді. Онда "бірыңғай цифрлық дәліз" қалыптастыруға ерекше мән берілген. Ол тасымал үдерістерін цифрландыруды, электрондық құжат айналымын енгізуді және шекарадағы рәсімдерді өзара үйлестіруді көздейді. Осыған байланысты Құрылтай Төрағасы Ассамблеяға ТМД-ның транзиттік-көлік әлеуетін арттыруға атсалысып, бұл бағыттағы жұмыстарға қажетті парламенттік қолдау көрсетуді ұсынды.

Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі / Ж. Жұмабеков

Отырыстың күн тәртібіне көшкен Айбек Дәдебай ТМД елдері арасында көші-қон үдерістерін реттеудің ортақ тәсілдерін қалыптастыру және көші-қон саласын басқарудың цифрлық тетіктерін дамыту қажеттігіне назар аударды. Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды террористік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздеріне жеке тоқталды. Құрылтай төрағасы заңнама қазіргі сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп қана қоймай, жаңа технологиялардан туындайтын тәуекелдердің де алдын алуы керектігін атап өтті. Бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инновацияларды дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау  маңызды екенін жеткізді. Сауда және әкімшілік кедергілерді жою, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері де күн тәртібінде көтерілді.

Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Көші-қонның ортақ кеңістігі тұжырымдамасының жаңа редакциясын, "Жасанды интеллект пен робототехниканы террористік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы" модельдік заңды, сондай-ақ бірқатар басқа модельдік заңдар мен ұсынымдарды қабылдады.

Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі / Ж. Жұмабеков

Отырыс қарсаңында, 19 қарашада Айбек Дәдебай ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысып, әріптестеріне Құрылтай депутаттарының сайлауында Ассамблея атынан байқаушы болғандары үшін алғыс айтты.  Ассамблея аясында ТМД ПАА делегациялары басшыларының Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі өтті. Сондай-ақ Құрылтай төрағасы Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Дуньягозель Гулмановамен кездесті. Тараптар парламентаралық байланыстарды дамыту және екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, Құрылтай депутаттары ТМД ПАА-ның Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясы мен Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысты.

ТМД-ға мүше елдердің парламентаралық Ассамблеясы 1992 жылы 27 наурызда Алматыда құрылған. ТМД ПАА-ға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді
Фото: Freepik

Енді қазақстандықтар мен кәсіпкерлер салық төлеу мерзімін өткізіп алып, өсімпұл мен айыппұл арқаламайтын болады. Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге алдағы міндетті төлемдер туралы алдын ала хабарлап отыратын жаңа цифрлық сервисті іске қосуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа жүйе не үшін қажет және қалай жұмыс істейді?

Көп жағдайда азаматтар мен бизнес өкілдері салық төлеу уақытын ұмытып кетіп немесе нақты мерзімін білмей, кешіктіріп жатады. Соның салдарынан шоттары бұғатталып, қосымша өсімпұл есептеледі. Жаңа сервис осындай қолайсыздықтардың алдын алу үшін әзірленген.

Комитет өкілдерінің түсіндіруінше, жүйе әрбір салық төлеушінің жеке міндеттемелерін бақылап отырады және төлем жасайтын күн жақындағанда автоматты түрде ескерту жолдайды.

Салық төлеушілерге қандай мүмкіндіктер беріледі?

Алдын ала ескерту: Төлем мерзімі аяқталмай тұрып, нақты қай салық түрін және қандай сомада төлеу керектігі туралы хабарлама келеді.

Артық шығыннан қорғау: Уақытылы ескерту алу арқылы азаматтар мен кәсіпкерлер кешіктіргені үшін салынатын өсімпұлдар мен әкімшілік айыппұлдардан құтылады.

Ыңғайлы формат: Хабарламалар “Салық төлеушінің кабинеті”, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business мобильді қосымшалары және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді болмақ.

Бұл жаңашылдық салықтық әкімшілендіруді барынша ашық әрі ыңғайлы етуге, сондай-ақ азаматтар мен бизнеске сервистік қолдау көрсетуге бағытталған. Жүйе толық тестілеуден өткен соң кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, бұған дейін біз Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың салығын өзгерту ұсынылғаны туралы жазған едік.

Қазақстанда 10 жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді: Салыстырып көрдік
Фото: Freepik

Stan.kz редакциясы 10 жыл бұрынғы дүкен түбіртегіндегі 48 тауардың сол кездегі және қазіргі құнын салыстырып көрді. Нәтижесінде 10 жыл бұрын 13 347 теңге тұрған сауда себетінің бағасы қазір 59 302 теңгеге жеткені анықталды. Сонымен қатар негізгі азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы мен елдегі инфляция динамикасын зерделедік.

Қазақстанда азық-түлік бағасы 10 жылда қалай өзгерді?

Қазақстанда кейінгі он жылда азық-түлік бағасы әртүрлі қарқынмен өсті. Кейбір өнімдердің құны бірнеше есе қымбаттаса, енді бірінің бағасы салыстырмалы түрде аз өзгерген.

Бағаның ұзақ мерзімдегі өзгерісін анықтау үшін азық-түлік себетіне кіретін негізгі өнімдердің 2016 және 2026 жылдардағы орташа құнын салыстырдық. Кестеге екі кезеңде де өлшем бірлігі сәйкес келетін тауарлар енгізілді.

2016 және 2026 жылдардағы азық-түлік бағасы:

Фото: Stan.kz / ЖИ

Дереккөз: 2016 жылғы статистикалық деректер және Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы қазан айындағы орташа бағалары.

Кестедегі бағалар Қазақстан бойынша есептелген орташа көрсеткіштерге негізделген. Мәселен, 2016 жылы бір келі күріш 289 теңге болса, 2026 жылғы қазанда 541 теңгеге жеткен. Осы аралықта бір келі сары майдың орташа бағасы 1 590 теңгеден 5 702 теңгеге, ал картоп 106 теңгеден 211 теңгеге өскен.

Бұл деректер азық-түлік себетіндегі негізгі өнімдердің он жыл ішінде қаншалықты қымбаттағанын көрсетеді. Дегенмен әр тауардың бағасы бірдей қарқынмен өзгермеген.

Салыстыру үшін 2026 жылғы қазандағы басқа да негізгі азық-түлік өнімдерінің орташа бағасын қарастырдық.

Ал 2026 жылғы қазанда негізгі азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы мынадай болған:

Азық-түлік бағасы ұзақ мерзімде ғана емес, маусымға қарай да өзгеріп отырады. Мәселен, 2026 жылғы қазанда қияр, қызанақ пен мандарин қымбаттаса, жүзім, пияз және қант арзандаған.

2015 жылғы чек: 48 тауардың бағасы қаншаға өзгерді?

Ресми статистика ел бойынша орташа бағаны көрсетеді. Ал дүкен түбіртегі белгілі бір уақытта сатып алынған тауарлардың құнын салыстыруға мүмкіндік береді.

Stan.kz 2015 жылғы 7 қарашада жасалған сауданың түбіртегін тауып, ондағы 48 тауардың қазіргі бағасын есептеді. Ол кезде сатып алынған заттардың жалпы құны 13 347 теңге болған.

Фото: Facebook / Gulnara Bugubayeva

Салыстыру үшін 2015 жылғы чектегі тауарлар мен Magnum супермаркеттеріндегі 2026 жылғы бағалар негізге алынды. Осылайша, бір сауда желісіндегі тауарлар себетінің 11 жыл ішінде қаншалықты қымбаттағаны анықталды.

Есеп нәтижесінде 2015 жылы 13 347 теңгеге алынған 48 тауардың қазіргі құны 59 302 теңгеге жеткені белгілі болды.

Екі кезеңдегі айырмашылық – 45 955 теңге. Яғни бірдей тауарлар себетінің құны 11 жылда шамамен 4,4 есе өскен.

Фото: Stan.kz / ЖИ

Дереккөз: 2015 жылғы 7 қарашадағы Magnum дүкенінің чегі және 2026 жылғы Magnum супермаркеттеріндегі тауар бағалары. Қазіргі бағаларды редакция жинады.

Бұл салыстыру елдегі барлық дүкеннің бағасын көрсетпейді. Ол нақты бір түбіртектегі тауарлардың белгілі бір сауда желісіндегі құны қалай өзгергенін сипаттайды.

Қай тауарлардың бағасы көбірек өзгерген?

48 тауардың бағасын салыстырғанда, кейбір өнімдердің құны бірнеше есе өскені анықталды.

Мәселен, тазартқыш құрал 2015 жылы 159 теңге тұрса, 2026 жылы 2 199 теңгеге жеткен. Яғни 2 040 теңгеге немесе 1 283%-ға қымбаттаған.

Ішетін йогурттың бағасы 105 теңгеден 1 349 теңгеге дейін көтеріліп, шамамен 12,8 есе өскен. Қызыл бұрыш 35 теңгеден 435 теңгеге, ал лавр жапырағы 75 теңгеден 799 теңгеге жеткен.

Сусабын мен какао ұнтағының бағасы да 2015 жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

Фото: Stan.kz / ЖИ

Ал теңгемен есептегенде, ең үлкен айырмашылық сопақ пісіру ыдысында байқалады. Оның бағасы 1 399 теңгеден 5 455 теңгеге дейін өсіп, 4 056 теңгеге қымбаттаған.

Какао ұнтағының құны 3 540 теңгеге, кір жуғыш ұнтақ 2 883 теңгеге, ал сусабын 2 586 теңгеге өскен.

Дегенмен барлық тауар бірдей қымбаттамаған. Мәселен, тоқаштың бағасы 160 теңгеден 260 теңгеге, ал панировка ұнтағы 165 теңгеден 303 теңгеге жеткен. Ылғалды майлықтар мен гигиеналық төсемдердің бір түрі де салыстырмалы түрде аз қымбаттаған тауарлар қатарында.

Азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың құны

2015 жылғы түбіртектегі 48 тауарды екі санатқа бөліп қарастырдық.

Оның 37-сі азық-түлік пен ас әзірлеуге арналған заттар болса, қалған 11-і тұрмыстық және гигиеналық тауарларға жатады.

Бірінші санатқа азық-түлік өнімдерімен бірге дәмдеуіштер, ас содасы мен сірке қышқылы енгізілді. Ал сопақ пісіру ыдысы тұрмыстық тауарлар тобына қосылды.

Фото: Stan.kz / ЖИ

Ресми статистикаға сәйкес, 2015 жылы Қазақстанда азық-түлік бағасы 10,9%-ға өскен. Кейінгі жылдары да қымбаттау жалғасты. Әсіресе 2022 жылы жылдық өсім 25,3%-ға жеткен. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 8,5%, 2024 жылы 5,5%, 2025 жылы 13,5% болды.

Бұл көрсеткіштер азық-түлік бағасының әр жылдағы өсу қарқынын сипаттайды. Ал нақты тауарлардың он жыл ішіндегі құнын салыстыру баға өзгерісінің күнделікті саудаға қалай әсер еткенін түсінуге мүмкіндік береді.

Фото: Stan.kz / ЖИ

Осылайша, 2015 жылғы бір дүкен түбіртегі күнделікті тұтынатын тауарлардың 11 жыл ішінде қаншалықты қымбаттағанын көрсетеді. Бұрын 13 мың теңгеден сәл асатын сауда себетіндегі заттарды қазір сатып алу үшін 59 мың теңгеден астам қаражат қажет.

Дегенмен нақты бір дүкендегі баға өзгерісі мен ресми инфляция көрсеткішін бірдей қарастыруға болмайды. Ұлттық статистика бюросы ел бойынша көптеген тауар мен қызметтің бағасын есептесе, дүкен чегі белгілі бір тауарлар жиынтығының құнын ғана көрсетеді.

Бұған дейін Stan.kz ресми инфляция көрсеткіші мен дүкендегі бағаның неге сәйкес келмейтінін зерттеген еді. Материалда ресми инфляцияның 500-ден астам тауар мен қызметті қамтитын тұтыну себетіне негізделетіні, ал әр отбасының шығын құрылымы мен сатып алатын өнімдері әртүрлі болатыны айтылды. Мәселен, бір отбасы азық-түлікке көбірек ақша жұмсаса, ет пен көкөніс бағасының өзгерісін қатты сезінуі мүмкін. Сондықтан ел бойынша есептелетін орташа инфляция әр адамның күнделікті шығынын дәл көрсете бермейді.

Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-дің құрмет белдігі табысталды
Фото: Dimash News

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексика астанасы Мехикода Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белдігімен марапатталды. Беделді ұйым өнер иесінің әлемдік музыкадағы жетістіктері мен халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DimashNews-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Марапаттау рәсімі 19 қарашада өтті. Димашқа құрмет белдігін WBC өкілдері Эктор Сулейман-кіші, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және Қазақстанның аталған ұйымдағы өкілі Әлихан Жарылғапов табыстады.

Дүниежүзілік бокс кеңесі – кәсіпқой бокстағы ең беделді халықаралық ұйымдардың бірі. Оның әйгілі жасыл чемпиондық белдігін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Рой Джонс, Флойд Мейвезер және Геннадий Головкин секілді спортшылар иеленген.

Ал Димашқа табысталған белдік спорттық жетістігі үшін емес, халықаралық деңгейдегі шығармашылық табысы мен қоғамдық қызметі үшін берілген құрмет марапаты саналады.

“Димаш – музыка әлемінің аңызы”

WBC өкілдері мұндай марапаттың сирек берілетінін атап өтті. Олардың айтуынша, жасыл белдік – ұзақ жылғы еңбек пен табандылықтың, әлемдік мойындаудың символы.

“Димаш – ерекше тұлға, музыка әлемінің аңызы. Ол әлемдік деңгейде танылды. Көпшілік оны шығармашылығы мен өмірлік құндылықтары үшін құрметтейді. Сондықтан біз оған осы белдікті табыстауды жөн көрдік”, – деді ұйым өкілдері.

Олар Димаштың бокс тарихына қызығушылығын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен де байланыстырды.

Фото: Dimash News

Марапат WBC президентінің бастамасымен берілген

Димашқа арнайы белдік табыстау туралы ұсынысты Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман жасаған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ол денсаулығына байланысты салтанатты рәсімге қатыса алмаған. Алайда Димашпен кездесуді ерекше күткен.

“Ол апта бойы осы шара туралы айтып жүрді. “Мен Димаштың жанында болғым келеді. Ол – менің жақсы досым” деді. Өкінішке қарай, келе алмағанына қатты қынжылды”, – деп бөлісті WBC өкілдері.

Кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік бокс кеңесінің қоғамдық бастамаларын және Димаштың БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы аясындағы қызметін талқылады. WBC өкілдері музыка мен спортты адамдарды біріктіретін, бейбітшілік пен өзара құрметті дәріптейтін маңызды күш деп бағалады.

Олар Димаш шығармашылығы арқылы халықтар арасындағы достықты нығайтуға ұмтылса, WBC спортшылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды басты міндеттерінің бірі санайды.

“Музыка мен спорт адамдарды біріктіреді. Біздің ортақ мақсатымыз – адамдар бір-бірін құрметтейтін, бейбіт өмір сүретін әлем қалыптастыру”, – деді ұйым өкілдері.

Қазақстандық әнші өзіне көрсетілген құрмет үшін Дүниежүзілік бокс кеңесінің өкілдеріне ризашылығын білдірді. Өнер иесі бұл оқиғаның Қазақстан мен Мексика арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от DimashNews (@dimash.news)

“Достықтың, сыйластық пен бірліктің символы”

Ал Димаш Құдайберген бұл марапатты қазақстандық өнердің халықаралық деңгейде мойындалуының белгісі деп бағалады. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Мексикадағы әсерін бөлісіп, күтпеген марапаттың өзі үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

“Мексикадағы бүгінгі кеш мен үшін ерекше болды. Сахна төрінде Дүниежүзілік бокс кеңесінің белдігін құрмет пен мойындаудың белгісі ретінде алу – мен үшін үлкен мәртебе әрі өмірімдегі ұмытылмас сәттердің бірі”, – деді Димаш.

Өнер иесінің айтуынша, музыка мен спорт бір-бірінен алшақ көрінгенімен, екеуін байланыстыратын ортақ құндылықтар аз емес. Олардың қатарында рухтың мықтылығы, тәртіп, үздіксіз ізденіс және адамдарды біріктіре білу қасиеті бар.

Димаш өзіне ерекше құрмет көрсеткен WBC ұйымына және мексикалық тыңдармандарына ризашылығын білдірді.

“Осындай мағынасы терең марапат үшін Дүниежүзілік бокс кеңесіне шын жүректен алғыс айтамын. Сондай-ақ сүйікті Мексикама ерекше рақмет! Бұл елде сахнаға шыққан сайын көрермендердің шынайы ықыласын, ыстық махаббаты мен құрметін сезінемін. Мен үшін бұл белдік жай ғана сыйлық емес, достықтың, сыйластық пен бірліктің символы”, – деп жазды әнші.

Димаштың қуанышына әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері де ортақтасты.

“Сен нағыз талант иесісің! Бұл марапатқа әбден лайықсың”, “Біз сені мақтан тұтамыз”, “Сен өнердің биік үлгісін көрсетіп жүрсің”, “Құттықтаймыз! Өнер мен спорт адамдарды біріктіреді”, – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, 19 қарашада Мехико қаласындағы Palacio de los Deportes аренасында Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белдігі табысталғаны хабарланған еді. Дүниежүзілік бокс кеңесі Димашқа құрмет белдігін оның халықаралық музыкадағы жетістіктері мен халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін табыстаған. Бұл марапатты беру бастамасын WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген.

Айта кетейік, WBC бұған дейін спорттан тыс саладағы еңбегі үшін Нельсон Мандела мен Турки Әл аш-Шейх секілді танымал тұлғаларды да арнайы марапаттаған.

Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған
Фото: Pexels

Астанада Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті "Ғылым қорынан" берілген 297 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады. Қаражат агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаны жүзеге асыруға бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы "Ғылым қоры" елордадағы кәсіпкерге ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін грант берген. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 350 миллион теңге болған. Мемлекеттік қаражат пайдаланылған өсімдік майын регенерациялау және тазарту өндірісін іске қосуға жұмсалуы тиіс еді.

Алайда тергеу мүддесіне байланысты аты-жөні жарияланбаған кәсіпкер ақшаны шикізат, жабдықтар мен қызметтерді сатып алу бойынша жалған мәмілелер арқылы өзіне бақылауындағы шоттарға аударып отырған.
“Атап айтқанда, жобада көзделген дат баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желінің орнына техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алынған”, – деді ҚМА.
Ол өнім өндіруді де, сатуды да бастамаған. Ақшаның бір бөлігін өзіне қатысы бар компаниялар арқылы шығарып отырған. Кейін қаражаттың бір бөлігі жеке кәсіпкердің шоттарына өз қаржысы ретінде қайта аударылып, сол ақшаға кәсіпкер лизинг арқылы автокөліктер алған.

Бұдан бөлек, 1,7 миллион теңге "Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының" қызметкеріне пара ретінде берілген. Заңбұзушылықтар туралы білген сарапшы тексеру барысында оларды көрсетпей, "Ғылым қорына" жобаны әрі қарай қаржыландыруды ұсынған. Күдіктілердің екеуі қамауға алынды. Олардың алты автокөлігі, пәтері мен жабдықтарына тыйым салынды.

Еске сала кетейік, Алматыда эколог-блогер, “Байтақ” жасылдар партиясының бұрынғы хатшысы Ерлан Қыдырбаев ұсталды. Ол мемлекет қаржысына жүзеге асырылуы тиіс ғылыми жобалар аясында бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Мемлекетке келген шығын көлемі 150 миллион теңгеге жуық. Қылмыстық істің қозғалғанын блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Алматыда салынып жатқан үш метро станциясының құрылысы қашан аяқталады
Фото: Metroalmaty.kz

Алматыда "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін метро желісін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазір үш жаңа станцияның бірінде жер қазу басталса, екіншісінде инженерлік желілер көшірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыда метроның "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейінгі учаскеде үш жаңа станцияның құрылысы жүріп жатыр. Қазір олардың бірінде жер қазу жұмыстары басталса, екіншісінде инженерлік желілерді көшіру аяқталуға жақын. Ал үшінші станцияда вестибюль мен платформа бөлігін бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа станциялар бірінші желінің үшінші кезеңі аясында салынып жатыр. Әзірге оларға ресми атау берілмеген. Нысандар құжаттарда I, II және III станция деп белгіленген. Олардың атауы белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Жаңа станциялар қай жерде орналасады?

I станция – Алатау даңғылының бойында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Сабденов көшесінен оңтүстікке қарай, Наурызбай ауданы әкімдігіне жақын жерде орналасады.

II станция – Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында салынып жатыр.

ІII станция – "Барлық" базарының аумағында орналасады.

Құрылыс жұмыстары қай кезеңде жүріп жатыр?

Метрополитеннің баспасөз қызметі әр станциядағы құрылыс жұмыстарының барысына да тоқталды. Бірінші станцияда инженерлік желілерді, соның ішінде электрмен жабдықтау жүйесі мен газ құбырын көшіру жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар айналма жол салу жұмыстары біткен. Қазір жер қазу жұмыстары басталмақ.

Екінші станцияда инженерлік желілерді көшіру және айналма жол салу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал үшінші станцияда жер қазу және бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, вестибюль мен платформалық учаскені бетондау жұмыстары қолға алынған.

Метрополитен өкілдерінің мәліметінше, "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейінгі учаскенің құрылысын 2029 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі Қытайдың ірі компанияларымен LRT және SkyTrain жобаларын жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол қойғаны туралы жазған едік. Жобалар қаладағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, SkyTrain — жерден биікте орналасқан арнайы эстакадалар арқылы жүретін монорельсті көлік. Мұндай жүйе Канаданың Ванкувер қаласында қолданылады. Ол толық автоматтандырылған және жүргізушісіз басқарылады.

Алматының бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, болашақ SkyTrain желісі Райымбек даңғылы, Саин көшесі, Әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма автомобиль жолы арқылы өтуі мүмкін. Алайда жобаның нақты бағыты мен техникалық шешімдері кейінірек белгілі болады.

Алдағы демалыста елдің кей аймағында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Фото: magnific.com

21-23 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі және тұман күтіледі. Елдің солтүстік өңірлерінде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан циклондар сериясы әсер етеді. Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарға таралады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр.

“Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстігінде көктайғақ болады, температуралық фонда ерекше өзгерістер күтілмейді. Тек шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады”, – деп хабарлады синоптиктер.

Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Алайда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек Қазақстанның шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" қараша айына арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Келер айда елдің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы болғанымен, айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз 18°C-қа дейін жетпек.

Цифрлық медицина: Freedom Қазақстанда денсаулық сақтау саласын қалай дамытып жатыр?
Фото: Freedom Talk

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету, жасанды интеллект пен генетикалық зерттеулерді дамыту. Бұл мәселелер 17 қарашада Алматыда өткен Freedom MedTech Talk кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында Freedom өкілдері медициналық бағыттағы жобалардың нәтижелерін таныстырып, денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді дамыту жоспарларымен бөлісті.

Медициналық көмекке қолжетімділік

Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі – дәрігерлердің қала мен ауыл арасында біркелкі бөлінбеуі. Freedom Lab бас директоры, MED365 басқарушы директоры Шыңғыс Құлахметовтің айтуынша, қалаларда 10 мың тұрғынға 57 дәрігерден келсе, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш небәрі 17 болады.

Осы мәселені шешуге бағытталған DigitalMed365 жобасы мобильді диагностикалық кешендер арқылы шалғай елді мекендердің тұрғындарын тексеруге, нәтижелерді дәрігерлерге жіберуге және бейінді мамандардан қашықтан кеңес алуға мүмкіндік береді. Қарағанды облысында 2023–2025 жылдары өткен пилоттық жоба аясында 5,5 мыңнан астам тұрғын медициналық тексеруден өтті.

Сонымен қатар отандық әзірлемелер мемлекеттік міндеттерді шешуге де қолданылып келеді. Мәселен, "Е-МЕДОСМОТР" жүйесі әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден өту уақытын 20 минуттан 5 минутқа дейін қысқартты. 2024 жылдан бері 81 мың адамға тексеру жүргізіліп, жоба бүгінде еліміздің тоғыз өңірін қамтиды.

Фото: Freedom Talk

Медициналық деректердің ашықтығы

Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай цифрлық кеңістікті дамыту мәселесі де көтерілді. Медициналық ақпараттық жүйелер қазірдің өзінде деректерді Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай қоймасына жіберіп жатыр. Алдағы уақытта Freedom SuperApp-ты осы жүйемен интеграциялау жоспарланған.

Бұл пациенттерге медициналық жүгінулер тарихын, тексеру нәтижелері мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл медициналық деректердің ашықтығын арттырып, көрсетілмеген қызметтерді есепке жазу жағдайларының алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ Freedom SuperApp ішіндегі iDoctor сервисінде дәрігерлер туралы пікірлер модерациядан өтеді. Қабылдауға жазылып, қызмет ақысын платформа арқылы төлеген пациенттердің пікірлеріне басымдық беріледі.

Денсаулық бір қосымшада

Бүгінде медициналық сервистер Freedom SuperApp-тың "Менің денсаулығым"  бөліміне біріктірілген. 2026 жылғы сәуірде іске қосылғаннан бері мұнда 120 мыңнан астам профиль жасалған. Қосымшаны пайдаланушылар дәрігерге жазылып, зертханалық талдаулар тапсырып, ДНҚ-тесттен өтіп, дәрі-дәрмекке тапсырыс бере алады. Сервиске 202 клиника мен 2 700 дәрігер қосылған.

Сонымен қатар компания генетикалық зерттеулер бағытын дамытып жатыр. Жаңа сервисті әзірлеу барысында мамандар 200-ден астам ішкі тест жүргізіп, 280 гендегі 403 генетикалық нұсқаны қамтитын панель қалыптастырған. ДНҚ-тестінің құны – 20 мың теңге. Болашақта қазақстандықтардың генетикалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік беретін ұлттық референстік геномды қалыптастыру жұмысына мемлекет пен ғылыми институттарды тарту көзделіп отыр.

Фото: Freedom Talk

Freedom SuperApp-ты дамыту аясында денсаулықтың цифрлық паспортын, мемлекеттік медициналық қызметтерді интеграциялау, жасанды интеллект пен жеке денсаулық индексін (HealthScore) енгізу жоспарланған.

Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Лидің айтуынша, компанияның мақсаты – медициналық сервистерді бір платформаға біріктірумен шектелмей, пациенттің медициналық қызмет алу жолын барынша жеңілдету.

Freedom MedTech Talk аясында ұсынылған жобалар цифрлық технологиялардың медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге және профилактикалық медицинаны дамытуға бағытталғанын көрсетті.

Мәслихат сайлауының ақшасы қайдан келеді және қайда жұмсалады
Фото: Gov.kz

Қазақстанда 29 қарашада кезектен тыс мәслихат сайлауы өтеді. Биыл 228 мәслихаттағы 3 447 мандатқа 10 971 кандидат таласып жатыр. Сайлауды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 35,8 миллиард теңге бөлінген. Алайда бұл ақша кандидаттар мен партиялардың сайлауалды үгітіне жұмсалмайды. Олар науқанын жеке сайлау қорлары арқылы қаржыландырады. Stan.kz редакциясы мемлекеттік қаржының қайда бағытталатынын, кандидаттар мен партиялардың үгіт шығындары қалай қалыптасатынын және олардың қаншалықты ашық көрсетілетінін талдады.

Сайлауға бөлінген 35,8 миллиард теңге қайда жұмсалады?

Сайлауды қаржыландырудың үш тетігі бар: оны ұйымдастыруға арналған мемлекеттік бюджет, кандидаттардың белгілі бір үгіт шығындарын өтеуге бөлінетін қаржы және кандидаттар мен партиялардың сайлау қорлары.

Сайлауды өткізуге бөлінген 35,8 миллиард теңге комиссиялардың жұмысына, учаскелерді жабдықтауға, бюллетеньдер дайындауға және дауыс беруді ұйымдастыруға бағытталады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, осы соманың шамамен 25,1 миллиард теңгесі, яғни 70%-ы комиссия мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады. Қалған 10,7 миллиард теңге өзге ұйымдастыру шығындарына қарастырылған.

Мемлекет кандидаттардың қандай шығынын өтейді?

Мемлекет кандидаттардың заңда белгіленген кейбір үгіт шығындарын бюджет есебінен өтейді. Оның ең жоғары мөлшері мәслихат деңгейіне байланысты.

2026 жылғы сайлауда мынадай шектер белгіленген:

облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына кандидаттар үшін – 700 мың теңге;

қалалық мәслихаттарға кандидаттар үшін – 650 мың теңге;

аудандық мәслихаттарға кандидаттар үшін – 500 мың теңге.

Бұл ақша кандидаттарға автоматты түрде берілмейді. Бюджеттен тек заңда көзделген шығындар белгіленген шектен асырылмай өтеледі.

Облыстық деңгейдегі кандидаттарға қарастырылған 700 мың теңгенің:

410 мың теңгесі БАҚ-та сөз сөйлеуге, баспасөзде немесе интернет-басылымдарда материал жариялауға;

180 мың теңгесі сайлауалды іс-шаралар мен үгіт материалдарына;

110 мың теңгесі көлік шығындарына арналған.

Салыстыру үшін, 2023 жылғы мәслихат сайлауында мұндай өтемнің ең жоғары мөлшері 550 мың теңге болған. Үш жылда ол 150 мың теңгеге немесе шамамен 27%-ға өскен.

Бірмандатты кандидаттар сайлау науқанына ақшаны қайдан алады?

Бірмандатты округтен сайлауға түсетін кандидат жеке сайлау қорын қалыптастырады. Оған өз қаражатын салып, Қазақстан азаматтары мен ұйымдарынан заңда рұқсат етілген ерікті қайырмалдықтар қабылдай алады.

Жиналған ақша жарнамаға, үгіт материалдарына, сайлаушылармен кездесулерге, баспа өнімдері мен көлік шығындарына жұмсалады.

Кандидаттың сайлау қорына түсетін қаражаттың шекті мөлшері:

Фото: Stan.kz / ЖИ

Бұл – заңда белгіленген ең жоғары шектер. Кандидаттың осынша ақша жинауы немесе толық жұмсауы міндетті емес. Нақты шығын оның қаржылық есебінде көрсетіледі.

Саяси партиялар сайлау науқанын қалай қаржыландырады?

Саяси партиялар партиялық тізім бойынша жүргізілетін үгітті өз сайлау қорлары есебінен қаржыландырады. Бұл ақша жарнамаға, үгіт материалдарына, сайлаушылармен кездесулерге және заңда рұқсат етілген өзге шараларға жұмсалады.

Stan.kz редакциясы жарияланған өңірлік қаржылық есептерді салыстырды.

Жамбыл облысында “Әділет” партиясының сайлау қорынан 46,8 миллион теңге жұмсалған.

Қарағанды облысында партиялардың жалпы шығыны 37,2 миллион теңгені құраған. Оның 36,5 миллионын “Әділет”, 720 мың теңгесін “Ақ жол” партиясы жұмсаған.

Атырау облысында “Әділет” партиясының қорына 66 миллион теңге түскен. Оның 15,5 миллионы белгіленген шектен асуына байланысты қайтарылған.

Солтүстік Қазақстан облысында 10 қарашадағы есеп бойынша “Әділет” партиясының қорына 67,3 миллион теңге түскені көрсетілген. Алайда сол күнге дейін шығын тіркелмеген.

Осы деректерді салыстырғанда бір ерекшелік байқалады: партия қорына түскен сома оның нақты шығынын көрсетпейді. Сонымен қатар өңірлік есептер әртүрлі кезеңді қамтиды. Сондықтан қолда бар мәліметтер арқылы партиялардың бүкіл ел бойынша қанша қаржы жұмсағанын немесе оның нақты қандай қызметтерге бағытталғанын толық анықтау мүмкін емес.

Сайлау қорына кімдер ақша аудара алмайды?

Қазақстан заңнамасы кандидаттар мен партиялардың сайлау қорларын қаржыландыруға бірқатар шектеу қояды.

Атап айтқанда, мына тұлғалар мен ұйымдардан ақша қабылдауға тыйым салынады:

шетелдік мемлекеттерден, ұйымдар мен азаматтардан;

жарғылық капиталында шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялардан;

аты-жөні белгісіз донорлардан;

мемлекеттік органдар мен ұйымдардан;

қайырымдылық қорлары мен діни бірлестіктерден.

Кандидаттың сайлауалды үгітін арнайы қордан тыс қаржыландыруына да рұқсат жоқ.

Ал қазақстандық кәсіпкердің заң талаптарын сақтап, сайлау қорына ресми түрде ақша аударуы өздігінен заң бұзушылық болып саналмайды.

Бұл шектеулер сайлау науқанына түсетін қаржының қайдан келгенін бақылауға және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Кандидаттар мен партиялардың нақты шығыны қашан белгілі болады?

29 қарашадағы сайлау аяқталып, қорытынды қаржылық есептер жарияланғаннан кейін кандидаттар мен партиялардың науқанға жұмсаған қаражатын толығырақ салыстыруға мүмкіндік туады. Ол үшін сайлау қорларына түскен қаржы, нақты шығындар, олардың қандай мақсаттарға бағытталғаны және есептердің қай кезеңді қамтитыны туралы мәліметтер қажет.

Әзірге жарияланған құжаттар сайлау науқанының қаржылық ауқымын ішінара ғана көрсетеді. Ал нақты шығынды бағалау үшін қорытынды есептерге сүйену қажет.

Еске салсақ, Тоқаев 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауында кандидаттарға тең жағдай жасау қажет екенін айтты.

Тоқаев жариялаған "Құрылыс жылы" не үшін доллар бағамына әсер етуі мүмкін
Фото: Pexels

Қазақстанда құрылыс индустриясы жоғары өсу қарқынын сақтап отырғанымен, отандық құрылыс материалдарын өндіру көлемі ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Halyk Finance сараптамалық орталығының талдаушылары мұндай теңгерімсіздік 2027 жылы импорт көлемінің күрт өсуіне әкеліп, валюта нарығына және ұлттық валюта – теңгенің бағамына қосымша қысым түсіруі мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылыс секторындағы 10 айдың қорытындысы қандай?

Биылғы қаңтар-қазан айларында елдегі құрылыс жұмыстарының жалпы өсу қарқыны біршама баяулағанымен, сала экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып қалуда. Сарапшылар жыл соңына қарай Ұлттық қордан бөлінген қосымша қаражат есебінен сектордағы белсенділік қайта үдей түседі деп күтеді. Қазіргі статистикалық ахуал мынадай:

Инфрақұрылым – басты қозғаушы күш: Жалпы құрылыс көлемінің 55%-ы теміржол, метро, электр желілері мен магистральдық құбырлар салуға тиесілі. Дегенмен бұл бағыттағы өсім қарқыны бұған дейінгі 19%-дан 15,8%-ға дейін төмендеді.

Тұрғын үй нарығындағы алшақтық: Баспана салу қарқыны 12,2%-ға дейін жеделдегенімен, нысандарды дайын күйінде пайдалануға беру көрсеткіші 10 ай ішінде 4,5%-дан 2,1%-ға дейін баяулады.

Жеке құрылысшылардың үлесі: Елімізде тапсырылған жаңа тұрғын үйлердің шамамен 95%-ын жекеменшік құрылыс компаниялары салған.

Импорттық тәуелділік теңгеге қалай әсер етеді?

Halyk Finance сарапшылары алдағы жылы да Қазақстанда “үлкен құрылыс” қарқыны бәсеңдемейді деп болжайды. Бұған мемлекеттік инфрақұрылымдық жобалардың жалғасуы мен бюджеттік қаржыландыру тікелей серпін бермек.

Алайда ішкі нарықтағы өндірістік қуаттың шектеулі болуы басты түйткілге айналып отыр. Отандық зауыттар қажетті көлемде құрылыс материалдарын шығарып үлгермегендіктен, мердігер компаниялар шикізат пен дайын өнімді шетелден тасымалдауға мәжбүр болады. Талдаушылардың пайымдауынша, 2027 жылы құрылыс материалдары импортының ұлғаюы ішкі нарықта шетел валютасына деген сұранысты арттырады. Ал доллар мен өзге валюталарға сұраныстың өсуі сайып келгенде теңгенің айырбас бағамына теріс әсер етіп, бағамдық тұрақтылыққа қысым түсіруі ықтимал.

Құрылыс материалдарының тапшылығы мен импорттық тәуелділік тек валюта бағамына ғана емес, болашақта тұрғын үйдің өзіндік құны мен нарықтағы бағасының өсуіне де түрткі болуы мүмкін.

Еске салсақ, 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу жоспарланған. Экономист Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, бұл қаражат экономиканы әртараптандыруға және жергілікті өндірушілерге тапсырыс беру арқылы ел ішіндегі пайданы арттыруға септігін тигізеді, бірақ отандық өнімнің бағасы, сапасы мен жеткізу мерзімі ескерілмесе, құрылыс құны негізсіз қымбаттап, инфляция мен теңге бағамына қатысты тәуекелдер күшеюі мүмкін. Сонымен қатар маман жобалардың нақты экономикалық қайтарымы болуы және мемлекеттік шығындар кірістер мен ықтимал тәуекелдерге сай жоспарлануы қажет екенін атап өтті.

Псориаз жұқпалы ма: Қазақстандық дерматолог ел ішінде тараған мифті жоққа шығарды
Фото: magnific.com

Псориазбен ауыратын адаммен қол алысу, бір дастарқанда отыру немесе күнделікті араласу арқылы ауру жұқпайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Псориазбен ауыратын адаммен қол алысып амандасу, бір үстелде тамақтану немесе күнделікті қарым-қатынас жасау арқылы ауру жұқпайды. Бұл иммундық жүйе қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын созылмалы тері ауруы. Мамандар псориазбен ауыратын адамдарды шеттетпей, керісінше, оларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының дерматолог дәрігері Гүлжан Мейірманованың түсіндіруінше, псориаздың кең таралған түрлерінің бірі – түйіндақты псориаз.

Аурудың бұл түрінде теріде шекарасы анық, қызыл түсті түйіндақтар пайда болады. Олардың беті күміс түстес ақ қабыршақтармен жабылады. Көбіне мұндай белгілер шынтақта, тізеде, бастың шаш бөлігінде және бел тұсында байқалады.
"Псориаз иммундық жүйенің бұзылуымен байланысты және созылмалы сипатқа ие. Алайда ол жұқпалы ауруларға жатпайды. Сондықтан псориазбен ауыратын адамдармен араласудан, қол алысудан немесе бір ортада болудан қорқудың қажеті жоқ", – деді дерматолог дәрігер Гүлжан Мейірманова.
Дерматолог теріде бөртпе немесе басқа да өзгерістер байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Сондай-ақ теріні үнемі ылғалдандырып, жарақаттанудан сақтау және маман тағайындаған емді үзбей жалғастыру маңызды.

Мамандар псориазды бақылауда ұстауға болатынын айтады. Бұл ретте медициналық көмектен бөлек, жақындарының қолдауы мен қоғамның түсіністігі де маңызды. Өйткені аурудың жұқпайтынын білу – псориазбен өмір сүретін адамдарға қатысты негізсіз қорқыныш пен кемсітушіліктің алдын алуға көмектеседі.

Еске салайық, бұған дейін псориаздан айықтырамыз деп жарнамаланған "Дермамин" биологиялық белсенді қоспасын қабылдаған қазақстандық әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Әйел сатушылардың екі аптада толық жазылып кететіні туралы уәдесіне сеніп, препаратты сатып алған. Алайда емнің орнына ауруы асқынып, денесіндегі жаралар көбейіп, дене қызуы көтерілген. Медицина мамандары псориазбен ауыратын адамдарға өз бетінше емделмей, дерматологқа жүгінуге кеңес береді.

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақысы қаншалықты өседі
Фото: Pexels

1 қаңтардан бастап психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Жоба ашық НҚА-ға жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ашық НҚА" порталында медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері мен психологтардың жалақысын көтеруді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Жоба бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарының мамандарына қосымша ақы белгілеу ұсынылады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында үздіксіз еңбек өтіліне қарай мына мамандарға лауазымдық жалақысына қосымша ақы төлеу көзделген:

учаскелік терапевт;

учаскелік педиатр;

жалпы практика дәрігері;

учаскелік медбике;

жалпы практика медбикесі;

фельдшер;

акушер;

патронаждық медбике;

мектеп медбикесі.

Қосымша ақы мөлшері еңбек өтіліне қарай белгіленеді:

екі жылдан астам еңбек өтілі үшін – лауазымдық жалақының 20%-ы;

үш жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%-ы;

бес жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%-ы.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында халыққа көмек көрсетуге тікелей қатысы бар медициналық емес қызметкерлерге психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін қосымша ақы төлеу ұсынылады.

Оның мөлшері:

психологтарға – базалық лауазымдық жалақының 300%-ы;

әлеуметтік қызметкерлерге – базалық лауазымдық жалақының 200%-ы.

“Ашық НҚА” мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының учаскелік қызметіндегі медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.

Ұсынылып отырған шаралар нысаналы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін мамандарды жұмыс орнында тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақтамауын азайтуға, маман тапшылығын төмендетуге, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және жұмыс істеп жүрген мамандардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", – деп жазылған жобаға берілген түсіндірмеде.

Еске сала кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 4 693 теңгеге дейін өседі. Соған сәйкес, жеке табыс салығын есептегенде қолданылатын базалық шегерімнің көлемі де ұлғаяды. Бұл өзгеріс жалақыдан ұсталатын салықты азайтып, қызметкерлердің қолына алатын ақшасын сәл көбейтеді.

"Блогерлер жоқ": Желідегі сөзге ашуланған қазақстандық әйел енді миллион теңгеден аса қаржы төлейді
Фото: Magnific.com

Петропавлда 50 мыңға жуық оқырманы бар блогер SMM-маманның қалада нағыз блогерлер жоқ деген сөзіне балағатпен жауап беріп, соңы сотпен аяқталды. Сот оны онлайн-платформа арқылы жасалған қорлау әрекеті үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға әлеуметтік желіде SMM-маманның Петропавлда нағыз блогерлер жоқ екені туралы жазбасынан басталған. Блогер жазба авторына дөрекі түрде өз пікірін өзімен қалдыруды ұсынған. Кейін өзінің әлеуметтік желідегі stories бөлімінде жәбірленушінің парақшасын белгілеп, олардың хат алмасуының скриншотын жариялаған. Оған қоса, қорлайтын сөз жазған. Кейін блогер парақшасына видео жариялап, онда жәбірленушіге қатысты ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін сөз қолданған.

"Парақшасын белгілеген қолданушылардың бірі сотталушының оны қорлап жатқанын жәбірленушіге жеткізген", – деп жазылған Петропавл қалалық сотының қаулысында.

Осыдан кейін жәбірленуші блогерден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткен. Алайда блогер сотқа дейінгі арыз-талап туралы хабарламаны stories-ке жариялап, арызданушының айтуынша, оған қатысты тағы да жағымсыз сөздер айтқан. Нәтижесінде әйел полицияға жүгініп, сотқа талап арыз берген.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сотта блог жүргізу кезінде эмоцияға беріліп, бейәдеп сөздерді жиі қолданатынын, күн сайын түрлі жағдайларды талқылап, оқырмандарымен пікір алмасатынын айтты.

"Оның айтуынша, аталған видео жәбірленушіге арналмаған. Онда блог жүргізу тәсілін әркімнің өзі таңдау құқығы және өзгелердің кеңесіне құлақ аспау туралы жалпы пікір айтылған. Бейәдеп сөздерді қолдануын блог жүргізуден табыс табатындықтан, қаралым мен аудиторияның белсенділігін арттыру мақсатымен түсіндірді. Жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау ниеті болмағанын мәлімдеді. Соттан өзін ақтауды және азаматтық талапты қанағаттандырмауды сұрады", – деп мәлімделген сот үкімінде.

Жәбірленуші блогерден моральдық зиян үшін 1 миллион теңге және сот шығындарын өндіріп алуды талап еткен. Сот бұл әрекетті қоғамға аса қауіпті емес қылмыстық құқық бұзушылық деп бағалады. Жаза тағайындау кезінде блогердің кәмелетке толмаған балалары барын және бұрын құқық бұзушылық жасамағанын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

"Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 346 мың теңге айыппұл тағайындады. Жәбірленушінің моральдық зиян мен сот шығындарын өндіру туралы азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды. Сотталушыдан 200 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілсін", – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Лариса Крюкова.

Сонымен қатар, блогер жәбірленушіге сот шығындары мен өкілдің қызметіне кеткен 635 мың теңгені төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, Шымкентте әлеуметтік желіде Аско лақап атымен танымал блогер Асхат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Сот оларды кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсалап, ақша талап еткені үшін кінәлі деп таныды.

"Бір қой, екі сиыр сатып алып, кәсіп бастадым": Оңтүстіктен солтүстікке көшкен отбасы қалай өмір сүріп жатқанын айтып берді
Фото: Солтүстікке көшіп барған Мадина Сырғабекованың жеке архивінен

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы аясында еліміздің теріскейіне көшіп жатқан отбасылардың арасында жаңа өмір бастап, кәсібін дөңгелетіп отырғандар бар. Алайда жылы өңірден қысы қатал аймаққа қоныс аудару кез келген адамға оңай емес. Түлкібас ауданындағы Балықты ауылынан Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барған Мадина Сырғабекова алғашында айналасындағы ақ қайыңдарды көріп, отынға кесіп жатқанына таңғалса, қалың қар мен боранға да үйрене алмай қиналған. Бүгінде ол бұл шешіміне өкінбейтінін айтады. Stan.kz тілшісі отбасының жаңа ортаға қалай бейімделгенін, қандай кәсіппен айналысатынын және мемлекеттік қолдаудың қаншалықты көмектескенін білді.

"Үш күннен кейін жұмысқа орналастым"

Мадина Сырғабекова Түркістан облысы Түлкібас ауданының Балықты ауылынан шыққан. Солтүстікке алғаш көшіп келген кезде отбасында бір ғана бала болған. Кейін бұл өңірде тағы екі ұлы дүниеге келген. Қазір отбасы бес адамнан тұрады. Қызы Астана қаласында студент болса, екі ұлы мектепте оқиды.

Солтүстікке көшу туралы ұсынысты алғаш болып жолдасы айтқан. Ол бұл өңірге мал саудасымен келіп-кетіп жүргендіктен, жергілікті жағдайды біршама білген екен. Бір күні үйіне келіп, көшетіндерін, тіпті баспана тауып, жұмыс мәселесін де алдын ала келісіп қойғанын айтқан. Алайда оңтүстікте өскен әйел үшін бұл жаңалық оңай қабылданбаған.
"Жолдасым бір күні келді де "Көшеміз, үй алып қойдым, жұмысқа да сөйлесіп қойдым" деді. Ал менің бірінші айтқан сөзім "Бармаймын!" болды. Айдалада не бар, ешкімді танымаймын, қалай өмір сүреміз деп ойладым. Бірақ кейін көшіп келдік. Қазір қарасам, өкінбеймін", – дейді Мадина Сырғабекова.
Бастапқыда бейтаныс өңірге баруға үзілді-кесілді қарсы болғанымен, кейін жолдасының шешіміне келісіп, отбасымен бірге солтүстікке қоныс аударған. Мадина солтүстікке келгеннен кейін көп күтпей жұмысқа орналасқан.
"Көшіп келгенімізге үш күн болғанда жұмысқа орналастым. Қалалық әкімдікте маман болып істедім. Кейін жастар орталығы ашылып, сол жаққа ауыстым. Жұмыс болды, ортаға да тез араластым. Көршілерімнің көбі орыс ұлтының өкілдері еді. Қазақтар да бар, бірақ көбісі орысша сөйлейтін. Басында "Мен шынымен орыстың жеріне келдім бе?" деп таңғалдым", – дейді ол.
Кейін 2016 жылы декреттік демалысқа шығып, екінші ұлын дүниеге әкелген. Балалары өсіп, тұрмысы біршама тұрақталған соң, жеке кәсіппен айналысуға бел буған. Мадина Сырғабекова мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, мал шаруашылығын қолға алған. Алғашында қой сатып алып, кейін қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.
"Кәсіп бастаймын деген адамға мүмкіндік бар. Даму бағдарламасы арқылы 6%-дық несие алып, мал шаруашылығымен айналыстым. Кейін грантқа өтініш беріп, екі сиыр алдым. Сүтін іштік, қаймағын алдық. Бәрі өз қолымызда болды. Ол кезде малдың бағасы да арзан еді. Қазір, әрине, баға өзгерді", – дейді Мадина.
Бұдан бөлек, оңтүстіктің ас мәзірін солтүстік тұрғындарына таныстыруды да қолға алған. Кейіпкеріміздің айтуынша, өзі көшіп келген кезде жергілікті асханаларда көбіне борщ, қарақұмық секілді күнделікті тағамдар ұсынылатын. Сондықтан оңтүстіктің дәмін сағынғандарға арнап асхана ашқан.

"Мен лағман, палау, самса, сорпа сияқты оңтүстіктің тағамдарын әзірлейтін асхана аштым. Жаз мезгілінде оңтүстіктен жеміс-жидек әкеліп саттым. Қолымнан келген жұмыстың бәрін істедім. Бір орында отырмай, өзімді дамытуға тырыстым", – дейді Мадина.

Фото: Солтүстікке көшіп барған Мадина Сырғабекованың жеке архивінен

Мадина Сырғабекованың айтуынша, "Серпін" бағдарламасы аясында көшіп келген азаматтарға берілетін мемлекеттік қолдау жылдар өте келе өзгеріп, көлемі де артқан. Алғашқы кезде қоныс аударушыларға көшуге, баспана жалдауға және үй сатып алуға қаржылай көмек көрсетілген. Кейін тұрғын үй салу және оны бірнеше жылдан соң жекеменшікке рәсімдеу тетігі енгізілген. Қазіргі қолдау көлемі де бұрынғыдан едәуір өскен.
"Алғашқы жылдары көшіп келетін отбасыларға көшу шығынына шамамен 104-120 мың теңге көлемінде ақша берілетін. Сонымен қатар бір жылға дейін ай сайын 84 мың теңгедей пәтерақы төленді. Ол кезде үй бағасы да арзан болатын. Әкімдік отбасының өзі таңдаған екі-үш миллион теңгелік баспанасын сатып алып беретін. Кейін көшіп келушілерге арнап жаңа үйлер салына бастады. Отбасылармен бес жылдық келісімшарт жасалып, құны шамамен жеті миллион теңге болатын баспана берілді. Бес жылдан кейін үйді жекешелендіріп, өз атына рәсімдеуге мүмкіндік болды”, – дейді Мадина Сырғабекова.
Ал қазіргі бағдарлама бойынша баспана алуға 7 миллион теңгеге дейін қаражат бөлінеді екен. Үйдің бағасы жеті-сегіз миллион теңге болса да, мемлекет белгілеген сома шегінде көмек көрсетіледі. Көшуге шамамен 200-210 мың теңге, ал жалдау ақысына 110 мың теңгедей төленеді.
“Мұндай төлемдер АЕК мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Бұған қоса, берілетін грант көлемі де кезең-кезеңімен өсті. Алғашында 362 мың теңге болса, кейін 540 мың теңгеге, одан соң 1,5 миллион теңгеге дейін жетті", – дейді Мадина.
"Қазақтар мен орыстар бір-бірінің мерекесін бірге атап өтеді"

Кейіпкерімізді солтүстікке алғаш келгенде ауа райы мен тұрмыс ерекшеліктері таңғалдырғанымен, жергілікті халықтың қарым-қатынасы ерекше әсер қалдырған. Оның сөзінше, мұнда әртүрлі этнос өкілдері бір-бірін жатсынбайды. Көршілер арасында сыйластық бар, ұлттық және діни мерекелер де бірге атап өтіледі.
"Мені ешкім "Сен оңтүстіктен келдің" деп бөлген жоқ. Керісінше, "О, наша своя, өзіміз ғой" деп жылы қабылдады. Жергілікті адамдар өте қонақжай. Бір-бірін жатсынбайды. Қазақтар аз болғанымен, қазақшылықты жақсы сақтаған. Бізде ұмытылып бара жатқан кейбір салт-дәстүрлер мұнда әлі күнге дейін өз жөн-жоралғысымен сақталып, орындалып келеді", – дейді ол.
Оның айтуынша, өңірде қазақтар мен өзге этнос өкілдері бір-бірінің діни және ұлттық мерекелеріне құрметпен қарайды.

"Мысалы, Пасха кезінде қазақтар орыс көршілеріне "Пасхаң құтты болсын" дейді. Олар да Рамазан айтында "Айт қабыл болсын" деп құттықтайды. Біз олардың жұмыртқасы мен куличін жесек, олар біздің бауырсақ пен шелпегімізден дәм татады. Ешкім ешкімді ұлтқа немесе дінге бөліп жатқан жоқ. Бәрі бір-бірімен араласып, тату тұрады", – дейді кейіпкер.

Фото: Солтүстік көшіп барған Мадина Сырғабекованың жеке архивінен

Наурыз мерекесі де кең көлемде аталып өтеді. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар той-томалақтағы дәстүрлердің де өзіндік ерекшелігі бар.

"Оңтүстікте тойда дастархан бірден жайылады ғой. Ал мұнда алдымен ет келеді, содан кейін шай дастарханы бөлек жайылады. Тағы бір қызығы – "дорба шоу" деген дәстүр бар. Тойға келген туған-туыс, жора-жолдастар қоржын әкеледі. Оның ішінде үлкенді-кішілі сыйлықтар болады. Осындай дәстүрлерді көріп, өзім де үйрендім", – дейді Мадина Сырғабекова.

"Көшіп келетіндер, әуелі, өңірді көріп алғаны дұрыс"

Кейіпкеріміздің айтуынша, солтүстікке қоныс аударған алғашқы жылдары бейімделу оңай болмаса да, мемлекеттік қолдау отбасының жаңа жерде орнығуына көмектескен. Мадина көшіп келушілерге көшу шығындарына берілетін төлем, баспана мәселесінде қолдау, жұмысқа орналасуға жәрдем және кәсіп бастауға арналған гранттар қарастырылғанын айтады.
"Мемлекеттен көмек бар. Көшіп келуге ақша беріледі, үй алуға да қолдау көрсетіледі. Жұмыспен қамтамасыз етуге көмектеседі. Кәсіп ашамын десең, грант алуға мүмкіндік бар. Мал шаруашылығы, егін, жылыжай, құс өсіру, ара шаруашылығы сияқты бағыттар бойынша қолдау қарастырылған. Мен де сол мүмкіндікті пайдаланып, грант алдым", – дейді ол.
Сонымен бірге оның пікірінше, көшіп келуді жоспарлаған адамдар ең алдымен өз мүмкіндігін бағалап, баратын жерін алдын ала көріп алғаны жөн.

"Менің айтарым, бірден көшіп келуге асықпау керек. Әуелі, қай ауданға, қай ауылға баратыныңды анықтап, сол жерді көріп алған дұрыс. Өйткені кейбір адамдар суыққа шыдай алмай немесе денсаулығына байланысты қайта көшіп кетіп жатады. Отбасың, балаларың бар, олардың жағдайын да ойлау керек. Жұмыс бар ма, мектеп қандай, тұрмысқа қолайлы ма – бәрін алдын ала біліп алған жөн", – дейді ол.

Сондай-ақ Мадина өңірде балалардың қабілетін дамытуға мүмкіндік көп екенін айтады. Музыка, домбыра, би, ән, қолөнер үйірмелері жұмыс істейді.

"Балаларға арналған өнер мектептері бар. Домбыра, ән, би, хореография, қолөнер – бәрі бар. Өнерге жақын балалар үшін жақсы мүмкіндік жасалған. Мұнда қолыңнан бір іс келсе, соны дамытуға қолдау көрсетеді. Әкімдік те түрлі шараларға қатыстырып, белсенді болуға мүмкіндік береді", – дейді ол.

Фото: Солтүстікке көшіп барған Мадина Сырғабекованың жеке архивінен

"Көшетін ойым жоқ, үйреніп қалдық"

Бүгінде кейіпкеріміз солтүстікке көшіп келгеніне өкінбейді. Керісінше, өзі де, балалары да жаңа өңірге бауыр басып кеткен. Алғашында айдалаға тап болғандай сезінген әйел қазір жергілікті табиғатты, адамдарды, тұрмыс салтын жақсы көретінін айтады.
"Шал ақын ауданының табиғатын сөзбен айтып жеткізу қиын. Оны көзбен көрген жақсы. Ормандары, ақ қайыңдары, шыршалары – бәрі керемет. Алғашында бұл жерге қалай үйренемін деп уайымдадым. Қазір өзіме де, балаларыма да ұнайды", – дейді Мадина Сырғабекова.
Кейіпкеріміз көшіп келгеннен кейін өзінің соңынан солтүстікке қоныс аударған отбасылар да болғанын айтады. Олар оған хабарласып, қайда бару керегін, қалай орналасуға болатынын сұраған. Ол да қолынан келгенше бағыт-бағдар беріп, көмектескен.

"Біз келгеннен кейін тағы біраз адам көшіп келді. Өздері хабарласып, қайда бару керек, қалай орналасуға болады деп сұрайтын. Білгенімді айтып, көмектестім. Мен танитындардың көбі қазір өз кәсібін жүргізіп отыр. Ең бастысы, адам өзі де әрекет етуі керек. Мемлекет мүмкіндік береді, ауданнан да қолдау бар. Бірақ соны пайдалану адамның өзіне байланысты", – дейді ол.

Мадина Сырғабекова әр адам кез келген ортаға ниет пен талпыныстың арқасында үйрене алатынын атап өтті.

Солтүстік Қазақстанға 8769 адам қоныс аударған

Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару бағдарламасы аясында кейінгі жылдары мыңдаған адам көшіп келгенімен, олардың бір бөлігі кейін кері қайтқан. Өңір әкімдігінің Stan.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, 2023-2026 жылдар аралығында облысқа 2536 отбасы, оның ішінде 8769 адам қоныс аударған. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерден келген.

Әкімдік мәліметінше, бағдарлама арқылы көшіп келгендердің 18%-ы, яғни 1790 адам кейін кері қайтқан.

"Еңбекке қабілетті 3133 адамның 1586-сы тұрақты жұмыспен қамтылды. Тағы 235 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысып отыр. Сонымен қатар 200-ден астам адам мемлекеттік грант алды. Қоныс аударушылар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және әкімшілік қызметтер салаларында жұмыс істейді", – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Әкімдік кейінгі үш жылда қоныс аударушыларды қолдауға бюджеттен 4 миллиард 146 миллион 63 мың 729 теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаражат көшу шығындарын өтеуге, пәтерақы төлеуге және еңбек ұтқырлығы сертификаттарын беруге бағытталған.

Ведомство өкілдерінің пікірінше, қоныс аударушылар өңірдегі еңбек тапшылығын азайтуға және демографиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып отыр. Атап айтқанда, кейбір ауылдардағы мектептердің жабылуына жол берілмеген. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы елді мекендерде кәсіп ашуға ниетті отбасыларға мемлекеттік гранттар берілген.

Бағдарламалар жайлы не білеміз?

Қазақстанда оңтүстік өңірлерден солтүстік аймақтарға қоныс аударушыларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында 2026 жылдан бастап жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек күші артық өңірлерден халқы аз солтүстік аймақтарға азаматтарды көшіру, оларды жұмыспен қамту және өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімді сақтау.

Жаңа тәртіп бойынша солтүстікке қоныс аударған азаматтарға баспана сатып алу үшін 1625 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 7 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі. Егер сатып алынатын үйдің құны осы сомадан асып кетсе, бөлінген қаражат ипотекалық несиенің бір бөлігін өтеуге жұмсалуы мүмкін.

Бұдан бөлек, бағдарлама қатысушыларына жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін шешу және жаңа ортаға бейімделу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қоныс аударған отбасыларға 25 мемлекеттік қызмет бойынша интеграциялық көмек қарастырылған. Бағдарламаға оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшкісі келетін Қазақстан азаматтары мен қандастар қатыса алады. Алайда отбасы мүшелерінің кемінде біреуі еңбекке қабілетті болып, дипломы немесе таңдаған өңірдегі бос жұмыс орнына сәйкес кәсіби дағдысы болуы керек. Қандастарға бұл ретте білім туралы диплом міндетті талап саналмайды. Өтінімдер migration.enbek.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Порталда қоныс аударуға арналған өңірлер, бос жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар, орташа жалақы және әлеуметтік инфрақұрылым туралы ақпарат жарияланған.

Қазақстанда кәсіп ашқысы келетін азаматтарға арналған "Бастау Бизнес" мемлекеттік жобасы аясында тегін кәсіпкерлік оқуынан өтіп, қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік бар. Бағдарлама бойынша қатысушылар skills.enbek.kz платформасында 14 күнге дейін онлайн білім алып, курсты сәтті аяқтаған жағдайда үш жылға жарамды сертификат иеленеді. Осы сертификат арқылы әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар жаңа бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін, яғни 2026 жылы 1 миллион 730 мың теңгеге дейін грантқа өтінім бере алады.

Грант атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасыларға, қандастарға, қоныс аударушыларға, мүгедектігі бар адамдарға және басқа да әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қарастырылған. Өтінім беруші тіркелген жұмыссыз немесе бір жылдан аз уақыт жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкер болуы керек. Бөлінген қаражатты кәсіп ашуға қажетті құрал-жабдық, мүкәммал, мал, құс, тұқым, көшет сатып алуға және үй-жайды жалға алуға жұмсауға болады. Ал ақшаны несие өтеуге, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұтыну мақсаттарына пайдалануға рұқсат жоқ.

Бағдарламаға қатысу үшін алдымен skills.enbek.kz платформасында тегін курстан өтіп, сертификат алу қажет. Одан кейін business.enbek.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбамен өтінім беріп, бизнес-жоспар ұсынады. Жобаны арнайы комиссия бағалап, мақұлданған жағдайда азаматқа грант беріледі. Айта кетейік, грантты бір рет қана алуға болады. Қаражат алған кәсіпкерлер үш ай ішінде ақшаның мақсатты жұмсалғанын растауға, екі жыл бойы тоқсан сайын есеп беруге және 18 ай ішінде кемінде бір тұрақты жұмыс орнын ашуға міндетті.

Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алып, оны полицияға берген
Фото: Видеодан скрин

Атырауда 5-6-сынып оқушылары көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша салынған әмиян тауып алып, оны полицияға тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданында 5-6-сынып оқушылары көшеден ішінде 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алды.

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден әмиян тауып алғанын айтқан.
"Достар, кеше ғана осындай керемет жағдай болды. 5-6-сыныптың оқушылары ішінде ақшаға толы әмиян тауып алады. Олар ол ақшаны бөліп алмай, тығып қоймай, бірден сол айналада жүрген полиция қызметкерлеріне тапсырады. Ақша кейіннен иесіне қайтарылды, иесі мәз, енді ондай қомақты сома жоғалып, тапсаң, өзің де риза боласың ғой. Бұл жерде 11-12 жасар балалардың адалдығы мен полицияға деген сенімі, олардың ата-анасының дұрыс тәрбиесі мен енді біздің болашағымыздың жарқын екенін дәлелдейді деп ойлаймын. Мен өзім барынша қатты қуандым", – деді полицей.
Балалар табылған қаражатты иесіне қайтару үшін бірден полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны оған табыстады.

Оқушылардың бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың адалдығы мен жауапкершілігіне сүйсінген тұрғындар жас ұрпақтың тәрбиесіне оң бағасын берді.

Еске салайық, бұған дейін Stan.kz тілшісі көшеден немесе қоғамдық орындардан ірі көлемде ақша тауып алған жағдайда азаматтар қандай әрекет жасауы керек екенін анықтап, заңгер Нұрсұлтан Орынбековтен түсініктеме алған еді. Материалда, әсіресе, Астанада тұрғын үй кешенінің маңына доллар толы бірнеше шабадан лақтырылды деген ақпараттан кейін туындаған сауалдарға жауап ізделді. Заңгер табылған ақшаны бірден өз қажетіне жаратуға бола ма, мұндай олжа туралы полицияға немесе әкімдікке хабарлау міндетті ме, алты ай ішінде иесі табылмаса, ақшаны өз меншігіне рәсімдеуге бола ма деген мәселелерді түсіндірді. Сондай-ақ материалда табылған қаражаттың заңды иесі анықталған жағдайда 30% сыйақы талап ету құқығы және ақша қылмыстық іске қатысы бар заттай дәлелдеме болып шықса, оның әрі қарайғы тағдыры қалай шешілетіні сөз болды.

Күйеуі әйелін есірткімен ұйықтатып, бейтаныс ер адамдарға ұсынып келген: Іске қатысты 4 адам сотталды
Фото: Wiltshire Police

Англияда ер адам әйеліне есірткі беріп, ес-түссіз күйде жатқанда оны интернет арқылы бейтаныс ер адамдарға жыныстық қатынасқа түсу үшін ұсынған. Бұл іске қатысы бар төрт ер адам зорлау және сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Англияның Винчестер қаласында алты ер адамға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық ісі бойынша сот үкімі шықты. Олардың бірі әйелін күшті дәрілермен ұйықтатып, интернет арқылы бейтаныс ер адамдарға жыныстық қатынасқа түсу үшін ұсынған. Қалған ер адамдар әйелдің ес-түссіз күйін пайдаланып, оған зорлық көрсеткен.

Англияның Винчестер қаласында алқабилер әйеліне есірткі беріп, кейін оны бейтаныс ер адамдарға жыныстық қатынасқа түсу үшін ұсынған ер адамның төрт сыбайласын зорлау және жыныстық қолсұғушылыққа қатысты басқа да қылмыстар бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін, жыл басында, 50 жастағы Филип Янг бұрынғы әйелі Джоаннаға қатысты зорлау және оны ұйықтататын препараттар қолдану бойынша бірнеше айыпты мойындаған. Жәбірленуші мұндай істерде жиі қолданылатын анонимділіктен бас тартып, сот отырыстарына өзі қатысты.

BBC тілшісінің хабарлауынша, Джоанна Янг сот залынан көз жасын сүртіп шығып бара жатып, полиция қызметкерлеріне күлімсіреген. Полиция қызметкерлерінің арасында да көзіне жас алғандар болған. Судья Пушпиндер Саини Джоанна Янгтың сот процесінде "таңғаларлық батылдық танытқанын" атап өтті.

19 қарашада Филип Янгтың интернетте жариялаған хабарландыруларына жауап берген ер адамдарға қатысты алқабилердің шешімі жарияланды. 48 жастағы Норман Максони, 62 жастағы Ричард Уилкинс, 32 жастағы Коннор Сандерсон-Дойл және 38 жастағы Мұхаммед Хасан бірқатар сексуалдық қылмыс бойынша кінәлі деп танылды.

Корольдік прокуратура қызметінің (CPS) прокуроры Джеймс Фостер бұл істің Ұлыбританияда күйеуі ұйымдастырған, есірткі қолдану арқылы жасалған топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты алқабилер қараған алғашқы іс екенін мәлімдеді.

Уилкинс пен Максони зорлаудың бір-бір дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Сандерсон-Дойл жыныстық сипаттағы күш қолдану және жыныстық жолмен ену деректері бойынша, ал Хасан жыныстық сипаттағы қол сұғу дерегі бойынша кінәлі деп танылды.

Іс бойынша алтыншы айыпталушы да бар. 47 жастағы Дин Хэмилтон сот процесі басталғанға дейін өзіне тағылған зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану айыптарын мойындаған.

Филип Янг Консервативтік партия атынан Суиндон аудандық кеңесінің мүшесі болған. Ол 2007-2010 жылдары Уилтшир графтығындағы аудандардың бірінің атынан өкілдік еткен.

Янг жабық интернет-форумдарда, сондай-ақ Craigslist, Grindr және Fab Swingers платформаларында әйелінің келісімінсіз онымен жыныстық қатынасқа түсуге қатысты ұсыныстар жариялаған. Ол 2024 жылы қамауға алынған. Сол жылы ерлі-зайыптылар ажырасқан.

Сот процесі басталған кезде Филип Янг өзіне тағылған 56 айыптың 48-ін мойындаған. Олардың қатарында вуайеризмнің 14 дерегі, зорлаудың 11 дерегі, әйелін есірткі беріп ұйықтатуға қатысты 11 дерек, жыныстық сипаттағы күш қолданудың жеті дерегі, сексуалдық зорлық-зомбылықтың төрт дерегі және әдепсіз материалдарды жариялаудың бір дерегі бар.

2010-2024 жылдар аралығында Янг әйелінің келісімінсіз түсірілген 500-ден астам интимдік фото мен бейнежазбаны жариялаған. Ол әйелін интимдік сәттерде жасырын түсіріп, мұны өзінің жыныстық ләззаты үшін жасаған.

Алты айыпталушыға қатысты үкім 21 және 22 желтоқсанда жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбританияда әйеліне ұзақ жылдар бойы есірткі беріп, оны басқа ер адамдармен бірге зорлаған ер адамға қатысты сот процесі басталды. Тергеу мәліметінше, қылмыс 2010-2023 жылдар аралығында болған. Күдікті әйелін есірткімен ұйықтатып, оның дәрменсіз күйін пайдаланған. Бұл іске оның бес сыбайласы да қатысы бар деп айыпталып отыр.

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде Германия мен Жапонияны озып, үздік 20 елдің қатарына қосылды
Фото: eGov.kz

Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингінде алғаш рет үздік 20 елдің қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 16-орынға көтеріліп, рейтингтің ең жоғары санатына енді. Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған. БҰҰ мәліметінше, Қазақстан соңғы екі жылда рейтингтегі позициясын сегіз сатыға жақсартқан. Бұл көрсеткіш көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі өсімдердің бірі ретінде бағаланды.

Қазақстан Орталық Азияда мұндай деңгейге жеткен алғашқы мемлекет атанды. Енді ел Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ сияқты мемлекеттермен бір рейтингтік топта тұр. БҰҰ есебінде Қазақстанның барлық негізгі бағыт бойынша көрсеткіштері жақсарғаны атап өтілген. Атап айтқанда, мобильді байланыс пен интернеттің қолжетімділігі көрсеткіші бойынша Қазақстан 41-орыннан 13-орынға көтерілген. Ал телекоммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша Эстониямен теңескен.

Цифрлық сауат көрсеткіші шамамен 1,5 есе өскен. Білім беру мен дағдылар деңгейі бойынша Қазақстан 42-орыннан 28-орынға көтерілді. Сондай-ақ цифрлық үкіметтің құқықтық базасы ең жоғары бағаға ие болған.
"Қазақстан жоғары деңгейге сүйене отырып, өз позициясын нығайтып келеді. Мұнда жекелеген сайттар емес, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл платформалары, цифрлық сәйкестендіру, мобильді сервистер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары біріктірілген тұтас жүйе маңызды рөл атқарады", – делінген БҰҰ сарапшыларының бағалауында.
Баяндамада Орталық Азия 2026 жылдың басты жетістіктерінің бірі ретінде көрсетілген. eGov.kz және eGov Mobile экожүйесі интеграцияланған цифрлық мемлекеттің үлгісі ретінде аталып, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы білім, зерттеу, стартаптар мен қолданбалы жасанды интеллектті дамыту алаңы ретінде бағаланған.

2026 жылы рейтингтің ең жоғары санатына алғаш рет Қазақстан, Ирландия және Польша кірді.

Соңғы екі жылда Қазақстан Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып, рейтингтегі орнын жақсартқан.

ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан көш бастап тұр. Өзбекстан – 32-орында, Әзірбайжан – 38-орында, ал Ресей 50-орынға жайғасқан.

Қазақстанның көрсеткіші қалай өсті?

Еске салайық, мемлекет басшысы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойған болатын. Осыған байланысты 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Қазір Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді. eGov.kz порталында 16,4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. 2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 51 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қызметтердің шамамен үштен екісі смартфон арқылы көрсетілген.

Сонымен қатар мемлекет цифрлық дағдыларды дамытуға, өңірлердегі интернет пен мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыруға басымдық берген. БҰҰ есебінде де дәл осы бағыттар бойынша айтарлықтай өсім тіркелген.

Цифрлық экономиканың құқықтық негізі де қалыптастырылған. Цифрлық құқықтарды бекітетін Цифрлық кодекс қабылданып, "Жасанды интеллект туралы" заң күшіне енді. Бұдан бөлек, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, Қазақстанның суперкомпьютері TOP500 рейтингі бойынша әлемдегі үздік 100 жүйенің қатарына кірді.
"Рейтинг біз үшін ешқашан түпкі мақсат болған емес. Ол жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналу жөнінде нақты бағдар белгіледі. Нәтижеге жекелеген жобалар емес, жүйелі жұмыс арқылы қол жеткізілді. БҰҰ сайттарды емес, мемлекеттің тұтас қалай жұмыс істейтінін бағалайды. Жасанды интеллектке басымдық беру дұрыс шешім болды. Ол бюрократиялық жұмыстарды өз мойнына алып, адамдарға стратегиялық және шығармашылық міндеттерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. БҰҰ баяндамасында Қазақстанның арқасында Орталық Азия алғаш рет көшбасшылар тобына енгені атап өтілді. Ендігі міндетіміз – азамат өзі сұрамай тұрып, қажетті қызметті ұсынатын мемлекет қалыптастыру", – деді жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Бұл қандай рейтинг?

UN E-Government Survey – БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті екі жылда бір рет жариялайтын зерттеу. Онда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің электронды үкіметті дамыту деңгейі бағаланады.

Рейтинг онлайн мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, телекоммуникациялық инфрақұрылымды және адами капиталды қамтиды. Елдер төрт топқа және 16 рейтингтік санатқа бөлінеді. Ең жоғары VH санатына электронды үкіметі барынша дамыған мемлекеттер кіреді.

Айта кетейік, 2026 жылдың тамызында Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 29-орыннан 24-орынға көтеріліп, әлемнің үздік 25 елінің қатарына енгені хабарланған болатын. Қазір ел дәстүрлі цифрлық мемлекеттік қызметтерден жасанды интеллект пен проактивті сервистерді пайдалануға көшіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Халыққа қызмет көрсету орталығы тағы бір қызмет бойынша өтінішті онлайн қабылдайтыны хабарланған еді. Енді жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін өтінішті тек eGov.kz порталы арқылы беруге болады. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес күшіне енді. Өтініш қаралғаннан кейін оның нәтижесін пайдаланушының жеке кабинетінен көруге болады. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы толық ақпарат eGov.kz порталындағы қызмет паспортында жарияланған.

Қызылорда облысында жасөспірім өгей әкесінің ағасын ұйықтататын дәрі беріп, зорлап келді деп айыптады
Фото: Видеодан скрин

Қармақшыда жасөспірім қыз өгей әкесінің ағасын “бірнеше рет төсек қатынасына тартып келді” деп айыптап отыр. Қазір полиция осы істі тергеп жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, 58 жастағы ер адам ұйықтататын дәрі беру арқылы арам ойын іске асырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеткіншектің сөзінше, ер адам азғындық әрекетін ең алғаш рет өзінің көлігінде жүзеге асырған. Кейін бұл әрекет Қармақшы ауданындағы үйінде тағы екі рет қайталанған. Қыздың айтуынша, ер адам оған белгісіз дәрі беріп, оның ұйықтағанын күткен. Содан кейін арам ойын іске асырған.
“Қышқыл бір дәрілер болады. Түбінде тұрды, дұрыс араластырмаған. Басым қысып ауырды. Содан төсегіме жаттым да, ұйықтап қалдым. Қасымда жатыр екен. Үстінде майка мен іш киім ғана болды. Азанда тұрғанда астымнан қан ағып, жыныс мүшем қатты ауырды. Ол туралы да ешкімге айтпадым”, – дейді жәбірленуші.
Бұл жағдайды ести сала қыздың жақындары полицияға жүгінген. Алайда істің жалғасып, тергелуіне қыздың анасы қарсы болған.
"Барлығын өтірік деп айтшы" деп мені екі-үш рет көндіруге тырысты. "Менің қызымсың ғой. Бәрібір саған ешкім сенбейді. Осы жерден қоя салайық", – деген сөздерді айтты, – дейді қыз.
Қазір 9-сынып оқушысы екі айдан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал немересінің жағдайына алаңдаған нағашы атасы қылмыстық істің әділ жүргізілуін талап етіп отыр.
"Шешесі кінәлі, біріншіден. Менің білетінім – сол. Еркектің аты еркек, бетімен жүрген. Барып қонды үйіне. Не болды сонымен? Талабымыз – әділ жазасын берсін. Халықтың алдында қолымен істегенін мойнымен көтерсін", – дейді қыздың жақыны Төйлепберген Нұрмағанбетов.
Полиция бұл жағдайға қатысты "Зорлау" бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Әлтайдың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арызданушы болған жағдайдың 2024 жылы болғанын айтқан. Қазір істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп, сараптамалар тағайындалған.

Қазір қызға орталық мамандары көмек көрсетіп жатыр. Алайда жәбірленушінің атасы қыздың мекемеде емес, өз қолында өскенін қалайтынын жеткізді.

Бұған дейін Балқашта 13 және 15 жастағы апалы-сіңлілерді жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталғаны туралы жазған едік. Қыздардың туысы олардың бірнеше ай бойы соққыға жығылып, қорлық көргенін және жезөкшелікке мәжбүрленгенін мәлімдеді. Туысының айтуынша, қыздарды ұрып-соғып, денелерін темекімен күйдірген. Сондай-ақ видеода жасөспірімдерге есірткілік әсері бар препараттар араластырылған ішімдік ішкізіп, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегені айтылған.

Жалған кәсіпке ақша салуды ұсынған қазақстандық келіншек 715 миллион теңгені иемденген
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысының полициясы жалған кәсіпке инвестиция салуды ұсынып, азаматтардың ақшасын иемденген әйелден зардап шеккендерді іздестіріп жатыр. Күдікті ойдан шығарылған бизнеске қаржы құйған азаматтарға мол табыс табуға уәде берген. Алайда салымшылар ақшасынан айырылған. Әйелдің заңсыз иемденген қаражатының жалпы сомасы 715 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтықтың құрбаны болғандардың бірі — Шымкент қаласының 71 жастағы тұрғыны. Күдікті одан 8 миллион теңгеден астам ақша алып, салған қаражатын екі есеге жуық көбейтіп беруге уәде еткен.

Осыған ұқсас тәсілмен әйел Жуалы ауданының тағы екі тұрғынын алдаған. Тергеу мәліметінше, күдікті ақшаны үшінші тұлғалардың банк қосымшалары арқылы аударып отырған.

Қазір полиция әйелдің әрекетінен зардап шеккен басқа азаматтарды анықтап жатыр.
"Алаяқтық жолмен алынған қаражаттың жалпы сомасы 715 миллион теңгеден асты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау және басқа да ықтимал жәбірленушілерді іздестіру бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктіге бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.